Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Аралықта тоқтап тұрып қалған поезға соңынан келе жатқан поездың локомотивымен көмек көрсету





7.18. Автоблоктаумен, поездық радиобайланыспен жабдықталған те-лімдерде аралыққа тоқтап тұрып қалған поезға көмек көрсету үшін көрінім жақсы болған жағдайда төмендегілерді пайдалануға болады.

аралық арқылы тоқтап тұрып қалған поездың соңынан келе жатқан жеке локомотивты;

аралық бойынша тоқтап тұрып қалған поездың соңынан келе жатқан жүк поезының құрамынан ағытылған локомотивты;

соңынан келе жатқан жүк поезын өзінен жетекші локомотивты ағытусыз пайдалануға.

Көмек көрсетудің бір немесе өзге әдісі поезд диспетчерінің оның жағдайды жан-жақты бағалауынан кейін екі локомотивтің машинисіне бе-рілетін тіркелетін бұйрығы бойынша жүзеге асырылады.

Көмек көрсету үшін локомотивты адамдары бар поездан және 1 (ЖМ)-класты қауіпті жүктер тиелген вагоны бар поездан ажыратуға тыйым салы-нады. Аталмыш поездарды сонымен қатар локомотивты құрамнан ағытпай көмек көрсетуге болмайды.

7.19. Егер де көмекті аралық бойынша тоқтап тұрып қалған поездың соңынан келе жатқан жеке локомотив көрсетсе, бұйрық төмендегі нысан бойынша беріледі:

«№... поезы локомотивінің машинисіне. Алдыңызда тоқтап тұрған №... поезына көмек көрсетіңіз.

Поезд диспетчері (ДНЦ)..................».

Көмекті соңында келе жатқан поездың құрамынан ағытылатын локо-мотив көрсетсе, бұйрық төмендегі нысандағы бұйрық бойынша беріледі:

«№... поездың машинисіне. Поездың құрамын бекітіңіз, одан ағытылыңыз және алдыңызда тоқтап тұрып қалған №... поезына көмек көрсетіңіз. Поезд диспетчері (ДНЦ)................».

Аталмыш бұйрықты бермес бұрын поезд диспетчері өзінен локомотив-ты ағыту қажет болған поезд құрамының қолайлы нысанда орналасқанына, оны осы Нұсқаулықтың 72-тармағында ескерілген тәртіппен бекітуге болаты-мыпа көз жеткізуге міндетті. Локомотивтің машинисіне вагондарды ығысуға қарсы бекітіп алмай локомотивты құрамнан ағытуға рұқсат етілмейді.

7.20. Көмек көрсету үшін пайдаланылатын локомотивтердің маши-нистеріне поезд диспетчерінің бұйрығын алғаннан кейін блок-телімді ба-сып өтіп, алдыда тұрған поездың жанына тоқтауын қамтамасыз ететіндей жылдамдықпен машинист осы поездың құрамына жетпей тоқтауы, өзі соңғы вагонның автотіркесін қарап шығуы, локомотивтың автотіркесін «буферде» жағдайында бекітуі және тек содан кейін ғана абайлап құрамға жақындауы тиіс. Итеру алғашқы поездың машинисі беретін сигналы (нұсқауы) бойынша басталады, ал ары қарай екі локомотивтың машини-сі де бір-бірімен радио арқылы байланысын сақтап, өздерінің әрекеттерін келісуге міндетті. Көмек көрсету қажеттігі өткеннен кейін екінші локомо-тив жетекші локомотивтен берілетін сигнал (нұсқауы) бойынша итермеле-уді тоқтатады. Егер де көмекті тоқтап тұрып қалған поездың артынан келе жатқан жеке локомотив көрсетсе, итермелеуді тоқтатқаннан кейін, ол авто-блоктау сигналдарын өз бетінше басшылыққа ала отырып өзінің қозғалысын жалғастырады.

Көмекті соңында келе жатқан поездан ағытылып алынған локомотив көрсеткең жағдайда, аталмыш локомотив итермелеуді тоқтатқанан кейін қалдырылған құрамға қайтады, егер де бұл локомотив көмек көрсету ба-рысында поезбен бірге келіп жетсе, оны аралықта қалдырылған құрамға қайтару ісі станция кезекшісінің нұсқауы бойынша аралықты басып тұруға қосымша рұқсатсыз орындалады. Қалдырылған құрамға жетпей тұрып, машинист локомотивты тоқтатып, жеке өзі автотіркестің тіркеуге дайын болғандығына көз жеткізеді. Өзін құрамға тіркеу үшін локомотивтың ары қарайғы қозғалысы ерекше абайлықпен орындалады.


Локомотивты тіркеп, тежегіш ауа магистралін белгілі қысымға дейін за-рядтау үшін автотежегешітер қысқа түрдегі сынақтан өткізіледі, ал соңынан локомотивтік бригада қызметкерлері немесе бас кондуктор вагондардың доңғалақтарының астындағы тежегіш табандықтарды шешіп алып, қол те-жегіштерін тежелген жағдайдан шығарады.

7.21. Аралықта тоқтап тұрып қалған поезға артында келе жатқан поездың өзінен жетекші локомотивты ағытусыз көмек көрсетуі айрықша жағдайларда тек «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы белгілеген телімдерде, және көмек көрсету үшін пайдаланылатын поездың салмағы мен ұзындығы белгі-ленген нормалардан аспаған жағдайда ғана орындалады. Көмек көрсетудің аталмыш әдісін қолдануға рұқсат етілетін телімдер мен аралықтарды бел-гілеумен бір уақытта «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы аталмыш әректті орындау кезіндегі қызметкерлердің (поезд диспетчерінің, поездық локомотивтердің машинистерінің, станция кезекшілері мен т.б.) әрекеттерінің тәртібін белгі-лейді.

7.22. Аралықтағы жүк поезының ағытылып кеткен құрамының бөліктерінжалғауүшінкөмеккөрсетуісіосыНұсқаулықтың7.10-тармағында ескерілген жағдайларда, тек айырылысу болған құрам машинисінінің өтінуі бойынша орындалады. Көмекті ағытылып кеткен поездың артынан келе жатқан жеке локомотив немесе соның артынан келе жатқан жүк поезы, одан жетекші локомотивты ағытусыз көрсетуі мүмкін.

Диспетчердің көмек көрсету жөніндегі бұйрығы бұл жағдайларда төмендегі нысан бойынша беріледі:

 

«№... поезы локомотивының машинисіне. Алдыңызда тоқтап тұрған №... поезынан ағытылып кеткен соңғы вагондармен қосылыңыз және осы вагондарды құрамның басты бөлігімен жалғауға көмек көрсетіңіз. Поезд диспетчері (ДНЦ).............».

Көмекті жекелеген локомотив немесе локомотив соңында келе жатқан поездың құрамымен бірге көрсетуіне байланыссыз, көмек көрсететін ло-комотив поездың ағтылып кеткен бөлігінің соңғы вагонымен тіркесуі тиіс. Ары қарайғы әрекеттер алғашқы поезд локомотивы машинисінің нұсқауы бойынша, оның осы Нұсқаулықтың 7.9-тармағында ескерілген талаптарды орындауынан кейін орындалады, бұл ретте ағытылып кеткен вагондардың арақашықтығына, құрамның басқы және ағытылып кеткен бөліктеріндегі вагондардың санына, жолдың пішініне және т.б. байланысты қосылу (жалғау) не алғашқы поезДың басқы бөлігін шегіндіру жолымен, не ағытылып кеткен вагондарды өздерін алғашқы поездың басқы бөлігімен жалғағанша итерме-леу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. Ағытылған бөліктерін жалғағаннан кейін екінші поезд машинисінің көмекшісі локомотивты соңғы вагоннан ағытады және екі поезд өз бетінше автоблоктау сигналдарын басшылыққа ала отырып өзінің қозғалуын жалғастырады.


7.23. Автоблоктаумен жабдықталған аралыққа жекелеген локо-мотив немесе алынбалы емес типтегі дрезина тоқтап қалған жағдайда, олар өз бетінше ары қарай қозғала алмайтын кезде оларды аралықтан жақын жердегі станцияға дейін әкету ісін артынан келе жатқан поездың көмегімен локомотивты осы поездың құрамынан ағытусыз орындалуы мүмкін. Бұл сонымен қатар поезд диспетчерінің екі локомотивтың ма-шинистері мен алдыда орналасқан станция кезекшісіне беретін бұйрығы бойынша жүзеге асырылады. Бұл жағдайда тоқтап тұрып қалған локомо-тив (дрезина) мен соңынан келе жатқан локомотивпен қосылады. Жақын жердегі станцияға дейін ары қарай қозғалу жылдамдығы сағатына 25 км-ден аспауы тиіс.

Аталмыш тәртіпті телімдерде қолдану мүмкіндігін жолдың жоспары мен пішініне байланысты «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы белгілейді.

7.24. Егер де автоблоктаумен жабдықталған аралық бойынша келе жатқан жүк поезы, биік жерде тоқтап қалып, ары қарайғы қозғалу мүмкіндігін тудыру үшін оны одан да жеңілірек пішінге шегіндіру қажет Гюлса, бұл тек поезд диспетчерінің жолдың поездың соңынан станцияға дейінгі телімі поездардан бос болған кезде локомотив машинисі мен ар-і ыпда жатқан станцияның кезекшісіне тіркелетін бұйрығы бойынша жүзеге •ісырылуы мүмкін:


«№... поезының машинисіне құрамды жеңілірек пішінге шегінді-руге рұқсат етемін, жолдың.............станциясының кіру сигналына дей-

інгі («Станция шекарасы» сигнаддық бедгісіне дейінгі) тедімі поездар-дан бос... арадығы қозғадыс үшін жабық. ДНЦ....................».

 

7.25. Моторвагондық поезд аралықта мәжбүрлі түрде тоқтап, оның ары қарайғы өз бетінше қозғалуы мүмкін болмаса, аралықтан алғашқы серіктес станцияға дейін қосарланған құраммен шығару үшін оған соңынан келе жатқан моторвагондық поезды тіркеуге рұқсат етіледі. Екі поездың автоте-жегіштері ортақ магистральге қосылуы тиіс.

Құрамдарды қосу ісі поезд диспетчерінің екі поездың машинистері-не (осы мақсатта қолда бар барлық байланыс құралдарын қолданумен) төмендегі нысандағы тіркелетін бұйрығы бойынша орындалады.

«№... мен №... поездарының машинистері поездарды біріқтіріп қосарланған құраммен... станциясына дейін жүріңіздер. ДНЦ...».

Алғашқы поездың басқы кабинасынан біріктірілген поезды басқару мүмкін болмағанда поез бен тежегіштерді басқару ісі екінші поездың басқы кабинасынан орындалады, бұл жағдайда қозғалыс жылдамдығы сағатына 25 км-ден аспауы тиіс. Алғашқы поездың басқы кабинасында машинист болуы тиіс, ол қозғалуды бақылап, қажет болған жағдайда шұғыл тексеру арқылы тоқтауға бағытталған шараларды қолдануға міндетті.

Қосылуы мен қосарланған құраммен жүрген жағдайдағы екі поездың локомотивтік бригадаларының әрекет ету тәртібін жергілікті жағдайларға сәйкес темір жол көлігі мекемесінің басшылығы белгілейді.

7.26. Аралықта жолаушы поезы мәжбүрлі түрде тоқтаған кезде, оның өз бетінше ары қарай қозғалуы мүмкін болмаған жағдайда, бұл поезға көмекті поездың басынан да соңынан да қосалқы локомотив соған сәйкес жолаушы поезын алдында немесе соңында орналасқан станцияға шығарумен көрсетуі мүмкін. Қосалқы локомотивтың машинисі алдағы уақыттағы қозғалу бағыты жөнінде жолаушы поезының машинисін ескертуге міндетті, соңғысы бұл жөнінде өз тарапынан жолаушы поезының бастығы (механик-бригадир) мен жолсеріктерді ескертеді.








Date: 2015-09-02; view: 635; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.01 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию