Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс №4. Арнайы педагогиканың принциптері





Жоспары:

1. Арнайы мектептегі жалпы дидактикалық принциптері

2. Арнайы педагогиканың принциптері

Түсініктер: принцип, оқыту, тәрбие, түзету, дамыту, әлеуметтік бейімдеу

1. Арнайы мектептегі жалпы дидактикалық принциптері

Принцип дегеніміз - білім беру, түзету үрдісінің ұйымдастырудың сипаты мен ерекшеліктерін анықтайтын және білім алуда ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардын танымдық әрекетін басқаруды реттейтін, негізгі заңдылықтармен тұрақты талаптар жүйесі.

Оқытудың тәрбиелігі

Оқыту оқушыны өмірге және болашақ іс- әрекетке даярлаудың негізгі құралы. Бірақ мектептегі білімнің күрделі және терендігі, оқу материалы мазмұнының игеруге қиындығы, оқу пәнінің әртүрлілігі, ойдың абстрактылығы көп жағдайда баланың баланың оқуға деген субьективтік ынтасын, тәрбиелі, еңбексүйгіці, оз бетімен өзін еңбекке даярлау ынтасын туғызбайды.

Оқытудың ғылымилығы

Ғылыми білімдер шындықты дұрыс бейнелеу болып табылады. Бірақ шындықты кез келген дұрыс бейнелеу ғылыми білім бола бермейді. Егер білімде қоршаған әлем заңдылықтары, заттар мен құбылыстардың ішкі мәніне сай қасиеттері мен байланыстары бейнеленсе ғана білім ғылыми білім болады. Бұл білімдер ақыл - ойдың дамуына шешуші ықпал жасайды. Себебі, олар қазіргі ғылым, техника, өндіріс, мәдениет, өнерді менгеруді қамтамасыз етеді.

Оқытудың жүйелілігі

Таным теориясы негізінде оқытудағы қоршаған әлем дамуының жалпы заңдылықтарына тәуелді екендігін ашып көрсетуге болады. Оқыту әлемді өз қалпында тану міндетін қояды.

Қоршаған ортаның оқу материалында бейнелеуі оны оқудың жүйесін анықтайды. Оқытудағы жүйе ғылым логикасына тәуелді. Егер мұғалім оқу материалын ғылым логикасы тұрғысынан бағаламаса, онда ол өз пікірінің дербестігін және сенімін жоғалтады.

Кез келген оқу материалы өз бойында белгілі бір теориялық қағидалар, түсініктер жиынтығын және осы қағидаларды дәлелдейтін құралдарды қамтиды.

Оқытудың қол жетерлігі

Оқыту арнайы мектеп оқушылардың жасына, даму деңгейіне және кемістіктің түріне сәйкес қол жетерліктей болуы керек. Бұл принцип арнайы педагогика үшін өте маңызды.

Қол жетерліктің елеулі белгісі - қабылданатын білімнің оқушы санасында бұрыннан меңгерілген білім деңгейімен байланысы. Егер бұл байланыс қалыптаспаса, онда білім арнайы мектеп оқушыларына қол жетпестей болады. Бұл жағдайдың себептері: материалдың күрделілігі, оқыту әдістерінің сай еместігі, ал негізгісі оқушылардың таным ерекшеліктері.

Оқытудағы көрнекілік

Оқытудағы көрнекілік принципінің қажеттігі ойдың нақтыдан абстрактыға, сезімдіктен тиімдікке көшу негізінде жүзеге асады.

Арнайы мектептегі оқу процесінде сезімдік таным кіші мектеп жасындағы оқушының қоғамдық мәнін дамытудың дербес жағы ретінде немесе абстракциялауды қалыптастыруға жол ашады.

Оқытуды пайдаланылатын сезімдік бейнелердің сапалық жағы көрнекі құрал негізінде оқушыда нақты нысанды елестетуге, оқу материалында бейнеленген заттар мен құбылыстарды жинақтап, көруге мүмкіндік тудырады. Көрнекі құралдар оқушының сезімдік танымын дамытады.

Оқытудың саналылығы мен белсенділігі


Білім мен іскерлікті меңгерудегі саналылықты қамтамасыз ету -арнайы педагог әрекетінде аса күрделі мәселе. Жалпы оқытуда саналылығы мен белсенділігі принципі оқушылардың оқу материалын сапалы түсінуіне, мектептегі оқытуды сананың қатысуында, танымдық белсенділігін қалыптастыруға бағытталған. Ал арнайы мектепте бүл принципті жүзеге асыру қиын, ауыр жағдай, өйткені оқушылырдың дамуындағы ерекшіліктер өз әсерін тигізеді.

Арнайы мектепте білімді игерудің сапасы көп жағдайда сабақта жүргізілетін жаттығуларға тәуелді болады. Бір ережедегі жаттығулардың бірнеше жүйесі тандалып алынады, өз кезегінде олар игеру түрлі дәрежесінің болуына ықпал жасайды.

Оқытудың беріктігі

Арнайы оқыту процесінде білімнің беріктігіне қол жеткізу үшін көптеген факторлар әсерін тигізеді. Бұл оқыту принциптерді жүзеге асыру, педагогикалық шеберлік, оқушының оқу ынтасы, оқуға деген қызығушылығымен жалпы даму деңгейіне тәуелді.

Білімнің ұзақ сақталуына көптеген обьективтік және субьективтік факторлар, атап айтқанда, баланың мектептен тыс оқушының жеке өмір жағдайы ықпал етеді. Оқытудың беріктігінің шешетін мәселесі оң факторлардың ықпалын күшейтіп, теріс факторлардың рөлін төмендету, жою. Арнайы мектепте оқушылардың даму мүмкіндіктеріне сүйену, сақтаулы анализаторларды белсенді пайдалану қажет.

Оқытудың жекелік сипаты.

Оқытудың жекелік сипаты принципінің негізгі қағидасы адам танымындағы және дамуындағы жалпы, ерекшелік және даралықтың, үйреншікті мен жекенің, абстрактылық пен нақтылықтың диалектикасына негізделген. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жеке ерекшеліктерін есепке алу, оларга жеке қатынасты окыту барысында үйымдастыру үлкен мэн алады. Жас ұрпақты жан - жақты дамыту міндеттерін орындау үшін қогамдық омір мектептен баска да, қосымша құралдарды кептеп береді. Кемтар балалар ез кабілеттерімен мүмкіндікгеріне лайық түрлі үйірмелер мен секцияларға қатынасады. Балалар үшін радио, теледидар хабарлары, кино, диафильмдер, балалар әдебиеті мен театрларының үлкен танымдық мәні бар.

Отбасында бала өмірінің ұйымдастырылуы: материалдық жағдайы жастайынан өз бетіндікке, тәртіпке, еңбекке үйретілуі, еркелетілуі, үлкеннің ақылыссыз, жәрдемінсіз ештемеге қатынаспауы ересектердің ықпалынсыз өз құрдастарының арасында жүруі тағы басқа. Осының бәрі әр баланың жеке айырмашылықтарына әкеліп соғады.


2. Арнайы педагогиканың принциптері

Арнайы педагогикалық меншікті принциптері кемтар балаларды оқытудың маңызды концептуалды жағдайын бейнелейді. Бұл принциптер арнайы педагогикалық өзгешілік принциптері болып саналады. Оқыту принциптері оқыту процесіндегі зандылықтарымен анықталады және оқытудың тиімділігін қамтамасыз етеді.

Педагогикалық оптимизм туралы принцип

Бұл принцип біріншіден кемтар тұлғалардың потенциалды мүмкіндіктері туралы қазіргі ғылыми-тәжірибелік білім деңгейімен, екіншіден дамуында ауытқуы бар балалар мен ересектерді сауықтурыдың қазіргі педагогиканың жағдайы туралы ұғыммен қамтылған. Педагогикалық оптимизм туралы принцип қазіргі гуманизмді жариялайтын дүниетаным мен көзқарастарға негізделген. Мұнда әрбір адамның өміріндегі ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне қарамастан білім алуға, оқуға құқығын қорғау әрекеттері бекітіледі.

Арнайы педагогикада жариялаған тұжырымдымдама барлық балалар оқуға қабіліетті, яғни оқи алады дейді. Бұл жерде оқуға деген қабілет-жалпы білім беретін пәндерді меңгеруден, балаға қол жетерлік, дәйекті, өмірге қатысты, әлеуметтік құны мол және тұлғалық дамуға маңызды дағдыларға деген қабілеттік мағынасында қарастырылады. Ол баланың қоршаған ортаға бейімделуін дамытады, өз бетімен тәуелсіз, еркін өмір сүруғе дайындайды. Кемтар балалардың баяу оқитыны белгілі, бірақ олар өз деңгейіне сәйкес білімді меңгере алады да жоғары нәтижелерге қол жеткізеді.

Ерте жастан педагогикалық көмек көрсету принципі

Қазіргі арнайы педагогика нәтижелі түзету - педагогикалық көмектің бірі - бала дамуындағы ауытқуды ерте анықтау және ерте диагностикадан өткізу мен қолдауды қамтамасыз ету деп санайды. Арнайы білім беру бала дамуындағы алғашқы кемістікті анықтау сәті мен бір мақсатқа бағытталған түзету-педагогикалық көмектің басталуы арасындағы уақытты біршама қысқартуды қарастырады.


XX ғасырдың 60-жылдарына дейін балаға түзету педагогикалық көмек көрсету қажеттігі бала мектепке келіп, мектеп бағдарламасын меңгере алмаған жағдайда ғана анықталған. Бұл жағдайдың бірнеше себептерге тәуелді, яғни бір жағынан медициналық және педагогикалық әрекет арасындағы келісім болмауы, мектепке дейінгі тәрбилеу мен оқытудың жалпыға міндетті еместігі, балаға көрсетілетін педагогикалық көмектін мүмкіндіктері мен жетістіктері туралы ата-аналар білімнің жеткіліксіздігі.

Білім беруде әлеуметтік-бейімдеу бағыттын қамтамасыз ету принципі

Дамудағы кемістікті түзету және орның теңестіру яғни толықтыру арнайы педагогикада кемтар тұлғалардың әлеуметтік өмірде тәулсіздігін қамтамасыздандыру құралы ретінде қарастырылады.

Арнайы білім берудің әлеуметтік-бейімдеу бағыты әлеуметтік қатынастын түрлі құрылымын және адамды қоршаған мәдени ортаға психологиялық дайындығын қалыптастырады, дамудағы әлеуметтік кемшілікті анықтап түзетуге көмектеседі. Арнайы білім берудің әлеуметтік -бейімдеу бағыты арнайы білім стандартынын мазмұнымен, түзетушілік білім беру үрдісінің формасы мен құралдарымен қамтамасыз етеді. Тәрбиеленушілердің әлеуметтік өмірге қатынасуына қажетті мінез-құлқын меңгеруі бойынша жүргізілетін түзету-педагогикалық және психологиялық жұмыстардың ұзақ әрі күрделі жүйесін, сондай-ақ аталмыш тұлғаға тиісті қарапайым гигиеналық, қарым-қатынастық, тұрмыстық дағдыладан бастап күрделі әлеуметтік, адамгершілік, философиялық, әлеуметтік-мәдени дағдыларға дейінгі әдеттерді қалыптастыруды арнайы білім беру стандарты қарастырады.

Ойлау, сөйлеу тіл және қарым-қатынасты дамыту арнайы білім беру құралы ретінде принципі

Қалыпты дамушы бала өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ сөйлеу ортасында тәрбиеленіп және затты-әлеуметтік өмірмен белсене араласуға мүмкіндігі бар болуы, сөйлеу тілі мен ойлауды дамытуға, қарым-қатынас іскерлігін қалыптастыруға қажетті барлық жағдайларды меңгереді.

Жалпы білім беретін мекемелердегі оқыту қалыпты балалардың сөздік қорын дамытуға бағытталган. Қалыпты дамыған бала мектепке келгенде тұрмыстық ұғымдарды меңгерген жағдайда болады. Осыдан кейін, біртіндеп ғылыми түсініктер қалыптасады, сөздік логикалык ойлауы дамиды. Кемтар балалардың сейлесу негізінде қарым-катынас дами бастайды, мінез-құлқы калыптасады.

Арнайы оқыту мен тәрбиелеудегі әрекет арқылы ықпал ету принципі

Арнайы оқыту жүйесіндегі заттық-тәжірибелік әрекет кемтар баланың дамуын қамтасыздандырудың арнайы құралы болып табылады. Ғылыми зерттеулер заттық-тәжірибелік әрекет, дамуында ауытқуы бар балалармен жүргізілетін жұмыстың ен қуатты нәтижелі түзету құралы екенің дәлелдейді (жоғары жүйке жүйесін, қабылдау, сөйлеу, есте сақтау, ойлауды түзетеді, дамытады). Аталмыш принцип сабақта, сондай-ақ сабақтан тыс уақытта жүзеге асырылады.

Әрекет жасау кемтар балаларды оқыту мен бойындағы кемістіктерді түзетуге мол мүмкіндіктері береді. Бұл жерде кемтар балалардың жас ерекшеліктерін ескеру арқылы жетекші әрекетін толық ұйымдастыру қажеттілігін ескеру керек.

Арнайы педагогтың басшылығын қажет ету принципі

Кемтар балалар дамуындағы ерекшеліктер оқу-таным әрекетіне үнемі арнайы өзгерістерді еңгізуді талап етеді. Көптеген жағдайларда кемтар балалар таным ерекшеліктеріне сәйкес өз бетімен жұмыс жасаудағы қиындықтар арнайы педагогтың басшылығын қажет етеді. Арнайы педагог оқу әрекетін, еңбек әрекетін барлық кезендерінде тапсырма беру мен бақылау арқылы басшылық жасайды.

Арнайы оқыту мен тәрбиелеуде арнайы педагогтар кемтар балаларға жан-жақты қолдау көрсетуге тиіс.







Date: 2015-09-02; view: 7940; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.011 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию