Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ethernet. Fast Ethernet. 10/100 Мбит/с желілік шешеімдердің артықшылықтары





Ethernet стандарты 1980 жылы қабылданды. Бұл технологияның негізінде құрылған желілер саны қазіргі таңда 5 миллиондай, ал бұл желідегі компьютерлер саны 50 миллионнан асады. Ethernet бөлінетін деректердің беріліс ортасына кездейсоқ ену принципіне негізделген. Бұл орта ретінде жуан немесе жіңішке коаксиал кабель, шиыршықталған жұп, оптикалық талшық немесе радиотолқындар қолданылады. Деректердің берілісі 10 Мбит/с жылдамдықпен жүзеге асырылады. Бұл шама Ethernet желісінің өткізу қабілетін көрсетеді. Ethernet желісінің негізгі сипаттамалары:

-дәстүрлі топологиясы: сызықтық шина;

-басқа топологиясы: жұлдызша-шина;

-беріліс типі: таржолақты;

-ену әдісі: CSMA/CD;

-деректерді жіберу жылдамдығы: 10 және 100 Мбит/с;

-кабельдік жүйесі: жуан және жіңішке коаксиал, UTP.

Ethernet желісінің кең таралуына жол ашқан негізгі артықшылығы – оның үнемділігінде. Желіні құру үшін әрбір компьютерге бір-бірден желілік адаптер және коаксиал кабельдің керекті ұзындықты физикалық сегменті болса жеткілікті. Мұнымен қатар Ethernet желілерінде ортаға енудің, адрестеудің және деректер берілісінің қарапайым алгоритмдері орындалған. Желі жұмысының логикасының қарапайымдылығы оның жеңілдетуіне, соған сәйкес желілік адаптерлер мен олардың драйверінің арзандауына әкеледі. Осыған байланысты Ethernet желісінің адаптерлерінің сенімділігі жоғары. Ethernet желісінің тағы бір тамаша қасиеті – оның жеңіл ұзаруында, яғни желіге қосымша түйіндерді жеңіл қосуға болатындығында. Ethernet желісінің 4 түрлі топологиясы: 1)10BaseT 2)10Base2 3) 10Base5 4) 100BaseХ. Fast Ethernet желісінде мәліметтер 100Мбит/с жылдамдықпен тасымалданады,яғни Ethernet желісіне қарағанда он есе жылдам жүргізіледі.Қолданбалы программалар күрделенгенде және желідегі тұтынушылар саны артқан кезде мұндай жоғарғы өткеру мүмкіндігі қысылшаң кездерді болдырмайтын тәсілдің бірі болып табылады. «Қос жылдамдықты» 10/100 Мбит/с Ethernet/Fast Ethernet технологиясы - желілік тақша,концентратор,коммутатор сияқты құрлғларға жоғарыдағы жылдамдықтардың кез-келгенімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.10/100 Мбит/с Ethernet/Fast Ethernet желілік тақшасы бар дербес компьютерді 10 Мбит/с жылдамдықты концентратор портымен байланыстырғанда ол 10Мбит/с жылдамдықпен жұмыс істейді. Егер де оны 10/100 Мбит/с жылдамдықты концентратор портымен байланыстырсақ,ол автоматты түрде 100 Мбит/с жылдамдықпен жұмыс істей бастайды.Бұл тәсіл біртіндеп жоғары жұмыс өнімділігіне көшу ісін жүзеге асыра алады.Оған қоса,мұндай тәсіл серверлер мен клиенттердің желілік жабдықтарын қарапайым күйде сақтап,желілік құрылғыларын мен тасымалдау арналарының өткеру алабын өте кең пайдаланатын жаңа программаларды пайдалануға мүмкіндік береді.


 







Date: 2015-09-02; view: 2207; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию