Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кабель типтері. Коаксиал кабель





Бүгінгі таңда компьютерлік желілердің көпшілігінде қосылыс ортасы ретінде сымдар мен кабельдер пайдаланылады. Олар компьютерлер арасында сигналдардың беріліс ортасының рөлін атқарады. Кіші және үлкен желілердің талаптарына сай кабельдердің түрлері көп. Бақытымызға қарай, желілердің көпшілігі үшін кабельдердің тек үш негізгі түрі қолданылады:

а) коаксиал кабель

б) шиыршықталған жұп (экрандалған және экрандалмаған)

в) оптикалық талшықты кабель

Коаксиал кабель

Кабель компьютерді желінің басқа машиналарымен қосатын байланыс арнасын қамтамасыз етеді. Кабельдерді орнату барысында оның ерекшеліктерін ескерген жөн. Ол ережелер ескерілмеген жағдайда түрлі ыңғайсыздықтар туады. Кабель мен кабель сегменті ұғымдарының айырмашылығын алдын-ала түсініп алған жөн.

Кабель – желінің екі түйінінің арасын қосатын сымның бөлігі. Кабель сегменті дегеніміз – желінің бір ұшын келесісімен қосатын (терминаторлар арасын қосатын) кабельдердің тобы. Бұған дейін коаксиальді кабель ең кең тараған кабельдердің бірі болып келді. Мұның екі себебі бар. Біріншіден, оның құны төмен, жеңіл, жұмсақ және қолдануға ыңғайлы. Екіншіден, коаксиал кабельдің кең таралуы оның сенімділігін арттырып, орнату жағынан қарапайым болуына әкелді.

Ең қарапайым коаксиал кабель мыс тамырдан, оқшаулауыштан, экраннан және сыртқы қабықшадан тұрады (2.1- сурет).

Коаксиал кабельдің құны жағынан салыстырмалы түрде төмен, жеңіл, иілгіш және қолдануға ыңғайлы. Ол полимерлік оқшауландырғыш қабатпен жабылған орталық өткізгіштен (тұтас немесе көптамырлы) тұрады, оның сыртында басқа өткізгіш (экран) орналасқан. Экран оқшауландырғыштың сыртынан мыс сыммен қапталған орауды құрайды немесе оқшауландырғыштың сыртынан қапталған фольгадан тұрады. Жоғары сапалы кабельдерде оплетка мен фолга қатар қолданылады. Коаксиал кабель шиыршықталған жұпқа қарағанда кедергіге қарсы жоғары орнықтылықты қамтамасыз етеді, бірақ оның құны жоғары. Коаксиал кабельдердің түрлері көп. Желіні жүргізген кезде кабельдердің түрлері талаптарға сай нақты таңдалуы керек. Сигналдың кабель бойымен жылжу барысында мөлшерінің азаюын оның өшуі деп атайды. Коаксиал кабель шиыршықталған жұпқа қарағанда кедергіге қарсы жоғары орнықтылықты қамтамасыз ететіндіктен, онда сигналдың өшуі аз кездеседі.

Коаксиал кабельдердің түрлері. Желіге қойылатын нақты талаптарға сай коаксиал кабельдердің түрі таңдалады (3-кесте).

Жіңішке коаксиал кабель: Диаметрі – 0,5 см. Қолдануға ыңғайлы және кез-келген желі үшін пайдаланылады. Желілік адаптердің тақшасына тікелей қосылады. Сигналды 180 м қашықтыққа дейін өзгеріссіз жеткізе алады. RG-58 тұқымдастарына жатады (кедергісі 50Ом). Негізгі айырмашылығы – мыс тамыр.

Жуан коаксиал кабель: Диаметрі – 1см. Қиылысуындағы тамыр жуанырақ. Сигналды 500 м қашықтыққа дейін тасымалдай алады. Негізгі магистральді кабель ретінде қолданылады. Арнайы құрылғы трансивер арқылы қосылады. Трансивер коннектормен (вампирдің тісі) немесе DIX-коннектормен жабдықталған. Орнату күрделі. Жіңішке коаксиал кабельге қарағанда құны жоғары.

Коаксиал кабельдердің жіктелуі

Поливинилхлорид (PVC) – көптеген коаксиал кабельдер үшін оқшаулауыш немесе сыртқы қоршау ретінде қолданылатын пластик. PVC кабелі жұмсақ болып келеді, оны бөлменің ашық жерлерінде жүргізуге болады, бірақ жанған кезде улы газдар бөледі.

Пленум – бұл төбе мен шатыр арқалығы арасындағы кішігірім кеңістік, оны көбінесе ауа тазартқыш ретінде қолданады. Пленумдық кабельдің оқшаулауыш қабаты мен сыртқы қоршауы отқа төзгіш материалдардан жасалған, олар жанған кезде түтінді аз бөледі, бірақ құны жоғары және қатты.

Коаксиал кабельдер келесі жағдайларда қолданылады:

· сөздерді, видео және екілік деректерді тасымалдаушы орта ретінде

· деректерді алыс қашықтықтарға жеткізу үшін (құны төмен кабельдермен салыстырғанда)

· деректерді қорғауды жеткілікті деңгейде қамтамасыз ететін таныс технология


 







Date: 2015-09-02; view: 3602; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию