Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Станция кезекшісі (ДСП). (станцияның атауы мен қолы)»
Радиобайланыс немесе телефондық байланыс болмаған жағдайда по-езд диспетчерінің аралықты жабу жөніндегі бұйрығынан кейін поезды ше- гіндіру ісі тоқтап тұрып қалған поездың машинисіне қиғаш қызыл жолағы бар ақ түсті бланкідегі рұқсат-қағазын тапсырғаннан кейін орындалады. Автоблоктаумен жабдықталған аралықтарда поезды шегіндіру жөніндегі бұйрық немесе қиғаш қызыл жолағы бар ақ түсті бланкідегі рұқсат-қағазды тоқтап тұрып қалған поездың машинисіне тоқтап тұрып қалған поезд бен станцияның кіру сигналының (немесе «Станция шекара-сы» белгісінің) арасындағы жол телімі өзге поездардан бос болған жағдайда ғана берілуі мүмкін. Егер де автоблоктаумен жабдықталған аралықта жөнелтілген поезд алғашқы блок-телімді босатпай жатып тоқтап қалса, кіру сигналына дей-ін немесе «Станция шекарасы» сигналдық белгісіне дейін поезды шегіндіру станция кезекшісінің төмендегі рұқсат-қағазы бойынша аралықты жабусыз орындалуы мүмкін. Поезының машинисіне поезды кіру сигналына дейін («Стан«ция шекарасы» сигналдық белгісіне дейін) шегіндіруге рұқсат етемін. (ДСП... станцияның атауы мен қолы)». 7.16. Аралықта тоқтап тұрып қалған поезды жөнелту станциясының кіру сигналына дейін (немесе «Станция шекарасы» сигналдық белгісі-не дейін) шегіндіру жылдамдығы сағатына 5 км-ден аспауы тиіс. Аралық бойынша шегіндірілетін поездың алдында (ауысу алаңшасында немесе вагонның арнайы баспалдағында) локомотивтік бригаданың қызметкері, кондуктор немесе машинистің нұсқауы бойынша өзге қызметкер болуы тиіс. Аралықтан моторвагондық поездарда, өздігінен жүретін арнайы жыл- жымалы құрамды және жекелеген локомотивтерді шегіндіру ісі сигналдар мен жылжымалы құрамның көрінуі шектерінде тоқтауын қамтамасыз ете-тіндей жылдамдықпен орындалады, моторвагондық поездың машинисі өзге шегіндіру бағыты бойынша басқы басқару кабинасына ауысады. Егер де жөнелтілген поездың соңы әлі де станцияның шегінен шықпаған болса, қажет болған жағдайда аталмыш поезды шегіндіру ісі маневрлік тәртіп бойынша станция кезекшісінің ауызша нұсқауы бойынша сағатына 5 км-ден аспайтын жылдамдықпен орындалады. Шегіндірілетін поездың жүру бағыты бойынша алғашқы вагонның ауысу алаңшасында немесе ар-найы баспалдағында локомотивтік бригаданың қызметкері немесе кондук-тор, станция кезекшісінің нұсқауы бойынша өзге қызметкер тұруы тиіс. 7.17. Аралықтан қайтарылып жатқан поездардың станцияға қабылдануы ашық тұрған кіру бағдаршамы немесе бағдаршамның тыйым салуды көрсетуі кезінде осы Нұсқаулықтың 9.30-тармағында белгіленген тәртіппен орындалады. Маршрут шегіндірілген поезды станцияға қабылдау дайын болған жағдайда осы Нұсқаулықтың 7.15- тармағында ескерілген аралық бойынша шегінідіруге рұқсат поезды станцияға қабылдау жөніндегі бұйрығымен бі-ріктірілуі мүмкін. Бұл жағдайда кіру бағдаршамының болу мен қабылдау жағдайларына байланысты шегіндіруге рұқсаттық мәтіні төмендегі сөздермен толықтырылады: «және... жолына жүруге рұқсат етемін. Кіру бағдаршамы ашық»; «және... жолына кіру бағдаршамының тыйым салу көрсетуі кезінде жүруге рұқсат етемін. Қабылдау маршруты дайын» және... жолына жүруге рұқсат етемін. Қабылдау маршруты дайын». Date: 2015-09-02; view: 508; Нарушение авторских прав |