Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Дәріс №7. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу
Жоспары: 1. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері. 2. Тәрбие принциптері мен әдістері. 3. Арнайы мектептегі тәрбие жұмысының мазмұны. 4. Арнайы мектептегі сабақтан тыс жұмысы. 5. Тәрбиелеу жұмысында мектеп пен кемтар баланың отбасының байланысы. Түсініктер: тәрбие, тәрбие әдістері, тәрбие мазмұны, отбасындағы тәрбие 1. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері Тәрбие бұл жалпы ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім мен оқушының ықпалдасты, әрекеттерін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе жағдайында тұлғаны қалыптастыру, ол үшін рухани байлығы мен эмоциялық құндылықтарды тәрбиелеу максатын көздейтін әлеуметтік процесс. Қазіргі уақытта тәрбие келесідей мақсаттарды көздейді: - қоғамда және білім беру саласында тәрбиенің мәртебесін көтеру; - тәрбиелік жүйелерді қалыптастыру; - білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын нығайту, жетілдіру, отбасымен байланысты дамыту, кеңейту; - отандық тәрбие дәстүрлері мен қазіргі тәрбиелеу тәжірибені біріктіру; - балалар үшін психологиялық-педагогикалық, медициналық-әлеуметтік оңалту жүйесін әзірлеу, енгізу. Арнайы білім беруде тәрбиені ұйымдастыру принциптері ұлттық білім беру стратегиясы мен саясатымен анықталады, соның ішінде тәрбиелік ұйымдардың мен жүйлерді, әдістер мен жүйелердің көптүрлігін қажет етеді. Сонымен бірге тәрбиені дұрыс жүзеге асыру үшін тәрбиешілерді дайындау жүйесін жетілдіру қажеттілігін білдіреді. Бұл жерде жаңа арнайы білім беру технологиялармен таңыстыру, үйрету мақсаты өзеісті болып табылады. Ал оқу және тәрбие өзара байланысты, бір бірімен ажырамас ұштасқан күйде бір уақытта қатар жүріп отырады, бірақ ұйымдасу әдістері және формалары тұрғысынан өзгеше. Оқу мен тәрбиенің ортақ белгілері: - тәрбие процесі өз ішіне оқу элементерін қамтиды: қандай да ережені орындауды талап етуден бұрын оның іске асырылу жолдарын үйрету қажет; - оқу процесі мұғалім мен оқушы арасындағы ықпалдасты іс-әрекеттің ұйымдастырылу формасына сәйкес өтеді. Өз қызметі барысында мұғалім оқушыға тәрбиелік ықпал жасайды; - оқу мен тәрбие ироцестерінде бірдей әдістер пайдаланылады. Тәрбие процесіне тән ерекшеліктер: - мақсатты бағыттылық (мақсаттын түсінікті болуы нәтиже тиімділігінін кепілі); - мақсаттар бірлігі (тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы кызметтестіктің көрсеткіші); - нәтиже ұзақтығы (оқу процесіндегідей нәтиже бірден көрінбейді); - көп жағдаяттылығы (тұлға көп әрі сан қилы ұнамды да, ұнамсыз да ықпалдарға кезігеді. Тәрбие барысында олар реттеледі; - ауыспалылығы (тәрбиеленуші мақсатты, көзделген және кездейсоқ әсерлерге бірдей кезігіп отырады); - үздіксіздігі (отбасынан басталады, үнемі жүреді); - кешенділігі (тәрбие мақсаты мен міндеттерінің мазмұн, форма және әдістерінің бірлігі); - екі тараптылығы (тәрбиелік ықпалды жүргізуші - мұғалім, тәрбиеші, ықпалды қабылдаушы - бала, оқушы). - тәрбиеші тұлғасы - тәрбие барысында ықпалды маңызды жағдаят (тәрбие процесінің өнімді болуының кепілі - мұғалім ептілігі, шеберлігі, кұндылықты бағыт-бағдары, қызметтестік қатынасқа түсе білу қабілеті); - қарама-қайшылықты болуы (қарама-қайшылықтар тәрбиенің қозғаушы күші ретінде қарастырылады). 2. Тәрбие принциптері мен әдістері Тәрбие принциптері - тәрбие субъектілерін қарым-қатынасын, тәрбиенің жалпы бағытын, әдістері мен мазмұның анықтаушы негізгі идеялар.Тәрбие принциптері: - тұлғалық бағыт; - тәрбиенің жеке тұлғалық және қоғамдық бағыттарының бірлігі; - тәрбиенің өмір, еңбекпен байланыстылық; - тәрбиеде ұнамды өнегені пайдалану; - тәрбиелік ықпалдар бірлігі мен үздікіздігі туралы, - ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу; Тәрбие процесінде тұлғалық бағыт принципі тәрбиеленушілердің жас және жеке дара ерекшеліктері негізінде іске асырылады. Бұл принцип арнайы мектептегі тәрбиешінің алдына келесі талаптарды орындауға мойындайды: - жеке тұлғалық ерекшеліктерін, мінез-құлқысындағы өзгешіліктер, өмірге деген көзқарасы, әдеттерін үздіксіз зерттеу, ескеру; - тәрбиені диагностикалау мен қатар тұлғалық қасиеттерінің даму ерекшеліктерін анықтау; - тұлғалық жағымды қасиеттердің дамуын қамтамасыз етуші күш-қуатына сәйкес біртіндеп тәрбиелік әрекеттерге қатыстыру; - тәрбиелік мақстарға қол жеткізуге кедергі болатын себептердің алдын алу және қажетті өзгерістерді енгізу; -тәрбиені тұлғаның өзіндік тәрбиесімен ұштастыру, тәрбие әдстері мен ұйымдастыру түрлерін таңдауға көмектесу. Тәрбиенің жеке түлғалық және қоғамдық бағыттарының бірлігі. Бұл принцип әулеттегі тәрбиенің мемлекеттік тәрбиелік стратегиясына сәйкес орындауға және әлеуметтік үйлесімге келген тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Егер мемлекет жэне коғам мүдделері сәйкес келсе, азаматтардың жеке мүдделерімен үйлесімді болса, онда тәрбие мақсаттары мен міндеттерінің саласында өзіне тиісті орын алады. Бұл принцип мүмкіндіктері шектеулі бала тұлғасына кұрмет көрсету мен намысына жағымсыз әсер тигізбеуді талап етеді. Арнайы білім беруде оқыту, тэрбие немесе түзету әлде диагностикалық жұмыс болсын, мамандар мүмкіндіктері шектеулі бала тұлғасын (дамуындагы кемістіктің теренділігі мен күрделігіне қарамастан) сыйлау мен құрметтеуге тиіс. Тәрбиенің өмір, еңбекпен байланыстылық принципі арнайы мектеп үшін маңызды. Адам тұлғасын қалыптастыру оның іс әрекетімен, қоғамдық және еңбектік қатынастарға келуімен тікелей тэуелді байланыста. Тең құкыкты мүше ретінде еңбек эрекетіне катыса отырып, арнайы мектеп окушысы адамгершілікке баулынады, рухани және тәндік дамуға келеді, еңбектің қоғамдық мәнді сеп-түрткілерін ажырататын болады, өзінің моральдық сапа-қасиеттерін бекітеді, жетілдіреді. Осы принципті жүзеге асыру арнайы мектеп оқушыларын толыққанды, еркін өмірге, мамандыкты саналы тандауға, кәсіби еңбекке толық дайыдаудың шынайы алғы шартын жасайды. Арнайы мектепте бұл бағытта әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау, еңбек арқылы оналту, арнайы түзсту сабақтары өтеді. Тәрбиеде ұнамды өнегені пайдалану принципі. Педагогтар тіпті тәрбиесі жетімсіз балалар мінезінен де ұнамды бітістер тауып, оларды тәрбие мақсатына орай баска қасиеттерін қалыптастыра алады. Баланың ұнамды сапалары (мейірімділік, кайырымдылық,ықыластык, жомарттык т.б.) келеңсіз қасиеттермен (уәдесіздік, өтірік айту, еріншектік т.б.) бірге жүреді. Сондықтан тәрбиенің міндеті колайлы әдістерді пайдалана болымды қасиеттерді молынша көбейтіп, кері қасиеттерді мүмкіндігінше жою, азайту, түзету. Тәрбиелік ықпалдар бірлігі мен үздіксіздігі туралы принцип. Бала тәрбиесіне қатысты ықпалдардың барлығын (отбасы, мектеп, мүмкіндіктері шектеулі бала даму мен кұқыктары жайлы мэселемен айналысатын қогамдык мекемелер мен ұйымдар, басқа үлгідегі арнайы білім беру ұйымдар, жалпы кауым) бірлікті іске косып, тәрбиеленушілерге өзара үйлестіріліп, келісілген талаптардың бір бағытта орындауын қадагалауды білдіреді. Дамуында кемістігі бар баланы отбасында тәрбиелеуде, ата-аналары көп жағдайда шектен тыс еркелетіп, қоршаған ортадан шектейді. Бұл жағдай тәрбиешілердің талаптарымен келіспейді бала тәрбиесіне жағымсыз әсерін тигізеді. Сонымен қатар, кемтар балалар отбасында тәрбиесіз калу жагдайлары да кездеседі, ата-аналары ішімдікке немесе нашақорлыққа салынып балаға ешқандай көңіл бөлмейді. Мұндай жағдайлар дамуы өзі ауытқушылыққа ұшыраған баланың тұлғалық қалыптасуы мен дұрыс мінез-кұлқысы мен әдеттерін тәрбиелеуге үлкен кедергі жасайды, тэрбиешілердің жұмысын қиындатады. Педагогикалык ыкпалдардың жүйсіздігі, бейтараптылығы мен ретсіздігі тэрбие мақсатына үзілді қарама-қайшы келеді. Тәрбие көп адамдардың қатысуымен жүретін ұзақ мерзімді әрекет. Сондықтан олардың жұмыстарында тізектестік пен ұласымдылықтын сақталуы, оқушылардың тәрбиелік дәрежесінің дер кезінде анықталуы аса маңызды. Тәрбие жұмысының барлығы білім мен сезім, сөз бен істің үздіксіздігі негізінде болуы қажет. Ұжымды және ұжым арқылы тәрбиелеу Бұл тәрбие жұмысының жетекші принциптерінің бірі. Педагогика балалар мен жас өспірімдердің топтык жэне ұжымдық өмірін, олардың түлғалық рухани байлығының, әлеуметтік белсенділік пен жауапкершілік сезімі қалыптасуының міндетті шартты деп қарайды. Тәрбие жүйесі ұжым болып ұйымдастырылған педагогикалық эрекетгі баскаларынан жоғары қояды. Бірлескен іс-эрекетте, орынды үйымдаскан ұжымда өзара тәуелді, жауапты қарым-катынастар пайда болады, баланың өз тәжірибесі мен ұжымда өмір сүру дағдылары, қоғамдық мәнінен ұжымшылдық сапалары қалыптасады. Қазіргі педагогикалық теорияда тәрбие әдіс ұғымы толығымен әлі жете зерттелмеген мәселелердің бірі. Бұл жөнінде әр түрлі көз-қарастарды байқауға болады, мысалы: тәрбие әдісі - 1.Педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету; 2. Жеке адамға тікелей және жанама түрде ықпал жасау; 3. Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетінің өзара байланыс тәсілдері. Бұл анықтамалардың барлығын жинақтаса келесі қорытынды беруге болады, тәрбие әдісі – тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс-әрекетінде оқушылардың тұлғалық қасиетер қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері. Тәрбие әдістері тәрбиенің мақсатына, принциптері мен мазмұнына, балалардың жас ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне және ең маңыздысы дамуындағы кемістікке тәуелді. Қазіргі педагогикада тәрбие әдістерінің 11 астам топтастырулар бар, олар түрлі көрсеткіштер негізінде әзірленген. Бір топтастыруда келтірсек, тәрбие әдістері үш топқа бөлінеді. Бірінші топ – тәрбиеленушілердің іс-әрекетіндегі қарым-катынас, мінез-құлқында жағымды тәжірибе қалыптастыру әдістері: талап, пікір, үйрету, жаттықтыру, арнайы тәрбиелік жағдаяттар. Талап - мінез-құлық нормасының көрінісі, балаларды әлеуметтік әрекетке қатыстыруды білдіреді. Талапты ынталандыру және тежелдету жағдайлары бар. Ынталандыру - жұмысты бастау мен аяқтау. Тежелдету -басқа адамдардың жұмысына кесел келтіру, жұмысты тоқтату. Қоғам пікірі - бұл ұжымдық талаптың бейнеленуі, ал талап накты міндет, оны іс әрекет арқылы орындау қажет. Ұжым мүшелерінің пайымдау, баға беру - бұл қоғам пікірі, ұжым еркі және күші. Ұжым тәрбие субъектісі, педагогтің тірегі. Үйрету мен жаттыктыру - бұл мінез құлық нормасына сәйкес окушыларда қажетті дағды, әдетті тәсілдіру. Әр тәрбие үйретуден басталады. мысалы: баланың мезгілмен ұйқыға жатуы мен, өз мүліктерін, жұмыс орнын тәртіпке келтіріп ұстауы. Үйрету әдісі баланын ұкыптылық, инабаттылык, мұкияттылық сияқты касиеттерін калыптастырады. Бала өмір тәжірибесі кеңейіп, санасы дамыған сайын, үйрету әдісі өзінің алғашкы маңызын жойып,басқа әдістермен бірігеді, мысалы жаттықгыру әдісімен. Жаттыктыру бұл әдіс түрлі жағдайларда оқушылардың адамгершілік қасиеттерін калыптастыру үшін арнайы тапсырмалрды орындау арқылы жүреді. Жаттыктыру әдісі ұжымның мүддесімен, талаптарымен қабысуы қажет. Мысалы, кез келген тәрбиелік шараларды ұжымда бір мезгілде бастау, оқушыларды тәртіптілік пен ұйымшыл болуға үйретеді. Үйрету мен жаттықтыру нұсқау, көрсету, машықтандыру, тапсырма беру сияқты тәсілдер арқылы нәтижелі өтеді. Тәрбиелік жағдаяттар жеке адамның жағымды қасиет пен қылықтарын калыптастыруына жаксы ықпал етеді. Бұл әдіс тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасындағы қарым-қатынасқа қолайлы жағдай жасайды. Сынып, мектеп аралығында жарыстар ұйымдастыру арқылы балаларды топқа бөліп, тәрбиелік жағдайға сәйкес тапсырма беру нәтиже тәрбиелік әрекет. Тәрбиелік жағдаяттар балаларда жағымды мінез-құлқысын тәрбиелеуге көп мүмкіндік береді. Екінші топ - жеке адам санасын қалыптастыру әдістері: ұғындыру, пайымдау пікір айту, баға беру, сендіру. Бұл әдістер әнгіме мен әнгімелесу, өнеге және пікір талас арқылы тиімді жүреді және бала санасына ықпал жасауда маңызы зор. Ұғындыру мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеуде аса нәтижелі әдістердің бірі. Баланы ұғындыру аркылы санасына әсер етіп, тэртіп пен әдет, ерік жүйесін дұрыс қалыптастыруға болады. Әрине баланы бір нәрсені дұрыс ұғып, түсіну үшін оған сөзбен барлығын түсіндіру қажет. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың көбісінде қоршаған орта туралы білімдері және өмірлік тәжірибесі жеткіліксіз, сонымен қатар таным эрекетінде ерекшеліктер болғандыктан жаксы жаман, әділет-әділетсіздік, шын-өтірік сияқты этикалық құбылыстарды дұрыс ұғып, өз тәжірибелерінде пайдалану тәрбие мақсаттарының бірі. Пайымдау пікір айту - арнайы мектеп оқушылары үшін тиімді тәрбие әдісі. Оқушының қате жасаған қылығын көрсету, оны түзетуге бағыт беруді білдіреді. Пікір айту кеңес немесе өтініш арқылы жүреді. Балаға нені дұрыс жасамады, оны қалай түзету керек екенін тәрбиеші толық түсіндіруі тиіс. Сендіру әдісі баланың сену сезімі арқылы тәрбиелік мақсаттарға қол жеткізеді. Сендіру - латын сөзі suggestion ықпал ету, сендіру аудармасынан шыкқан. Бала жастағы тұлғаны түрлі заттар мен жағдайларға сендіруге болады. Арнайы мектепке келген кезден бастап бала моральді ережелерге сәйкес өз тәртібін реттейді, олай болады, болмайды, рұқсат, рұқсат емес сияқты нұсқауларды орындай арқылы. Сондықтан бала бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сендіру әдісін пайдалана отырып тәрбиелеуге болады. Пікір талас бұл жоғары сынып оқушыларының пайымдауын, баға беруін, сенімін қалыптастыру әдісі. Пікір-таласқа қатысу арқылы оқушы такырып бойынша өз көзқарасын, ой-пікірін дәлелдейді. Сонымен қатар, басқаның пікірін тыңдауға, келісуге үйренеді. Үшінші топ - мадақтау мен жазалау әдістері. Өткізілген тәрбиелік шарапар сапасы мен тиімділігін арттыру үшін мадақтау мен жазалау әдістері қолайлы болады. Мадақтау тәрбиеленуші іс әрекеті мен мінез кұлқын жағымды белсенділікке ынталандырады. Егер бала өзінің жетістіктері мен ұжым алдындағы жауапкершілігін сезе білсе, онда мадақтаудың құндылығы арта береді. Жазалау әдісін пайдалану баланы өзінің теріс мінездері үшін ұялтады, теріс қылықтарын тежейді. Арнайы педагогика мүмкіндіктері шектеулі балаларды жазалау әдісін ұқыпты пайдалануды ескертеді. Дамуында кемістігі бар бала кез келген жағдайда нені дұрыс жасамағаның түсінбеді. Сондықтан жазалау әдісін тек бала жасаған қылығынын қателігін түсінгеніне сенімді болған кезде тәрбиеші пайдалануға құқылы. Жазалау әдісі баланың намысына тимей, денесіне ауыртпашылық тигізбеуі, дауыс көтермеу, талап етеді. Бұл жерде ерекше жағдай, жазалау әдісін жиі пайдалануға болмайтынын ұмытпау қажет. Баланы түрлі әрекеттерге қатыстыру, жағымды қарам-қатынастарға ынталандыру тиімдірек болады. 3. Арнайы мектептегі тәрбие жұмысының мазмұны Арнайы мектептегі тәрбие жұмысының мазмұны оқушылардың жан жақты тұлғалық қасиеттерін, жеке қабілеттерін дамытуға арнайы жағдайларды қамтамасыз етуі тиіс. Бұл тәрбие жұмысынын келесідей бағыттарын камтиды: адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене тәрбиесі. Адамгершілік тәрбиесі. Арнайы мектеп өзінің тәрбиеленушілерін қоғамдағы өзіндік өміріне дайындау оның адамгершілікке тәрбиелеу маңызды орын алады. Оқушылардың тәрбиесі имандылыққа үйрету негізінде жүзеге асады. Имандылық бұл қоғамдық сана формаларынын бірі, яғни берілген қоғамда, онда әрекет ететін түрлі қатынастар негізінде қалыптасқан. Өзімен белгілі. Нақты көзқарастар жүйесін және адам мінез құлқына қатысты наным сенімдерді ұсынады. Имандылық мазмұнын құрайтын норма, ереже және бағалаулар адамның мінез құлқын бақылаушы, мінез құлық және қоғамда қалыптасқан, мейірімділік және зұлымдық, ар намыс және арсыздык, жақсы және жаман туралы көріністері есебінен іс әрекеттерді бағалау аймағында маңызды рөлге ие. Осы қоғамда қабылданған норма және мінез құлық ережелеріне сәйкес қылықтар мен іс әрекеттер адамгершілік сияқты бағаланады және қоғамдық пікір, әлеуметтік салт дәстүр, тәрбиемен жан жақты байланысты болады. Оның ішінде, осы талаптарға жауап бермейтіндер адамгершіліксіз, имандылыққа қарсы сияқты қарастырылады, талқыланады. Имандылық әлеуметтік қанау және адами қарама қайшылықтармен күресте мыңжылдық кезінде жаппай өнделген негізгі жалпы адамдық нормаларды қосады. Мектеп оқушыларды отанын сүюге, қоғамға пайдалы, еңбек етуге, коғамдык күндылыктарды қорғауға, ұжымға және жолдастык езара көмек беруге, адамдар арасындағы өзара сыйластыққа жэне адамгершілік қатынасына, адами тазапық, өмірде қарапайымдылыкка, арамдык, әділетсіздікке карсы болуға, достықта оларды рухани өсуге, ұлттық және нәсілдік қайшылықтаға қарсы болуға тәрбиелейді. Имандылык кодексі әрбір жас адамның, соның ішінде арнайы мектеп окушылары үшін ереже болып табылады. Мұнда ақыл ой жетіспеушілігіне ешқандай жеңілдік болмайды, себебі тәжірибе көрсеткендей, ол имандылық кодексінде жазылған ережелерді сақтап, меңгеруге кедергі болмайды. Арнайы педагогика кемтар тұлғаларды оқшалаудың барлық көріністеріне қарсылық білдіріп, олардың рухани, адамгершілік дамуын үдемелі бағытта жүретін үздіксіз процесс ретінде қарастырады. Кемтар балалардың адамгершілік тәрбиесіндегі маңызды мағына, ол кандай жүйеде жүзеге асатыны. Тәжірибе, ойлаудың үзіиді болуымен және жекеше, бірлік, бір жағынан және жалпы, тұтас, басқа арасындағы байланыстың болуымен, бүл балапардың тэрбиесіндегі жүйе, сананың бір бөлігімен екіншісіне өтетін, бір талаптан торбиеленушінің жасына байланысты екіншісіне өту кезеңін ұсынуға болатынын керсетеді. Адамгершілік тэрбиесін барлық салада, адамгершілік талаптар толық жииағымен ерте жастан бастап жүргізу қажет. Кез келген жаста адалдық, эділеттілік, тәртіптік, ұжымдык, еңбексүйгіштік жэне т.с.с. қажет. Жеке және жас ерешеліктер айырмашылыктарын әр түрлі тереңдігімен, деңгейлерін ескеру арқылы камтамасыз етуге болады. Мысалы, ерте жаста, балапарға күрделі түсініктер (борыш, ар намыс, қоғам, әділдік және т.б.) белгісіз кезде, олар саналық ұстанымдарды шынайылық факторларын нақты үлгілік қабылдау негізінде, оларға жакын адамдардың мінез құлкы үлгісінде, карапайым, колжетерлі сөздерді қолдану жолымен менгереді: «мейірімді», «жауыз», «жақсы», «әділ», «әдемі», «әдемі емес» және т.б. Бірак, «мейірімді» және басқа түсініктер кең жалпылаумен бекітіледі, ол бала санасында әр түрлі карама карсы, жағымды және кері факторларды тудыруы мүмкін. Бұған бала ойлауының нақтылығы және тура бағыттылығы, факторларды және құбылыстарды олардың кұндылықтары бойынша ажыратуынын әлсіздігі себеп болады. ҚКұндылыкты бағдарлай алмаған, үйренбеген кезінде бала өзіне жақсы және мейірімді қатынас барлық адамдарға және барлық іс әрекеттерімен қалыптарына бағытталған деген пікір түйіндеуі мүмкін. Кемтар балаларды имандылыққа тәрбиелеудің келесі маңызды талабы қолайлы нақтылықты сақтау. Ерекше назарды окушы мысапы, мейірімділік адал, шыншыл, өзінің еңбегімен өмір сүретін, өзінің міндеттеріне адал қарайтын адамдарға қатысты кажет болады. Нормалар мен ережелер мазмұнын тереңдетудің әдістерін таңдау кезектілігі окушылардың жасына тәуелді қатал сакталады. Сонымен, мысалы, қоғамдық парыз сезіміне тәрбиелеу бірінші сыныптан басталады. Алғашында балаларда оқу, өзіне өзі кызмет ету, кезекші міндетін орындау түсініктері қалыптасады, бүлар олардың коғамдық парызы болып табылады. Кейіннен бұл норманың мазмұны терендейді, онда мәнді қоғамдық түсініктер қосылады (еңбексүйгіштік, басқаларға қамқорлық, мейірімдік). Адамгершілік тәрбиесі өте сезімтал және күрделі процесс. Ол мұғалімдерден пайымдаушылық, бақылаушылык, шығармашылык пен этикалық зандылыктар білімін және мүмкіндіктері шектеулі балалардың даму ерекшеліктерін білуді талап етеді. Еңбекке тәрбиелеудің мәні - болашақта қажет болатын еңбек әрекетіне қатысты барлық жұмысты қамтамасыз ету, яғни еңбек етудің жалпы және арнайы (кәсіби) білім, икемділік пен дағдыларын қалыптастыру, енбеке ету үшін дене, зият, инабаттылык пен ерік-сезім қаситтерін дамыту. Сонымен қатар арнайы мектепте енбек тәрбиесі өзгеше әлеуметтік - тұрмыстық бейімдеу мен оңалту міндеттерін атқарады. Арнайы мектепте еңбек сабақтарына ерекше көніл бөлінетін болғандықган енбек тэрбиесі нэтижелі болады. Еңбек сүйгіштік, еңбекті сыйлау, ұқыпты болу, енбек ету кажеттілігін түсіну сапалары енбек тәрбиесінде қалыптасады. Сонымен катар, еңбек тәрбиесі сабактан тыс уақытында шаруашылық- тұрмыстық еңбек әрекетінде және еңбек үйірмелеріде, кәсіби бағдар беру жұмысында да үздіксіз жүреді. Эстетикалық тәрбие - оқушылардың бойында қоршаған орта, табиғаттын әдемілігі мен әсемділігін толық қабылдауын қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әрекеттер жүйесі. Эстетикалық тәрбие арнайы мектеп окушылары үшін орны ерекше. Эстетикалық даму зият дамуына әсер етеді, сондықтан сезім, қарым-қатынас пен дене дамуына жағымды. Бұл себепте эстетикалық тәрбиенің адамгершілік, енбек, дене тәрбиесімен тығыз байланыста екені анық. Эстетикалық тәрбиенің таным қызметі мүмкіндіктері шектеулі балаға дамуындағы кемістікті түзету мен орнын толыктыруға, жоғары психикалық процестерді дамытуға жол ашады. Әдебиет пен керкем енер өнімдері аркылы окушылар баска ел, түрмыс, табиғат, уақыт пен түрмыс қүбылыстарымен танысуға мүмкіндік алады. Зиятында ауыткушылығы бар балаларды эстетикалык тэрбиелеуде ерекшеліктер байкалады, олар әдемі мен көріксізді ажырата алмайды. Әсем заттарды көргенде қуаныш сезімі туындамады, өйткені бүл балаларда эмоциялық дамуында көптеген ауыткушылықтар бар. Ал көрмейтін жэне нашар көретіндердің танымдық ерекшеліктері шындыктың өзгеше эстетикалық меңгеруін білдіреді. Эстетикалық сезімдері әр түрлі ойын, еңбек, көркем, таным әрекеттер негізінде қалыптасады. Арнайы мектептегі эстетикалық тэрбиенің негізгі тәсілдері: - еңбек, тұрмыс пен әлеуметтік қарым-қатынастарды эстетикалық тұрғыдан ұйымдастыру (күнделікті әдімілік пен үқыптылыкты тәрбиелеу); - табиғаттың әсемділігіне сүйену (бақылау арқылы үйрету, саяхаттарга бару); - өнер құралдарын пайдалану (ән-күй, сүрет, еңбек, ана тілі сабақтарында, мұражай мен көрмелерге бару, үйірмелер арқылы жүзеге асады). Дене тәрбиесі - арнайы мектептегі сауықтыру жұмысымен бірге маңызды бағыттардың бірі. Арнайы мектеп оқушыларында дене дамуы мен денсауылығы темен көрсеткіштерге ие. Балалардың кемістік туріне қарамастан көбінде кан-тамыр, демалу жүйелерінде аурулар кездеседі, Салмақтары мен бойы қалыпты балаларға карағанда төмен, тірек-қимыл қозғалысында жетіспеушіліктер байқалады (бұлшық еттерінің әлсіздігі, журісіндегі кемістіктер, усақ және жалпы моторикасындағы ақаулар т.б.). Дене шынықтыру оқу бағдарламалары окушылардың денсаулықтарын дамыту мен кемістіктерін түзету мақсатында түрлі шараларды (гимнастика, спорт ойындары т.б.) камтиды. Дене тәрбие мақсаттарын жузеге асыру негізгі шара - дене шыныктыру сабақтары. Бұл сабақгар жалпы мектептегі талаптарға сәйкес өтеді, бірак оқушылар дамуындагы кемістіктерді ескеруді талап етеді. Сондықган арнайы мектептегі дене шынықтыру сабақтары өзгеше ұйымдастыралады. Арнайы мектепте дене тәрбиесі дене шынықтыру сабақтарынан тыс емдік дене шынықтуры мен сабақтан тыс жұмыс арқылы жузеге асады. Күнделікті оқушылар азанда гимнастика жаттығулар жасайды, басқа сабақтарда дене шыныктыру кезендері еткізіледі. Оқушылардың денсаулығын дамыту үшін дене шынықтыру үйірмелер ұйымдастыралады (орта және жоғары сынып оқушылары үшін). Арнайы мектептерде өтетін "Денсаулық күні" мен спорт жарыстары да балаларды салауатты өмір сүруге қызықтырады, жалпы дене дамуындағы кемістіктерді түзетуге көмектеседі. 4. Арнайы мектептегі сабақтан тыс жұмысы Оқушылар қоршаған орта туралы білім мен икем, көзқарас пен ой пікірлерін тек сабақ арқылы ғана толык меңгере алмайды. Өйткені бала сабақтан шыққан соң өмірдегі басқа құбылыстармен кездеседі, қарым-қатынас жасауға үйренеді. Бұл аса маңызды міндетті арнайы мектептегі сыныптан тыс жұмысы атқаруға тиіс. Сыныптан тыс жұмысы бір тұтас педагогикалық үрдістің белегі. Арнайы мектептегі сыныптан тыс жұмысының ерекшелігі, ол сабақ сияқты қатты талаптармен шектелмейді. Сыныптан тыс жұмысты әр түрлі көріністе, еркін ынтамен, шығармашылық қасиеттер мен ұжым пікіріне сүйену арқылы өткізуге болады Бұл жұмыста оқушылардың сабақта байқалмаған ерекше қабілеттері оянып, дамиды. Арнайы мектептегі сыныптан тыс жұмыс келесі бағытта ұйымдасады: - отан сүйгішті тәрбиелеу; - білім беру, тәрбиелік жұмысы; - көркем өнерпаз әрекет; - дене шынықтыру мен сауыктыру жұмыс; - үйірмелер жұмысы. Ал сыныптан тыс жұмысын тәрбие жұмысын ұйымдастырудың үш негізгі түрі тараған: - жалпы мектептегі; - топтық; - жеке дара. Бұл ажырату тәрбие процесіне қатысушылардың саны бойынша негізделеді. Педагогикалық теорияда тәрбие жұмысының формалары туралы нақты аныктама жоқ. Тәрбие жұмысының формасын тэрбиенің мазмұны арқылы үйымдасқан мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас жүйесі ретінде көрсетуге болады. Тәрбие жұмысының негізгі міндеттері: - ұйымдастырушы (түрлі тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруды білдіреді); - реттеуші (тәрбиеші мен тәрбиеленушілер арасындағы қарым-қатынастарды реттеуді көздейді); - ақпараттық (тәрбиеленушілерге бір жақты мәлімет беруден басқа да олардағы білімдеріне сүйенуді талап етеді, көмекші мектепге қиын мәселе). Тәрбие жұмысының формаларын мақсаты мен бағыты бойынша және катысушылардың орны мен ролі бойынша ажыратуға болады. Тәрбие жұмысын өткізу уақыт мерзімі бойынша: - қысқаша (бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін); - ұзақ (бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін); - дәстүрлі (жиі, үйреншікті) түрлерге бөліенді. Ал келесі тәрбие сыныптан тыс жұмысын жетекші әрекет арқылы мегізделген: оқу, еңбек, спорт, көркем өнерпаз т.б. Арнайы мектепте тәрбие жұмысын жоспарлау тәрбиелік мақсаттарға жетудің негізгі құралы. Жоспар - тәрбие жұмысының мазмұны, өткізу шарттарын, көлемін, уақытын белгілейтін құжат, оның қызметі: 4) бағыттау; 5) болжау беру; 6) ұйымдастыру мен реттеу; 7) бақылау мен қадағалау: 8) қайта жаңғырту (яғни қажет болған жағдайда жоспар бойынша Жоспарлау 3 кезенді қамтиды, олар: 1. Жоспар жобасын әзірлеу; 2. Ұжыммен талдау, ұсыныстарды жинақтау, қарастыру; 3. Өзгерістерді еңгізу, соңғы нұсқасын бекіту. Жоспар мұғалімнің шығармашылык мұмкіндіктеріне және педагогикалық талаптарға сәйкес әзірленеді. Педагогикада жоспарлардың келесі түрлері кездеседі: 1. Мазмұны мен көлемі бойынша - - кешенді (жалпы жоспар барлық бағыттар мен жұмыс түрлерін қамтиды); - тематикалық (нақты бір бағытта, мысалы: ата-аналармен жұмыс); - нақты затты (бір іс-шара туралы жоспар, мысал:ы сынып сағаты) 2.Тәрбие процесінің ұзақтығына байланысты - - ұзақ мерзімге (бір жылға) - бір кезенге (бір тоқсан) - қысқа мерзімге (бір айға) - шұғыл жоспар (бір күнге). Дәстүрлі мектептерде болашақ (перспективалық) жоспар (оқу жылына) және күнтізбелік жоспарлармен қатар ата-аналармен әдістемелік жұмыс жасау жоспары кездеседі. Сыпыптағы тәрбие жұмысының жоспары
Сыныптағы тәрбие жұмысынан ерекше мектептегі тәрбие жұмысының жоспары оқушылар, ата-аналар және мұғалімдермен жүргізілетін бағыттарды қамтиды.
Тәрбие процесінде сабақтан тыс жұмысы аса манызды қызмет атқарады. Бұл жұмысты мұғалімдер мен тәрбиешілер белсенді түрлі әрекеттер арқылы ұйымдастырады. Сабақтан тыс уақытында білім беру, түзету міндеттері кешенді түрде орындауға мүмкіндік туады. Отбасы тәрбиесі көзделегн нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен жанұя мүшелерінің тарапынан жасалатын ыкпал процестерінің жалпы атамасы. Әлеуметтік, отбасы және мектеп тәрбиесі бірлікте орындалатын істері ауқымын қүрайды. Отбасының жетекшілік маңызы тэрбиеленіп жатқан баланың тэн - дене және рухани дамуына әсер етуші ықпапдар мәні мен магынасының тереңдігіне тәуелді келеді. Мүмкіндіктері шектеулі бала үшін отбасы бір жағынан тіршілік коршауы болса, екінші жағынан – тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмір сүру мен қалыптасуы қадамы отбасында өтеді. Отбасы бүл мектеп, ақпарат қайнары, ұжымда, дос-жаранды да, әдеп пен өнер кілті. Сондықтан тұлғаның калыптасу нәтижелігі ең бастысы отбасына тәуелді. Педагогика тарихында отбасында тәрбиелеу мәселесін Д.Дидро, Я.А. Коменский, П.Ф. Лесгафт, Д. Локк, Ж.Ж. Руссо, В.А. Сухомлинский, Л.Н. Толстой, К.Д. Ушинский қарастырған. Барлығы баланың ерте жасынан отбасында адамгершілік құндылықтар мен нормаларды меңгеретіне көңіл бөліп, байқаған. Неке мен отбасыға деген үстірт көзқарас, халықтың және ұлтты үрдістерің естен шығару, инабаттылық принциптерін шектен тыс арсыздык пен маскүнемдік, іштей тэртіптің болмауы мен жыныстың салғыртык, ерлі зайыптылар арасында жоғары белең алған ажырасулар бәрі де отбасындағы бала тәрбиесіне баланың теріс ыкпалдар көзі. Мүмкіндіктері шектеулі баланы отбасында тэрбиелеудің ерекшеліктері отбасына тәуелді. Отбасы типологиясы үшін бала саны маңызды көрсеткіш. Отбасы бір балалы, екі балалы, көп балалы болып бөлінеді. Жалғыз баланы тәрбиелеудің жағымдысы - бапа махаббатты сезінеді, өзіне өзі сенімді болады, бірақ сонымен бірге езін өзі жоғары есептеуі де пайда болуы ықтимал. Екі бала тәрбиелейтін отбасында бала ерте жастан өзінен басқа бала бар екенің түсініп серіктестік сезіммен тұлға ретінде дамиды. Көп баллы отбасындағы балалар көбінесе еңбекке төзімді, икемді, жауапкершілік сезімі жоғары болады. Отбасын типологиясы ата-ана түгелдігіне қарай бөлу: толық және толық емес. Белгілі, отбасында мүмкіндігі шектеулі бала туылған кезде отбасында көптерген қиындықтар пайда болады. Оның ішінде бала дамуындағы кемістіктер салдарынан қиындықтарды көтере алмау, шыдамсыздық пен ата ана арасындағы түсніспейушілік. Осы кезең неке беріктілігің сынағы болады. Бұл жағдай жиі ажырасу мен аяқталады, бала толық емес отбасында тәрбие алады. Толық емес отбасында тәрбиеленетін балада жағымсыз әдеттерге жақын болу және үлгерімі төмен болу қаупы жоғары. Дегенмен, мүмкіндіктері шектеулі бала отбасында адамгершікке, дене және эстетикалық тәрбиеге үйренеді, ол үшін отбысында келесі бағытта әрекет ұйымдастыру қажет: - ата-анасының және басқа да отбасы мүшесінің баламен қарым-қатынасын анықтау; - отбасы мүшесімен және басқа адамдармен қарым-катынас қалыптастыру процесін қадағалу; - баланың танымдық және еңбек әрекетің, тәртібін, өмірлік тұрмысын арнайы ұйымдастыру. Ата-ананың балаға қарым-қатынас мінезі немесе баланың ата-анаға қарым-қатынасы мүмкіндіктері шектеулі баланы тәрбиелеу нэтижелігіне тэуелді. Осы жерде қарым-қатынастың екі шетін қарастыруға болады: Кейбір ата-аналар балаға қажетті көңіл бөлмейді, өзімен өзі болады. Бұл кемістіктің одан әрі тереңдеуіне, екіншілік ауытқудың туындауына себеп болады. Ал, кейбір ата-аналар баланы шексіз еркелетіп, коршақтайды, аяйды, барлығын кешіреді, бала ұшін барлығын озі жасайды. Нэтижесінде қолынан ештеңе келмейтін, қорғансыз ерке мүгедек пайда болады. Мамандар аталмыш балалардың ата-анасымен нәтижелі жұмыс жұргізу үшін отбасының эмоциялық қарым-қатынастарың зерттеуді кажет етеді. Өйткені ата-анасының бұл проблемаға көз қарасы отбасының психологиялық жағдайына әсерін тигізеді. Мамандар ата-аналардың мүмкіндіктері шектеулі баланың басқа балаларға ұқсамайтының білген кезде нені сезінетінін білуі тиіс. Ата- аналар көптеген жағдайда келесі реакцияларды білдіреді: "Мойындамау" - мамандар қойған диагнозға, нақты бала дамуында ауытқушылықтың бар екендігіне деген сенбеушілік. Бұл реакция ең жиі кездеседі. "Ызақорлық" - көп кездесетің реакция, ерте кезеңде баланың жағдайын қабылдауға байланысты. Әдетте ата-аналар өздерін әлсіз, қорғансыз болып сезінеді және өзіненде, баласынанда көңілі қалғанда байқалады. Мамандар мұндай проблемаларды шешу үшін ата-аналардын көңілін ерте балаға көмек көрсету жұмысына аудару керек. "Өзін өзі кінәлі сезіну" - өзінің баласының ерекшелігін дәрігер ата-анасына хабарлағанға жиі кездесетін реакция, ата-ана қайғыру мен уайымдаушылыққа ұшырайды. "Эмоциялық бейімделу" - ата-ананың өзіндік бейімделудің кезеңі, баласының ауруын "ақылмен", "жүрекпен" қабылдайды. Ата-ана ауыртпашылықты көтеріп, бала көмек ету қажетті икемділік пен дағдыларға үйренеді.
Date: 2015-09-02; view: 9167; Нарушение авторских прав |