Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Желілік адаптер тақшалары, атқаратын функциялары





Желілік адаптердің тақшалары компьютер мен желілік кабельді қосатын физикалық интерфейс ретінде қолданылады. Тақшалар желідегі барлық компьютерлер мен серверлердің кеңейту слоттарына қойылады.

Компьютер мен желі арасында физикалық қосылысты қамтамасыз ету үшін сәйкес разъемге немесе портқа тақшалар (әрине, орнатылғаннан кейін) желілік кабель арқылы қосылады. Желілік адаптердің тақшаларының қызметі: компьютерден түскен деректерді желілік кабель арқылы жіберуге даярлау; деректерді басқа компьютерге жіберу; компьютер мен кабельдік жүйе арасындағы деректер ағымдарын басқару.

Деректерді даярлау. Деректерді желіге жібермес бұрын желілік адаптердің тақшалары оларды компьютерге түсінікті пішіннен желілік кабель арқылы жіберуге болатындай түрге келтіруі керек.

Компьютердің ішінде деректер шиналар бойымен жіберіледі және деректер биттері параллель қозғалады. Желілік кабельде деректер биттердің тізбектелген ағымдары түрінде қозғалуы керек. Сонымен, желілік тақшаның міндеті параллель деректерді қабылдап, оларды бит бойынша тізбектей жіберуді ұйымдастыру болып табылады. Бұл процесс компьютердің цифрлік деректерін желілік кабель бойынша жіберілетін электрлік және оптикалық сигналдарға ауыстырумен аяқталады. Бұл түрлендіруге трансивер жауап береді

Деректерді түрлендірумен қатар желілік адаптердің тақшасы өзінің орны немесе адресін көрсетуге тиіс. Желілік адрестерді IEEE комитеті анықтайды. Бұл комитет желілік адаптердің тақшаларын өндірушілердің әрқайсысы үшін адрестер интервалын бекіткен. Өндірушілер бұл адрестерді микросхемаларға «тігіп» қояды. Осының арқасында желідегі әрбір тақша, яғни әрбір компьютер ерекше адреске ие.

Желі бойынша беріліс алдында желілік адаптердің тақшасы қабылдаушы тақшамен электрондық диалог жүргізеді, бұл диалог барысында олар төменгі мәселелер жайында келіседі:

- жіберілетін деректер блоктарының максималды ұзындығының өлшемі;

- қабылданғаны жайлы хабарламасыз жіберілетін деректер көлемі;

- деректер блоктарын жіберу интервалдары;

- әрбір тақшаның толып кетпей қабылдай алатын деректер көлемі;

- деректердің беріліс жылдамдығы.

Егер жылдам тақша баяулау тақшамен әсерлесетін болса, олар ортақ беріліс жылдамдығын анықтаулары керек. Сондықтан желідегі әрбір тақша басқаларына өзінің параметрлері жайында хабарлайды және олардан дәл сондай ақпаратты қабылдайды да соған икемделеді. Барлық детальдар анықталғаннан кейін тақшалар деректер алмасуды бастайды. Көбінесе түскен деректерді желілік адаптердің тақшасы жіберіп үлгермейді, ондай жағдайда олар уақытша буферге орналастырылады.

Желілік адаптердің тақшаларының кейбір параметрлерін дұрыс икемдеу керек. Олардың қатарына: үзу (IRQ), енгізу мен қорытындылаудың негізгі портының адресі және жадтың негізгі адресі жатады.

Желілік адаптер тақшасы келесі талаптарды қанағаттандыруы керек:

- компьютердің ішкі құрылымына сай болуы (деректер шиналарының архитектурасы);

- желілік кабельге қосылатын қосқышы болуы (ол қосқыш кабель жүйесінің типіне сәйкес болуы тиіс).


 

10. Желі түйіндері, желі сегменті, логикалық желі, пассивті және активті коммункациялық құрылғылар анықтамасы.

Желі түйіндері (ағылш host, ағылш node) — компъютерлік желінің бөлігі ретінде басқа құрылғылармен байланысқан құрылғы. Түйіндерге мыналар жатады: компьютерлер, ұялы телефондар, қалта компьютерлер және маршрутизатор, коммутатор немесе концентратор сияқты арнайы желілік құрылғылар.


Шешiмдердiң осы типінің артықшылықтары қауiпсiздiктiң қамтамасыз етуiне барынша үнемдi жолдарында болады - тек қана осы керек желiнiң бөлiмшелерi үшін қорғалуы бекiтiледi. Мұндай бөлiмшелер таңдауының мүмкiншiлігi тек техникалық ресурстарды унемдеу ғана емес, сонымен қатар ақпараттық қауiпсiздiктiң қамтамасыз етуіне жұмсалатын құралдарды да бередi

Бұдан басқа желiнiң жеке түйiндерiнiң қорғауы үшiн шешiмдердiң артықшылықтарының бiр қатарын ерекшелеуге болады:

Тығыз интеграцияланған қорғаудың алдынғы технологиялары қазiргi компьютер байбаламдарының барлық түрлерiмен белдесiп және жаңа қауіпті программалық жабдықтың пайда болуының жылдам әсер етуімен сатті күресуіне мүмкіндік береді;

Басқару және қызмет көрсету аспаптары интуициялық жұмсалатын уақытты минимумдарға түйiстiруге көмектеседi, және арнайы бiлiм талап етпейдi;

Шешiмнiң масштабталатындығы серiктестiктiң өсуiн шара бойынша қорғаудың периметрiн кеңейтуге көмектеседi.

Желі сегменті (информатикада) - желiнiң логикалық немесе физикалық оқшау бiр бөлiгi.Желінің сегменттерге бөлінуі желінің толықтай қауіпсіздігінің жоғарылауы немесе желілік трафиктің ықшамдалуы мақсатымен жүзеге асады.







Date: 2015-09-02; view: 3878; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию