Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Станция кезекшісі Станция кезекшісі





(қолы) (қолы)

(қиғаш қызыл жолағы бар ақ түсті) (қиғаш қызыл жолағы бар ақ түсті)

 

Ескерту. Рұқсат-қағазында поезд жабық аралыққа қандай мақсатпен жөнелтілетіні айтылуы тиіс, мысалы, «аралықтан №... поезының құрамын... станциясына шығару үшін», аралықта тоқтап тұрып қалған №... по-сзын итермелеу үшін және итермелеуден кейін кері қарай... станциясына қайтару үшін, «Жол жөндеу жұмыстарын орындау мен жұмыс жетекшісінің нұсқауы бойынша аралықтан қайтуы үшін» және т.б.


8-тарау

Темір жол телімдері мен құрылыстарындағы жұмыс жүргізу кезіндегі

шаруашылық поездарының, өздігінен жүретін арнайы жылжымалы

құрамның қозғалысы

 

8.1. ТПЕ-нің 8.3-тармағына сәйкес құрылыстар мен құрылғыларды жөндеу жұмысы қозғалыс қауіпсіздігі мен еңбек қорғау қамтамасыз етілген жағдайда, әдетте, поездар қозғалысының кестесін бұзбай орын-далуы тиіс.

Көлемі бойынша үлкен болып келетін жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін поездар қозғалысының кестесінде «толас-кездер» ескеріліп, осы жұмыстармен туындалатын қозғалысты шекте-улер есепке алынуы тиіс.

Жолды жасанды құрылыстарды, түйіспелі торап пен СОБ құрылғыларын ағымдағы күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарын орын-дау үшін поездар қозғалысының кестесінде ескерілетін ұзақтығы 1,5-2 сағ., ал аталмыш жұмыстарды кешендік машиналармен, арнайы бригадалар мен механикаландырылған колонналар орындаған кезде - ұзақтығы 3-4 сағ «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы бекіткен тәртіп бойынша технологиялық толаскездер ұсынылуы тиіс.

Поездар қозғалысының кестесінде ескерілмеген уақыт аралығында орындалатын жолды, түйіспелі торапты, СОБ және бай-ланыс құрылғылары мен өзге құрылыстар мен құрылғыларды, әдетте, аралықты жабусыз орындалуы тиіс.

Егер аталмыш жұмыстарды орындау қозғалысты үзу қажеттігін тудырса, олардың басталуы мен аяңталуының нақты мерзімін «ҚТЖ»¥К»АҚ Тасымалдау дирекциясының басшылығы белгілейді.

Қозғалыстың үзілуін тудыратын жұмыстар мен өздерін орындау үшін қозғалыс кестесінде толаскездер ескерліген жұмыстарды орындау уақытына жұмыс жеткшісі поезд диспетчерімен тұрақты (телефондық немесе радио арқылы) байланыс орнатуға міндетті.

Поездар қозғалысының кестесінде толаскездер тәуліктің қараңғы мезгілінде ескерілетін телімдерде жұмыс жетекшісі жұмыстар орын-далатын жердің жарықтандырылуын қамтамасыз етуге міндетті.

Өздерінің сипаты бойынша аралықты, аралықтың немесе станцияның басты жолын жабуды қажет ететін жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін «ҚТЖ»¥К»АҚ Тасымалдау дирекциясының рұқсаты алынуы тиіс.

ТПЕ-нің 8.8-тармағына сәйкес дара жолды телімде жұмыс жүргізу үшін аралықты жабу, ал қос жолды немесе көп жолды телімде бір не-месе бірнеше жолды жабу ісі егер од іргелес темір жолдар мен поездар қозғалысының белгіленген өлшемдерінің өзгеруін тудырмайтын бол-са «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығының рұқсаты бойынша орындалады. Егер аталмыш жабу ісі поез дар дың ТМ Д елдер інің ірге л ес темір жолдары бой-ынша қозғалуының белгіленген өлшемдерін өзгертуді тудыратын болса,


оны ҚР ҚЖМ мен Орталық Азия темір жолдарының бастықтарымен ке-лісумен, «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы рұқсат етуі мүмкін.

Егер де аталмыш жұмыстар үшін поездар қозғалысының кестесінде то-ласкездер ескерілмесе, оларды орындау мен аралықты жабу уақыты әр жеке жағдайда алдын ала (жол, сигнал беру және байланыс, электрмен жабдықтау дистанциясының бастығымен) «ҚТЖ»¥К»АҚ Тасымалдау дирекциясымен келісіледі. Тиісті рұқсат-қағазы болған жағдайда жұмыстардың басталуына дейін және олардың аяқталуына дейін аралықты (жолды) жабу және ашу поезд диспетчерінің бұйрығымен ресімделеді.

8.2. «ҚТЖ»¥К»АҚ Тасымалдау дирекциясының жұмыстарды жүргізуге арналған рұқсат-қағазында аралықты немесе жеке жолды жабу келісілген уақыты мен аталмыш жұмыстарды біртұтас басшылығын жүзеге асыратын тұлғаның тегі көрсетілуі тиіс. Жұмыс жетекшісінің тегі мен лауазымын поезд диспетчері аралықты шектейтін станция кезекшілеріне хабарлауға міндетті.

Темір жол көлігі кәсіпорны басшьмығыныңрұқсат-қағазында көрсетілген, аталмыш жұмыс жетекшісі болмаған жағдайда аралық пен станциядағы жұмыстарды орындау үшін «толаскезді» ұсынуға тыйым салынады.

8.3. Жұмыс жетекшісі аралықты жаппас бұрын аралықты шектейтін стан-ция кезекшісіне және поезд диспетчеріне шаруашылық поездарын, машина-лар мен агрегаттарды жөнелту реттілігі жөніндегі өтінімді, онда әрбір поезд бен машина үшін, олар жұмыс аяқталғаннан соң қайтуы тиіс жабық аралық (не басты жолдың) және станциядагы алғаш аялдау километрін көрсетумен тапсыруға және диспетчерлік өкім журналында жазба жасауға міндетті.

8.4. Жұмыстардың басталу мерзімі келіп аралық жабылғаннан кейін по-езд диспетчері оның поездардан бос болуын және қос жолды және көп жол-ды телімдердегі тиісті жолдың бос болуын анықтайды, соңынан аралықты мемесе басты жолды шектейтін станциялардың кезекшілеріне және жұмыс жетекшісіне жабу жөнінде бұйрық береді.

Айрықша жағдайларда жұмыс орнында поездық диспетчермен телефондық немесе радиобайланыс болмаған жағдайда аралықтың немесе жолдың нақты жабылуы жөніндегі бұйрық жұмыс орнына жақын жатқан станцияның кезекшісі жұмыс жетекшісіне (телефон арқылы немесе жұмыс орнынан іссапарға жіберілетін тұлға арқылы) тапсырылады.

Жұмыс жетекшісі поезд диспетчерінің (жазбаша, телефон немесе ра-диобайланыс арқылы) бұйрығын алмайынша және жұмыс орнын белгілен-іен сигналдармен қоршамайынша жұмыстарды бастауға тыйым салынады.


8.5. Шаруашылық поездарын, соның ішінде өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның бірлігін (ары қарай осы Нұсқаулықтың 8-тарауында пралыққа жөнелткен кезде- шаруашылық поезы деп аталады) құрылыстар мімі құрылғыларды жөндеу үшін жабылған аралыққа жөнелту ісі осы I Іусқаулықтың 9.24-тармағындағы талаптарын орындаумен қиғаш қызыл жолагы бар ақ түсті балнкідегі рұқсат-қағаздары (ДУ-56 нысанындағы бланк 7()-Г)етте келтірілген) бойынша жүргізіледі. Жұмыс жетекшісінің өтініміне і *иікес рұқсат-қағазында әрбір поездың алғашқы рет аялдайтын жері (кило-мстрі) көрсетіледі.

8.6. Жабық аралықта (жолда) әртүрлі ұжымдардың меншігінде-гі, алайда осы Нұсақулықтың 8.2-тармағына сәйкес «ҚТЖ»¥К»АҚ Тасы-малдау дирекциясының рұқсат-қағазында керсетілген бір қызметкердің басшылығында тұрған бір уақытта бірнеше шаруашылық поездар (дрези-налар) мен жол машиналары жұмыс жүргізуі мүмкін.

Әрбір шаруашылық поезы локомотивінің машинисі қиғаш қызыл жолағы бар ақ түсті бланкідегі рұқсат-қағазында көрсетілген жерге дей-ін жүруі тиіс. Алғашқы поезд белгіленген жылдамдықпен, ал қалғандары сағатына 20 км-ден аспайтын жылдамдықпен жүріп отырады, бұл рет-те поездардың арасындағы қашықтық 1 км-ден аз болмауы тиіс деген арақашықтықтарды ұстануға мүмкіндік бермесе, әрбір шаруашылық по-езына берілетін қиғаш қызыл жолағы бар ақ түсті бланкілердегі рұқсат-қағаздарында жұмыс жетекшісінің өтініміне сәйкес алғашқы аялдаудың километрлері мен бекеттері көрсетілуі тиіс.

Шаруашылық поездарын іргелес бөлу пунктілерінен жабық аралыққа бір біріне қарсы бағытта жөнелткен жағдайда екі станцияның да кезекшіле-рі поезд диспетчерінің нұсқауы бойынша қиғаш қызыл жолағы бар ақ түсті бланкідегі рұқсат-қағазында жөнелтудің мақсаты жөніндегі жазбадан кейін төмендегі нысандағы жазбаны енгізеді:







Date: 2015-09-02; view: 1262; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию