Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Телефонограммалардың нысандары
5.27. Поездарды қос жолды аралықтарда қабылдау және жөнелту кезінде телефонограммаларды беру ісі 3 және 4-нысандар бойынша жүзеге асырылады, сонымен қатар қабылдау станциясынан алынған 4-нысандагы хабарланды-ру сол бағыттағы келесі поезды жөнелту құқығын берелі. Поездар итермелеу-ші локомотивтермен қозғалған кезде 3 және 4-нысандарына осы жағдайлар үшін осы Нұсқаулықтың 5.20-тармағында ескерілген мәтін қоса жазылады. 5.28. Поезд станциядан тоқтаусыз өткен жағдайда оның келіп жетуі мен жөнелтілуі жөніндегі хабарландырулар іргелес станцияларға 11-нысан бой-ынша беріледі. 5.29. Қос жолды аралықтарда жол қосындары болған жағдайда жөнелту станциясының кезекшісі қосын ДСП-сын поездың жөнелтілуі жөнінде 3-ны-сан бойынша хабардар етеді. Қосын кезекшісі (ДСП) келесі қосынаралық поездан бос тұрған жағдайда кіру сигналын ашып, машиниске жол жазбаны жүріс кезінде тап-сырып, поезды тоқтатусыз өткізеді. Поезд өткеннен кейін қосын кезекшісі кіру сигналын жауып, екі іргелес станциялардың кезекшілерін 11-нысан бойынша поездың өткені жөнінде хабардар етеді. Егер алдыда орналасқан қосынаралық аралық бос болмаса, келіп жеткен поезд аралық босағанша жабық тұрған кіру сигналының жанында кідіреді. Артында қалған станцияға осы поездың қосыннан жөнелтілгені жөніндегі телефонограмма тек қана осы қосыннан жөнелткеннен кейін беріледі. Келу станциясының кезекшісі поездың келгені жөнінде қосын кезекші- сін 4-нысан бойынша хабардар етеді. Жол қосынындағы кіру сигналы ақаулы болған жағдайда қосын кезекшісі (ДСП) алдында жатқан аралық бос болса, поезды тікелей кіру сигналынын. жанынан қарсы алып, машиниске ары қарай жүру құқығын беретін жол жазбаны ұсынады. Жол жазбаның жоғарғы жағында «Қосындағы бағдаршам ақаулы» деген белгі жасалады. 5.30. Жөнелту станциясының кезекшісі іргелес станцияны (жол қосынын) кері қайтуымен поездың дұрыс жол арқылы жөнелтілуі жөнінде «кері қайтуымен... км-ге дейін» сөздерін қосып жазумен 3-нысандағы телефонограмма бойынша хабардар етеді, ал поездың кері қайтуы жөнінде іргелес станция (жол қосыны) 7-нысан бойынша хабардар етіледі. Жөнелтілетін поездың машинисіне мәтініне «кері қайтуымен... км-ге дейін» сөздерін қосып жазумен жол жазба беріледі. Жөнелту станциясына қайта қайтатын поездар аралықта жол қосындары болған жағдайда осы қосындардан тоқтаусыз өтеді. Қосын ке-зекшісі СДСП) алдыда жатқан қосын немесе станцияны қайтып келе жатқан поездың өткені жөнінде сондай-ақ 7-нысан бойынша хабардар етеді, 5.31. Қосында станцияаралық аралықтың бөлу пункті болып табылатын жанасу болған жағдайда поездар дұрыс жолмен станциядан жанасуға және жанасудан станцияға әдеттегі тәртіп бойынша жөнелтіледі. Станция немесе қосын кезекшісі поездың жөнелтілгені жөнінде 3-нысандағы, келіп жеткені жөнінде 4-нысандағы телефонограмманы береді. Егер жанасуды қосалқы қосын кутімге алса, онда ол тек жанасуға қарай немесе жанасудан жүретін поездардың қозғалысы жөніндегі келіссөздерге ғана қатысады. Поездың жанасуға жөнелтілгені жөнінде іргелес станция мен қосын «... км-дегі қосынға» деген сөздерін қосып жазумен 3-нысан бойынша хабардар етеді. Поезды қосалқы қосын күтімге алатын жанасудан іргелес станциялардың біріне жөнелту ісі осы Нұсқаулықтың 5.24-тармағында еске-рілген тәртіп бойынша орындалады. 5.32. Поезды реттеу тәртібімен теріс жолмен жөнелту кезінде (поезд диспетчерінің бұйрығын алғаннан кейін) станциялар арасында телефонмен алмасу ісі төмендегі нысандар бойынша орындалады:
Нысан. Date: 2015-09-02; view: 576; Нарушение авторских прав |