Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс № 9. Қазіргі арнайы білім берудің жағдайы және даму тенденциялары





Жоспары:

1.Қазіргі арнайы білім берудің жағдайы мен проблемалары

2.Кемтар балаларға ерте түзету көмек көрсету жүйесі

3.Шет елдердегі біріктіріп оқыту мен инклюзивті білім біру

8. ҚР мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқыту

Негізгі түсініктер: біріктіріп оқыту, ерте қолдау, скрининг, инклюзивті білім беру.

1. Қазіргі арнайы білім берудің жағдайы мен проблемалары

Отандық арнайы білім беру қазіргі уақытта әлемдік мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу, түзету мен дамытудағы жетекші бағыттарына лайық даму жолында. Ең негізгі беталыстарын қарастырсақ, олар- ерте жастан түзету педагогикалық қолдау көрсету мен кемтар балаларды қалыпты балалармен біріктіріп оқытуды дұрыс ұйымдастыру. Бірақ сонымен бірге арнайы білім беру жүйесі өз дәстүрлі дамуын жалғастыруда, оның көрінісі арнайы білім беру ұйымдарының кеңейіп, жаңа педагогикалық технологиялардың еңіп, кемтар балаларға арналған көмектің кешенді сипаттқа ие болуы (медициналық, әлеуметгік, психологиялық, түзеу арқылы қолдау).

Қазіргі уақытта арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының барлық түрі тек Алматы каласы мен Қарағанды облысында қызмет етеді. Жалпы арнайы білім беру ұйымдарының саңы 102. Сонымен қатар "Кемтар балаларды әлеуметгік және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңның жүзеге асыуна байланысты жаңа үлгідегі арнайы (түзету) білім беру ұйымдар еліміздің барлық аймақтарында белсенді ашылып жатыр.

Қазір ҚР терең кемістіктері бар балалар үшін денсаулық сактау және әлеуметтік қорғау аумағындағы балалар үйлері қызмет етеді, ол жерде қажетті түзетушілік көмек көрсету жағдайлары жоқтын қасында. Реслублика бойынша 18 медициналық-әлеуметтік мекеме, соның ішінде зиятында ауытқуы бар балаларға -17, дене дамуында кемістігі бар балаларға 1 мекеме арналған.

Кесте. Арнайы мектептер және оқушылар саны

турі саны   саны  
  арнайы мектеп оқушылар     арнайы мектеп оқушылар
  Көрмейтіндер -1     тіл кемістігі бар - 6  
  Нашар көретіндер -7     ТҚҚҚ кемстігі бар - 3  
  Естімейтіндер - 8     ІІДТ үшін-9  
  Нашар естийтіндер- 12     зиятында аутықуы бар-54  

 

ПМПК қазіргі уақытта 154870 мүмкіндіктері шектеулі балаңы ресми тұрде есепке алып отыр, бұл республика бойынша жалпы балалардың (4 659500) 3,4 % кұрайды.

Республика бойынша арнайы балабақашалардың саны - 35 болса, жалпы балабақшаларда 239 арнайы топтар ашылғаны, мектеп жасына дейінгі кемтар балаларға көмек көрсетудің бір жолы деп қарастыруға болады. Ал 7304 кемтар бала денсаулығына байланысты үйлерінде жеке бағдарлама бойынша оқып жатыр. Арнайы білім беру ұйымдарында оқып, тәрбиеленіп жатқан балалардың көрсеткіші төменгі кестеде. (сурет-6).

 

Кесте. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнайы оқытумен қамту көрсеткіштері

 

Мүмкіндіктері шектеулі балалар ПМПК есепке алынган балалар   Арнайы оқытумен қамтыған балалар
Ерте жастағы 2,5% 39,5%
Мектеп жасына дейінгі   21,7%   39,6%  
Мектеп жасындағы   76%   24,2%  

 

2. Кемтар балаларға ерте түзету көмек көрсету жүйесі

Арнайы білім беру жүйесінің қазіргі даму кезеңінде балалық мүгедектіктің алдын алу, өзекті мәселесі ретінде қарастырылады. Бүкіл әлемдік денсаулықсақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау ұйымдардың қызметінде кемтар балалар мен отбасына ерте жастан қолдау көрсету жетекші беталыс болып саналады.

1997-1999 жылдар аралығында "ӘБЕО" орталығында ең алғаш бала дамуына ерте жастан көмек көрсетудің теориялық негіздері тақырыпта ғылыми зерттеулер жүргізілген. Сол кешенді жұмыстың нәтижесінде түзету-педагогикалық көмекті ұйымдастыру жағдай мен дамуында кемістігі бар ерте жастағы балаларға көмек көрсетудің технологиясы мен әдіснамасы анықталған.

Отандық (Ерсарина А.Қ., Жалмүхамедова А.Қ., Сүлейменова Р.А. т.б.) және шетел (Bloom A.S., Goerdt A., Walton G.V., Bannister C.M., Разенкова Ю.А., Стребелева Е.А. т.б) ғылыми зерттеулер бойынша ерте жастан кемістікті анықтау және дәл сол кезден кешенді тузету жұмыстын бастау, кейіннен бала дамуында басқа ауытқушылықтар алдын алуға жол ашады. Осы бағытта жұмысты дұрыс ұйымдастыру мен жүзеге асыру кемтар балалардың жалпы дамуы мен әлеуметтік бейімделу және қоғамға бірігу мүмкіндіктерін жоғарлатады. Аталмыш балалармен тузету жұмысын жүргізуде емдік шаралардан ерекше психологиялық-педагогикалық қолдауға көңіл бөлу қажет.

Қазіргі уақытта Ресей Білім Академиясының Түзету Педагогика институтының жетекші мамандары мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беру процесіне қосуды дамытудың жолы ретінде ерте жастан кемістіктерді тузету жүргізуді ұсынады.

Түзету Педагогиканың Ұлттық Ғылыми-Тәжірибелік Орталығының мамандары да ерте жастан түзетушілік көмектің тиімділігің ғылыми түрде дәлелдеген.

Қазір республикамызда бес деңгейлік мемлекеттік мүмкіндіктері шектеулі балаларға ерте жастан түзетушілік көмек көрсету жүйесі әзірленіп (Сүлейменова Р.А.) жүзеге асырылып жатыр. Бұл жүйе емханалар мен перзентханалардағы скрининг әдістемесінең басталады да, кейін арнайы білім беру ұйымдарында жалғасады.

Шет елдердеігі біріктіріп оқыту мен инклюзивті білім біру

Қазіргі көзде барлық елдерде мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың білім алуы, еңбек ету мен әлеуметтік бейімделуі жалпы қоғамның және мемлекет тарапынан қарастырылатын мәселеге айналған. Кемтар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің мазмұны мен ұйымдастыру аспектілері арнайы

білім беру ұйымдарында қажеіті мөлшерде қарастырылған. Ал мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы үлгідегі мектептерде оқыту мәселесі жаңадан зерттеліп жатқан күйде. Сондықтан елдер арасында осы тәжірибе алмасу қажеттілігін туындап, өзектілігін білдірді.

90-шы жылдарда мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеуін жетілдіру мақсатында халық аралық құқықтық актілер қабылданды, олар "Бала құқықтары туралы Конвенция" (1989) және "Мүгедектердің кұкықтырын тепетендігін қамтамасыз ету туралы ережелер" (1993), білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнайы білім беру және жағдайын реттеу үшін "Саламанкалық декларация" (1994).

Мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алуға қол жеткізу үшін негізгі, шешуші рол аткарған 1990 жылы Жомтьен қаласында (Тайланд) өткен әлемдік "Барлығына білім беру" атты конференциясы. Осы конференция барлық адамдар үшін дамуындағы кемістікке қарамастан білім алу жағдайды қамтамасыз етуді бекіткен.

2007 жылы қабылданған мүгедектердің құқыктары туралы

Конвенцияда үздіксіз, сапалы, тұрғын жерінде, отбасынан айырылмай білім алуға құқықтар жарияланып, арнайы жағдайларды қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше назар аудару туралы баптар бекітілген.

Шет елдердегі мүмкіндіктері шектеулі балаларды өздерінің қалыпты замандастарымен бірге интеграциялап, біріктіріп оқыту идеясының пайда болуына және оның дамуына қоғамдағы демократиялық козғалыстар ықпал етті. Бұл дискриминацияға қарсы процестер өткен ғасырдың 70-ші жылдарына белсенді дамып, кемтар тұлғалардың қүқыктарының теңдігін бекіткен. Сол көздерден бастап дамушы елдерде жалпы мектептерде мүмкіндіктері шектеулі балалардың және олардың қалыпты құрбылармен бірге оқыту үшін қажетті жағдайлар қамтамасыз етілген арнайы педагогтармен қызмет көрсететін қосымша мамандар сипатымен, арнайы қаржылай көмек, ерекше қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қажетгі техникалық кұралдар).

3. ҚР мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқыту

Қазіргі уақытта Қазақстан коғамының алдында мүмкіндігі шектеулі балаларға сапалы білім беруге арналған тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ететін білім беру жүйесін тұрақты дамыту міндеті өзекті болып тұр.

Республикада қазіргі қоғам көз қарасын нығайтуына сәйкес мумкіндігі шектеулі тұлғалардың құкығы мен мүмкіндіктеріне байланысты арнайы білім берудің мақсат — міндеттері маңызы өзекті мәселе ретінде қарастырылып жатыр. Бұл біздің еліміздегі білім беру саласында жалпы ұлттық қызығушылықты және оған деген әлеуметтік талап етуді етлейтін жаңа білім беру саясатьның жақтылануы мен құрылуы қажет екендігін білдіреді.

Қайта адам тұлғасының үйлесімді дамуы және қалыптасуы бірінші негізгі міндетті құраса, сонда әлеуметтік кұндылықтар жан - жақты ойлана білім беру саласында айқын көрінеді. Қазакстанның қазіргі білім беру саясат стратегиясын жасаға бағыт болып дамудың келесі әлемдік тенденциялары қатысады- тез өзгеретін әлем жағдайында жұмыс жасау және өмір сүре білуді қалыптастыруды ұсынатын қоғам дамуының өсуін жылдамдату.

Мемлекеттің білім беру саясат міндетгерінің бірі омір позициясын таңдау мен тұлғалық еркін бағдарлау үшін қажетті сапалы білім беруді қанағаттандыратын талаптарға сәйкес бағыттатау. Бұл міндегті мүмкіндіктері шектеулі балаларға қатысты шешу үшін «әлеуметтік нормативке»сәйкес болуы бағдарына бас тартуды білдіреді.

Отандық мамандар мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың шетелдегі нәтижесімен танысып, соған сүйене отырып, біздің елімізде де осыған сәйкес процестерді зерттеген. Арнайы білім беру саласында оқушыларды қалыпты құрдастарымен қатар білім беру мақсатында инновациялық біріктіріп оқыту процестері кеңінен енгізілуде. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға біріктіру, әлеуметтік бейімдеу, білім беру және тәрбиелеу, бала дамуының бұзылыстарын алдын алу және нәтижелі түзету үшін ең қолайлы жағдайлар жасау мақсатында инновациялық бағыттар жетілдіруде.

Қазіргі уақытта Қазакстан Республикасы арнайы педагогикасының болашақ бағыттарының бірі инклюзивті оқыту мәселелерін әзірлеу болып келеді.

1990 жылдың наурыз айында Тайланд елінің Жомтиен қаласында «Барлығына білім беру» атты бүкіл әлемдік конференция өтті. Бұл конференцияда «Барлығына білім беру» атты Дүниежүзілік Декларация қабылданды. Берілген құжат бойынша 1990-2000 жылдар аралығында барлығына білім беруді бағалау шаралар жүргізілуге тиіс болған. (Қазақстан аталған бағалауға қатысты). 1999 жылдың қыркүйегінде "Барлығына білім беруді бағалау" туралы ұлттық есеп " дайындалған. Бұл кұжатта Қазакстан Республикасының білім беру жүйесінің даму беталысы, соңғы онжылғы нәтижелері көрсетілген.

 

 

 

 

Date: 2015-09-02; view: 6174; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию