Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Кабель типтері. Оптикалық талшықты кабель
Бүгінгі таңда компьютерлік желілердің көпшілігінде қосылыс ортасы ретінде сымдар мен кабельдер пайдаланылады. Олар компьютерлер арасында сигналдардың беріліс ортасының рөлін атқарады. Кіші және үлкен желілердің талаптарына сай кабельдердің түрлері көп. Бақытымызға қарай, желілердің көпшілігі үшін кабельдердің тек үш негізгі түрі қолданылады: а) коаксиал кабель б) шиыршықталған жұп (экрандалған және экрандалмаған) в) оптикалық талшықты кабель Оптикалық талшықты кабель Қорғаушы қабықшамен жабылған бір немесе бірнеше кварцті талшықтардан тұрады (кейбір жағдайда полимерлі). Талшықтарды қорғауды қамтамасыз ету үшін қабықша бірнеше қабаттан тұратындай жасалады. Оптикалық талшықты кабель – ғылымның соңғы жетістіктерінің бірі. Сигнал оның бойымен жарықтың көмегімен жіберіледі. Цифрлік деректер оптикалық талшықтардың бойымен өзгерген жарықтық импулсьтар түрінде таратылады. Бұл деректерді таратудың өте сенімді тәсілі, себебі электрлік сигналдардың өздері жіберілмейтіндіктен, оларды ашу немесе рұқсатсыз алу мүмкін емес. Оптикалық талшықты кабель деректердің үлкен көлемдерін алыс қашықтықтарға өте жоғары жылдамдықпен таратуға арналған, ондағы сигналдар өшпейді (2.5 - сурет). 2.5 – сурет. Оптикалық талшықты кабель Оптикалық талшық – қабық ретінде қызмет ететін, басқа сыну коэффициентіне ие шынымен қапталған жұқа шыны цилиндр. Әрбір шыны оптикалық талшық сигналдарды бір бағытта ғана жібереді, яғни кабель қабылдайтын және жіберетін екі талшықтан тұрады. Оптикалық талшықты кабельбойымен деректерді жіберу барысында электрлік кедергілер әсер етпейді және жоғары жылдамдық қамтамасыз етіледі (100 Мбит/сек, теория жүзінде 200000 Мбит/сек жылдамдық та мүмкін). Оның бойымен жарықтық импулсьтарды алыс қашықтықтарға жіберуге болады. Оптикалық талшықты кабель қолданылады, егер: · деректердіөте жоғары жылдамдықпен алыс қашықтықтарға сенімді орта арқылы тасымалдау жоспарланған болса; Оптикалық талшықты кабельді қолдануға болмайды, егер: · егер қаржы тапшылығы орын алса; · оптикалық талшықты желілік құрылғыларды орнатуға және қосуға дағдыланбаған болсаңыз.
Date: 2015-09-02; view: 2787; Нарушение авторских прав |