Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Жалпы талаптар
16.1. Жарылғьіш материалдар (бұдан әрі - ЖМ) тиелген вагондар- ЖМ бар вагондарға арналған тасымалдау құжаттарында «Жүктің ата-уы» бағанында сол жүктің атауы немесе оның шартты нөмірі көрсетіледі. ЖМ бар вагондарға арналған тасымалдау құжаттарына мөрқалыптар соғылады, соның ішінде: а) 119, 126,137, 141,179,182 шартты нөмірлері бар ЖМ-ны тасымалдау б) қалған ЖМ-ларды тасымалдау кезінде - қызыл түсті «ЖМ», Сонымен қатар, қосымша мөрқалыптар қойылуы мүмкін: «Секция. Тарқатылмасын»; «Улы»; «Маманның ілесіп жүруімен»; «Пештік жылытумен»; «Т.ж. күзету» және т.б. «ЖМ» мөрқалыбы қолмен жазылған тасымалданатын жүктің шартты нөмірімен, ал «Қалқалау» мөрқалыбы: «3.6.6-т. бойынша А-сұлбасы» неме-се «3.6.6-т. бойынша Б-сұлбасы» деген белгімен толықтырылуы тиіс, соның негізінде қалқалау нормасы (осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасының соған сәйкес 2 және 3-бағандары) белгіленеді. 16.2. ГУ-38 нысанындағы вагон парағында «Қалқалау коды» бағанында Бұл ретте қалқалану коды 9 болып келетін ЖМ тиелген вагондарға арнап «Габаритсіздігі, үй құстары, ДБ, НГ» бағанында 7 коды (дөңестен тарқатуға жатпайтын вагондар) көрсетіледі. 16.3. Барлық сұрыптау және телімдік станцияларында, жүктерді ретінде ҚМ тиелген вагондармен жұмыс жүргізудің тәртібі туралы жер-гілікті нұсқаулық әзірленуі тиіс, аталмыш нұсқаулықты темір жол көлігі кәсіпорнының басшылығы бекітеді. ЖМ тиелген вагондармен жұмыс жүргізу тәртібі туралы жергілікті нұсқаулық Темір жолдар бойынша қауіпті жүктерді тасымалдау ережеле-рінде баяндалған талаптарға сәйкес келуі тиіс. ЖМ тиелген вагондары бар поездар мен ЖМ тиелген жекелеген ва-гондар туралы мәліметтерді аталмыш поездар мен вагондарды күтімге алу жұмыстарына қатыспайтын тұлғаларға беруге тыйым салынады. Темір жол станцияларының парктік байланысын ЖМ тиелген вагон-дармен жүргізілетін жұмыстар туралы хабарландырулар жасауға арнап қолдануға өзге байланыс құралдары болмаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. 16.4. ЖМ тиелген вагондар сұрыптау парктерінің жолдарында жинақталуда тұрған вагондарды есепке алмағанда, станцияларда поездар-дан тыс станцияның техникалық-жарлық актісінде белгіленген өздерінің тұрақтап тұруы аса қауіпсіз болып келетін ерекше жолдарда орналасуы тиіс. Аталмыш вагондар өзара тіркестіріліп, ығысудан сенімді түрде бекі-тілуі және тасымалданатын тоқтау сигналдарымен қоршалуы тиіс. Осы вагондар тұрақтап тұрған жолдарға апаратын стрелкалар сол жолдарға шығып кетудің мүмкіндігін болдырмайтындай жағдайға қойылып, жабы-лады. Аталмыш стрелкаларды бекіту мен олардың кілттерін сақтау тәртібі станцияның техникалық-жарлық актісінде белгіленеді. Күзетшілері бар немесе жүк жөнелтушінің (жүк алушының) маманда-ры бар вагондар өздері ілесіп келе жатқан ЖМ тиелген вагондар тұрған жол-да немесе іргелес жолда олардан ары кеткенде 50 м арақашықта қойылады. ЖМ тиелген вагондардың станциялық жолдарда бекітілуі станцияның техникалық-жарлық актісінде белгіленген тәртіппен орындалады. 16.5. Поездардағы ЖМ тиелген вагондар маневрлер кезінде, сондай-ақ кәсіпорындар мен ұжымдардың кірме жолдарына берілген (алынған) кезде осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасында ескерілген нормаларға сәйкес қалқалауға ие болуы тиіс. ЖМ тиелген вагондары бар поездарда қалқа ретінде бос вагондар не-месе қауіпті емес жүктер тиелген вагондар қойылуы тиіс. Бос вагондар жүк пен қоқыс қалдықтарынан тазартылып, олардың есік-тері мен люктері жабылуы тиіс. Бос цистерналар жүктің қалдықтарынан тазартылып, люктердің қақпақтары жабылуы тиіс. Қалқа ретінде арнайы цистерналарды, сонжай-ақ қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған ар-найы цистерналарды пайдалануға жол берілмейді. Бос және жүк тиел-ген платформалар (соның ішінде осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасының 10-тармағында көрсетілгендері), сондай-ақ тасымалдағыштар ЖМ тиелген вагонға тікелей тіркелетін алғашқы вагонды санамағанда қалқа ретінде қойылады. 16.6. Вагондарды ЖМ-ын тіркеуге арнап берудің алдында станция ке-зекшісі (маневрлік диспетчер) немесе маневрлерді басқаратын станцияның өзге қызметкері станцияның техникалық-жарлық актісінде белгіленген тәртіппен ВУ-14 нысанындагы журнал бойынша вагондардың Темір жол-дар арқылы қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерінің талаптарына сәйкес тексеруден өткізілгеніне және техникалық тұрғыдан ЖМ-ны тасымалдауға жарамды деп танылғанына көз жеткізуі тиіс. 16.7. Жүгі түсірілетін вагондарды қабылдайтын немесе ЖМ тиелген вагондарды жөнелтетін кірме жолдарды күтімге алу жөніндегі жергілік-ті нұсқаулықтарда аталмыш вагондарды беру мен алудың маршруттары, маневрлік құрамдардың олармен бірге қозғалуының жылдамдықтары, өтпелер арқылы өтуі мен маршруттарды күзету тәртібі, сонымен қатар жер-гілікті жағдайларға байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қажетті өзге шаралар белгіленуі тиіс. ЖМ тиелген вагондарды арсеналдардың, базалар мен қоймалардың кірме жолдарына беру, әкету ісі, әдетте, тепловоздармен немесе сұйық от-ынмен жүретін паровоздармен орындалады. Date: 2015-09-02; view: 497; Нарушение авторских прав |