Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кабель типтері. Шиыршықталған кабель





Бүгінгі таңда компьютерлік желілердің көпшілігінде қосылыс ортасы ретінде сымдар мен кабельдер пайдаланылады. Олар компьютерлер арасында сигналдардың беріліс ортасының рөлін атқарады. Кіші және үлкен желілердің талаптарына сай кабельдердің түрлері көп. Бақытымызға қарай, желілердің көпшілігі үшін кабельдердің тек үш негізгі түрі қолданылады:

а) коаксиал кабель

б) шиыршықталған жұп (экрандалған және экрандалмаған)

в) оптикалық талшықты кабель

Шиыршықталған жұп

Қазіргі кезде коаксиалдан гөрі шиыршықталған жұпты қолданған тиімді. Шиыршықталған жұп негізіндегі кабель бірінің сыртына бірі оралған және арнайы пластикалық қоршаудың ішіне орналасқан екі сымнан тұрады. Мысалы, телефон аппараты телефон розеткасына шиыршықталған жұп арқылы қосылады. Кабель оның бойымен бірінің сыртына бірі оралған екі немесе одан да көп сымдар жұптарынан тұрады. Шиыршықталып оралу кабельдің кедергіге қарсылығын арттырып, әрбір жұп сымның басқаларына әсерін азайтады.

Шиыршықталған жұп негізіндегі кабельдің сыртқы қабығы болуы да болмауы да мүмкін, ал ішіндегі сымдарының саны әртүрлі. Бұл кабельдің екі түрі кездеседі: экрандалған шиыршықталған жұп (shielded twisted pair– STP), экрандалмаған шиыршықталған жұп (unshielded twisted pair– UTP).

a) Экрандалмаған шиыршықталған жұп жергілікті есептеу желілерінде (ЖЕЖ) кең қолданылады, сегментінің максималды ұзындығы 100 метрді құрайды. Ол екі оқшауланған мыс сымнан тұрады (2.4 - сурет).

2.4 - сурет. Экрандалмаған және экрандалған шиыршықталған жұптар

Кабельдің атқаратын қызметіне қарай әрбір ұзындық бірлігіне сай шиыршықтарының саны реттеледі. Экрандалмаған шиыршықталған жұптың (UTP) бес категориясын біріктіретін стандарттар анықталған.

1-категория – дәстүрлі телефон кабелі, оның бойымен деректер таратуға болмайды, тек сөз ғана жіберіледі.

2-категория – деректерді 4 Мбит/сек жылдамдықпен жібере алатын кабель. Төрт шиыршықталған жұптан тұрады.

3-категория – деректерді 10 Мбит/сек жылдамдықпен жібере алатын кабель. Әрбір метрге тоғыз шиыршықтан келетін төрт шиыршықталған жұптан тұрады.

4-категория – деректерді 16 Мбит/сек жылдамдықпен жібере алатын кабель. Төрт шиыршықталған жұптан тұрады.

5-категория – деректерді 100 Мбит/сек жылдамдықпен жібере алатын кабель. Мыс сымнан жасалған төрт шиыршықталған жұптан тұрады.

Қиылысқан кедергілер дегеніміз – көршілес сымдардағы сигналдардың әсерінен туатын электрлік әсерлер.

б) Экрандалған шиыршықталған жұп

STP электрлік кедергілердің әсері аз, сигналдарды жоғары жылдамдықпен алыс қашықтықтарға тарата алады.

Шиыршықталған жұп негізіндегі кабель қолданылады, егер:

· қаржы шектеулі болса;

· орнатудың жеңілдігі қажет болса;

Деректердің бүтіндігін сақтау жағынан жоғары сенімділік және оларды ұзақ қашықтыққа жоғары жылдамдықпен тарату қажет болса, бұл кабельдің түрін пайдаланып керегі жоқ.

Шиыршықталған жұп негізіндегі кабельдің басқа кабельдерге қарағанда артықшылығы оның арзандығында. Сонымен қатар оны орнату жеңіл және қызмет көрсету ыңғайлы. Мұндай кабельдердің түрін орнату ғимарат салынып жатқан кезде есепке алынады, олардың қосылыс орындары телефондікіне ұқсас келеді.

Шиыршықталған жұп негізіндегі кабельдің басқа кабельдерге қарағандакемшілігі электромагнитті өрістерді сезгіштігі, соның салдарынан оларды алыс қашықтықтарға орнату шектеулі. Бірақ бұл жолдағы жаңа технологиялық жетістіктер аталған шектеулерді жақын арада жоятындығына күмән жоқ.


 







Date: 2015-09-02; view: 2889; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию