Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






C) Аяқ-қол бұлшық еттерiнiң қатая сiресiп әлсiреуi 7 page





Қандай диагноз болуы мүмкін?

*+Ювенильді ревматоидты артрит

* Остеохондропатия

* Ревматикалық қызба

* Рейтер ауруы

*Анкилоздаушы спондилоартрит

325.2,5 жастағы балаға шақыру жасалды. Қарағанда оралды сырылдар естіліп тұр, тыныс шығару қиындаған, ТАЖ минутына 38 рет. Өкпесінде қорап сияқты реңді дыбыс, аускультативті өкпенің барлық алаңында құрғақ ысқырықты қатқыл тыныс және ылғалды орташа көпіршікті сырылдар естіледі. Сіздің диагнозыңызқандай?

* Жедел бронхиолит

* Жедел қарапайым бронхит

* Жедел пневмония

*+Жедел обструктивті бронхит

* Жедел бронхит

326.Алпыс бес жастағы науқас емхана дәрігерін үйге шақырды.Науқаста сәл жүктемеден кейін төс артында қысып ауырсыну, ентігу, әлсіздік пайда болған. Ауырсыну нитроглицеринмен басылмаған.Осыдан 1ай бұрын стационарда тұрақсыз стенокардиямен емделген. Жағдайы ауыр.Ортопноэ. Қан қысымы-190/100мм.сын. бағ. ЖСС-90рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі бұзылған. Дәрігер ең бірінші қандай аурудың диагнозын қою қажет?

*+ миокардтың инфаркті

* өкпе артериясының тромбоэмболиясы

* тұрақсыз стенокардия

* нейроциркуляторлы дистония

* аорта аневризмасы

327.Бала 9 айда. Жөтелге шағымданады. Жағдайы ауыр. Токсикоз эксикозбен. Тері жабындыларының бозаруы үдеуде, жайылған цианоз, ентігу, қосымша бұлшықеттердің тыныс алуға қатысуымен. Өкпеде перкуторлы кораптық дыбыс. Аускультацияда – ұсақ көпіршікті ылғалды және крепитирлеуші сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. Рентгенограммада – өкпе аймақтарының ашықтығы жоғарлаған. Диафрагма төмен орналасқан. Қандай диагноз сәйкес?

* Обструктивті бронхит

* Пневмония

* Жедел респираторлы инфекция

*+Жедел бронхиолит

* Жедел бронхит

328.Семсер тәрізді өсіндінің артына орныққан, көкірек қуысының, қолдың сол жақ жартысына таралатын, жатқан кезде пайда болып, вертикальды жағдайға көшкен кезде жоғалатын немесе әлсізденетін көкіректегі ашитын сипаты бар ауырсынулар кезінде қандай патология туралы ойлауға болады?

*+диафрагманың өңеш тесігінің жарығы

* қабырғааралық невралгия

* пневмония

* перикардит

* миокард инфаркты

329.Ұл бала, 12 жаста, фиброгастродуоденоскопия жүргізгенде келесі өзгерістер анықталды: асқазанның абдоминальді бөлігіндегі шырышты қабаттың босап және азаған айқын көрінетін эритема, асқазанның шырышты қабатын аз уақытқа 1,5-2,0 см тітіркендіргенде асқазанның төменгі сфинктерінің тонусының айқын төмендеуі байқалды.

Бұл эндоскопиялық сурет қайсы жағдайға БАРЫНША сәйкес келеді?

* Диафрагманың асқазандық бөлігінің жарығы

* Барретт асқазанына

*+Гастроэзофагеальді рефлюкске

* Асқазанның стриктурасы

* Дуоденогастральді рефлюкске

330.ЭКГ-да минутына 180 жиілікпен біркелкі формада деформацияланған комплекс QRS тіркелген. жүрек ритімінің қандай бұзылысы барынша сәйкес келеді?

* пароксизмальды суправентрикулярлы тахикардия

* қарыншалық экстрасистолия

* синустық тахикардия

* пароксизмальды қарыншалар фибрилляциясы

*+пароксизмальды қарыншалық тахикардия

331.Ер адам 38 жаста. Соңғы ай бойы жөтелуге, кешкі уақытта субфебрильді температураға, әлсіздікке, түнгі уақытта терлеуге, 4 кг арықтауға шағымданады. Анамнезінде: туберкулезбен ауыратын адаммен қатынаста болған. Объективті: өкпе аускультациясында тынысы везикулярлы, сырылдар естілмейді.


Болжама диагнозды нақтылауға төменде аталғандардың қайсы зерттеуді жүргізу ЕҢ тиімді?

* Жалпы қақырық анализі

* Қақырықтың антибиотикограммасы

* +Қақырықтың бактериоскопиялық зерттеуі

* Жалпы қанның анализі

* Қақырықтағы атиптік клетканы анықтау

332.Он екі елі ішек ойық жарасымен ауыратын науқастың уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі қанша:

*+21-28 күн

* 36 - 40 күн

* 30 - 35 күн

* 9 - 12 күн

* 5 – 7 күн

333.Ер адам 40 жаста. Әлсіздікке, бас ауруға, тәбеттің төмендеуіне, азуға, аяқтарындағы ісікке шағымданады. Бүйрек аурумен 8 жыл ауырады. Объективті: төмен тамақтану терісі бозарған. Қан анализі: Нв-80 г/л, эp-3,2 млн., лeйк-6,8 мың., ЭТЖ-25 мм/ч. Эәр анализі: тығыздығы-1015, ақуыз-1,8 г/л, лейк-6-7 в п/зр, эрит-3-4 в п/зр.

Бұл жағдайға қандай зерттеу әдісін жүргізу ЕҢ тиімді?

* Бүйректің кеңейтілген рентгенографиясы

* Изотопты рентгенография

*+Бүйректің пункционды биопсиясы

* Хромоцистоскопия

* Бүйректің УДЗ –І

334.Ер адам 40 жаста, айналмалы сипаттағы эпигастрий аймағындағы ұзақ уақыттан бері ауру сезіміне, ауру сезімі арқаға беріліп оң қабырға астының керіп тұрған сияқты сезім болады. УДЗ зерттеуде: ұйқы безінің өзгерісі және созылмалы холециститтің белгілері байқалды.

Қандай лабораторлық көрсеткіштер осы патологияда барынша ақпаратты болып табылады?

* қандағы трансаминаза

*+қандағы амилаза

* қандағы сілтілі фосфатаза

* Қандағы қант

* Билирубин

335.Бала, 10 жаста. Шөлдеу, әсіресе түңгі уақытта жиі зәр бөлу, терінің қышуына шағымданады.

Қандай зерттеу жүргізу ЕҢ тиімді?

*+қандағы глюкозаны ашқарынға анықтау

* тәуліктік зәрдегі ацетон деңгейі

* тәуліктік зәрден глюкозаны анықтау

* тәуліктік зәрдегі глюкозаның деңгейі

* зәрдің таңғы порциясына ацетон деңгейін анықтау

336.Жасөспірім бала АҚҚ жоғарлауымен, сонымен байланысты басының ауруына, әлсіздікке, өтпелі көзінің көруінің нашарлауына шағымданып ЖТ дәрігерінің қабылдауына келді. Тексергенде кіндік үстінде систоликалық шуыл анықталжды. Диагнозды айқындау үшін қандай тексерулер жүргіземіз?

* Экскреторлық урография

*+бүйрек артерияларының УДЗГ

* Кеуде клеткасының шолу R-графиясы

* Көз түбін қарау

* бүйректің УДЗ

337.Жанұялық дәрiгерге 35 жастағы науқас таңертеңгi уақыттағы бетiнiң iсiнуiне, бел аймағында ауырлыққа, зәр шығаруының жиiлеуiне, жүрегi айнуына, шаршағыштыққа шағымданып келдi. Анамнезi бойынша: ауырғанына 1-жылдай уақыт болған. Объективтi: жалпы жағдайы орташа ауырлықта.Бетi iсiнген, бозарған. ЖСЖ-88 рет минутына, ҚҚ-130/85 мм.сын.бағ. Дәретi қалыпты. Зәр шығаруы жиi, ауырсынусыз. Аяқтарында iсiнулер жоқ. Пастернацкий симптомы оң. Зәрдің жалпы анализі: түсi-сарғыш, салыстырмалы тығыздығы-1015, белок 0,55 г/л, микроскопияда эритроциттер көру алаңында 0-1, лейкоциттер көп. Ең бірінші қандай қарапайым тексеру әдісін қолдану керек?


* Тамыр ішілік урография

* Цистография

*+Бүйректі ультра дыбыстық тексеру

* Шолу урографиясы

*Компьютерлік томография

338.Ер бала 4 жаста. Жағдайы ауыр. Мұрыннан тоқтаусыз қан ағыады. Бозару. Кеудесінде және аяқтарында геморрагиялық бөртпе, полиморфты, полихромды, симметриялы емес. Пульс мин 100. Бауыр +1,0 см ұлғайған. Қан анализінде: Нв - 92 г/л, эритроциттер - 2,7х109/л, лейкоциттер - 4,5х109/л, тромбоциттер - 15х109/л, сегментоядерлі - 68, лимфоциттер - 32, ЭТЖ - 18 мм/сағ, по Дюк бойынша қан кету уақыты - 15 мин, қоюлану- 3 мин.15 сек.- 3 мин. 40 сек.

Төменде аталғандардың қайсысы осы ауруға ЕҢ сәйкес келеді?

* Қан кетудің ұзақтығын төмендету

* Қандағы VIII фактордың төмендеуі

*+Қан қойырпағының ретракциясының төмендеуі

* Қан ұюының төмендеуі

* Шымшудың теріс сынамасы

339.Әйел 43 жаста салмақ қосуға, әлсіздікке, беттің ісінуіне, терінің құрғауына, іш қатуға, аменорея, есте сақтаудың төмендеуіне. Тері құрғақ, мұздай. Қалқанша безі альпацияланбайды. АҚҚ – 90/60 мм.рт.ст., пульс – 52 мин. Т3, Т4 төмендеген, ТТГ – жоғарылаған. Қандай емдеуді тағайындау тиімді?

*+Тиреоидты препараттар

* Йод препараттары

* Тиреостатикалық препараттар

* Диуретиктер

* Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

340.65-жастағы ер адам, тұншықтыру ұстамасы, аздаған қақырықпен бөлінетін жөтелге, оң жақ қабырға астындағы ауырлыққа, бөлінетін зәрдің көлемінің азаюына шағымданды. Объективті: акроцианоз, мойын венасының кеңеюі, эпигастрий аймағының пульсациясы, өкпе артериясындағы II тон акценті, тахикардия, юауырдың ұлғаюы, ісіну.


ЭКГ-да қандай көрініс болуы ЕҢ ықтимал?

* Сол жақ қарыншаның гипертрофия

* Гис шоғырының сол аяқшасының блокадасы

* Қарыншаішілік блокада

* Сол жақ жүрекшенің гипертрофия

*+Оң жақ қарыншаның гипертрофия

341.45 жастағы ер адам оң жақ табандағы қатты ауырсынуға шағымданып келді. Анамнезінен: жақында ішімдік ішкен. Ауырсыну кенеттен басталған және 1-ші табанфалангалық буынның аймағында ауырсынады. Қарағанда: үлкен бармақ үстіндегі тері қызарған, ұстағанда ыстық, қимылдатуы қиын.

Қандай болжам диагнозға тән?

*Рейтер синдромы

*+Подагра

*Псориаз

*Ревматиті полиартрит

*Реактивті артрит

342.Науқас М., 50 жаста, үйінде тексергенде, ентігу, куштеме кезінде өршуші жүрек ойнау, жөтел, қан түкіру анықталды. Объективно: акроцианоз. Өкпесінің артқы төменгі бөлімінде әлсіз, ылғалды сырыл. Жүрек тондары тұйықталған, аритмиялық, ЖСТ = 110 мин. Жүрек ұшында: қатты 1 тон, диастолалық шу және митральді қақпаның ашылу дыбысы естіледі. Дәрігердің тактикасы қанда?

* Үйінде ем тағайындау

* Жедел жәрдем шақыгу

* +Ревматология бөліміне жатқызу

* Амбулаторлық ем тағайындау

* Күндізгі стационарға жіберу

343.Науқас іштің жоғары бөлімінде, белді айналдыратын, майлы және ащы тағамнан кейін күшейетін ауырсынуға, жеңілдік әкелмейтін құсуға шағымданады. Пальпацияда сол жақ қабырғалық омыртқа бұрышында ауырсыну.

Қандай болжам диагнозға тән?

*+ Созылмалы панкреатит

* Созылмалы энтероколит

* Созылмалы белсенді гепатит

* Созылмалы калькулезді холецистит, өршу

* Созылмалы аутоиммуннды гепатит

344.28жастағы ер адам келді,шағымдары: 7,5 кг арықтаған, жүрек соғуына, ентікпе, әлсіздік, ұйқысыздық, тершендікке шағымданды. 6 ай бойы ауырған. Объективті: көздері жарқыраған, қол саусақтарының треморы, терісі дымқыл және ыстық.Мебиуса, Кохер симптомдары оң. Қалқанша безі 2 дәрежелі ұлғайған. Өкпесінде везикулярлы тыныс. ЖСЖ 120 рет 1 мин, АҚ 150/60 мм сын бағ.Қай препараттарды беруге болады?

* + тирозол

* анаприлин

* эналприл

* йодомарин

* Тироксин

345.32 жастағы ер адам, жатарда тойып жеген тамақтан кейін пайда болатын аз қақырықты жөтелге шағымданады. Жөтелі денесінің қалпын өзгерткеннен кейін басылады.

Ажырату диагностикасын жүргізу мақсатымен қандай диагностикалық зерттеу өткізу керек?

* Қақырықты бактериологиялық зерттеу

* Бронхография

* Спирометрия

* Кеуде клеткасының мүшелерінің рентгенографиясы

*+Фиброэзофагогастродуоденоскопия

346.Науқас 56 жаста. Кеуде тусындағы қысқа уақытты қысатын ауру сезімдеріне шағымданып келді. Ұстама кезінде дәрігер ЭКГ жүргізді. Стенокардия ұстамасына тән ЭКГ өзгерістерін көрсетіңіз?

* Интервал PQ > 0,20 с

*+ST сегментінің 1 мм ге депрессия

* ST на 5 мм сегмент көтерлуі

* QRS комплексінің түсіп қалуына дейін баратын PQ интервалының узаруы

* PQ < 0,12 с, дельта-толқындарының болуы, QRS комплестері кеңеюі

347.42 жастағы науқас, суықтанудан кейін пайда болған жөтелге шағымданады. Анамнезінде созылмалы бронхит. Дәрігермен қақырықтың зерттеуі тағайындалады.

Асқыну кезінде қақырық зерттеуінде не болуы ықтимал?

* Көп мөлшердегі атипия белгілері бар жасушалар

* +Көп мөлшердегі нейтрофилды лейкоциттер

* Көп мөлшердегі эозинофилдер

* Көп мөлшердегі эластикалық талшықтар

* Көп мөлшердегі эритроциттер

348.Ер адам 24 жаста, шағымдары: белдеме тұсында ауырсыну, жиі ауырсынумен зәр бөлуге шағымданады, ЖЗА: протеинурия, лейкоцитурия, цилиндрурия.

Қай зерттеу арқылы диагнозды анықтауға болады?

A) иммунологиялық сынама

B) +преднизолон сынамасы

C) зәрдің бактериологиялық зерттеуі

D) ультрадыбыстық зерттеу

E) тамыр ішіне контрастты урография

349.Ер адам 57 жаста. Журек тұсында ұзақтығы 40 минутқа жететін қысып ауру сезімі пайда болғанына, аралас түрлі ентікпеге, үрейге, айқын әлсіздікке шағымданып келді. Объективті: жағдайы өте ауыр. Төсекте мәжбүрлі қалып, басы көтерінкі. Тері жабындысы бозғылт, ылғалды. Өкпесінде екі жақты кіші және орташа көпіршікті сырылдар, бірен саран құрғақ сырылдар. ЖСЖ 120 минөтіне, АҚ - 110/80 мм рт. бғ. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Бауыры қабырға доғасымен. ЭКГ - ST сегментінің көтерілуі III де, AVF шығысында

Қарыншалардың фибрилляциясы дамуының ең қауыпты уақыты?

* +Ауру басталғаннан 1,5-2 сағат ішінде

* Ауру басталғаннан 2-3 күн ішінде

* Ауру басталғаннан 7-10 күн ішінде

* Ауру басталғаннан 20 күн ішінде

* Ауру басталғаннан 30күн ішінде

350.I дәрежелі гипотрофия типі бойынша пренаталды дистрофияға тән салмақ –бой коэффициентін көрсетіңіз:

* + 59-56

* 44-40

* 49-45

* 54-50

* 60-57

351.Ұл бала 11 жаста.Дамуы жасына сәйкес. Қызылша, жел шешек, қызылша қызамығымен ауырған. Жиі суық тиіп ауырады. Тұмаумен ауырғаннан кейін кездейсоқтан дене қызуы 40С көтерілген дене температурасы 40С көтерілді. Бала ісініп, ішінде ауырсыну пайда болды. Тексеріп қарағанда жағдайы ауыр, ауырлық жағдайы ісіну және зәрлік синдромға байланысты. БҚА: гипоальбуминемия, гиперазотемия, гиперлипидемия, гиперхолестеринемия. Зәр анализінде гиперпротеинурия, транзиторная микрогематурия, шамалы цилиндрурия. Диагноз қойыңыз:

*+ Жедел гломерулонефрит

* Созылмалы пиелонефрит

* Жедел цистит

* Жедел пиелонефрит

* Созылмалы гломерулонефрит

352.Бала 4 жаста 3 апта бұрын ЖРВИ мен ауырған. Аймақтық дәрігердің қарауында жағдайы орташа ауыр, бозарған, жас ағу, ринория. Жөтел мезілегіштік, көбіне құрғақ. Температурасы 37,4 С. Перкуторлы: қораптық дыбыс. Аускультативті: тыныс барлық жерде, тыныс шығару ұзарған, құрғақ ысқырықты сырыл, аздаған ылғалды орта көпіршікті сырыл. Тыныс алу жиілігі 28 мин.

Кеуде клеткасының рентгені: Өкпе суретінің күшеюі, әсіресе өкпе түбірінде, өкпелік тін желденген, қабырғалар горизонтальді орналасқан, аралықтары кең.

Қандай диагнозды болжауға болады?

* жедел жай бронхит

*+ жедел обструктивті бронхит

* жедел бронхиолит

* жедел ошақты пневмония

* бронх демікпесі

353.Балада эпидемиялық паротитті анықтау кезінде қандай медициналық құжатты толтыру қажет?

* +Ф. 058/у, 060/у, 112/у

* Ф.030/у, 058/у, 060/у

* Ф. 058/у, 060/у, 064/у

* Ф. 058/у, 060/у, 113/у

* Ф. 058/у, 064/у,112/у

354.В. атты 13 жасар науқас бала, әлсіздікке, тершеңдікке, жүдегеніне, сол қабырға астының ауырсынуына шағымданады. Объективті: тері жамылғысы бозғылт, ылғалды. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Бауыр қабырға доғасынан 3см шығып тұрады, көкбауыр кіндік деңгейінде, қатты тығыздықта, ауырсынбайды. Қанда: эритроциттер – 3,0х1012/л, лейкоциттер – 96,0х109/л, миелобласттар– 2%, промиелоциттер – 4%, метамиелоциттер – 8%, таяқшаядролы – 12%, сегментоядерные – 52 %, эозинофилдер - 5%, базофилдер – 5%, лимфоциттер – 12%, тромбоциттер – 200,0х109 /л, ЭТЖ – 56 мм/сағ. Сіздің диагнозыңыз:

* Жедел миелобласты лейкоз

* Миелоид типті лейкемоидты реакция

* Созылмалы миелолейкоз

*+ Созылмалы лимфолейкоз

* Тромбофлебиттік спленомегалия

355.Ольга 4,5 айлық анасының айтуы бойынша стационарға салмақ қоспауына, тәбеттінің төмендеуіне және тұрақсыз үлкен дәретке шағымданып түскен. Туылғандағы салмағы 3400 г; бойы 49 см. Үш айдан бастап жасанды тамақтандырылған. Жедел ішек инфекциясымен ауырған. Стационарға 6000 г салмағымен, 59 см түскен. Терісі ақ, сұрғыш реңмен, құрғақ, сертімділігін жоғалтқан, онай жиырылады. Бұлшықет тонусы бос. Кеудесінде және денесінде тері асты, майқабаты, әлсіз көрінеді, аяқ қолдарында жұқарған. Пальпацияда іші жұмсақ, ауырсынусыз. Көкбауырмен бауыр оң жақ қабырға шетінде сезіледі. Үлкен дәреті тәулігіне 4-5 рет сары- жасыл түсті жағымсыз иісті. Аталған диагноздардың қайсысы дәлірек:

* гипотрофия 1 дәрежесі

* гипостатура

*+ гипотрофия 2 дәрежесі

* гипотрофия 3 дәрежесі

* паратрофия

356.Туа біткен жүрек ақауымен 10 жасар бала жанұялық дәрігердің диспансерлік бақылауында тұрады. Шағымдары жоқ. Физикалық дамуы жасына сәйкес. Баланы қарағанда: жүрек ұшы соғуы және жүрек шекаралары өзгермеген. Аускультация кезінде IV-V қабырға аралығы бойында, төстің сол жағы қатты-дөрекі тембрдағы систолалық шу естіледі. Клиникалық диагнозды атаңыз:

* Фалло тетрадасы

* Ашық аортальді өзек

* Жүрекше аралық перденің ақауы

* +Қарынша аралық перденің ақауы

* Аорта сағасының стенозы

357.1 жастағы балаға ЖТД шақыру жасады. Жедел ауырған. Бала мазасыз, ұстағанда ыстық, дене қызуы 37,9ºС. Аранында энантема, денесінде ұсақ нүктелі бөртпелер, қызғылт реңді. Бір апта бұрын ККП екпесін алған. Сіздің диагнозыңыз және гипертермия түрі:

* Қызылша, типтік түрі. «Қызыл» гипертермия

* Қызылша, типтік түрі. «Ақ» гипертермия

* Қызылша, атипті түрі. «Қызыл» гипертермия

* +Екпеден кейінгі реакция. «Қызыл» Гипертермия

* Екпеден кейінгі асқыну. «Қызыл» Гипертермия

358. 3 айлық баланы үйіне қарауға дәрігер келді. Баланың анасының шағымдануы бойынша 2 күн бойы жөтелге, субфебрильді қызуға, тәбетінің төмендеуіне, бүгін тамақ жеуден ішуден бас тартады, балада кеуде клеткасының тартылуы байқалады. Сіздің әрекетіңіз, БЖАИЖ келісімімен:

* Қауіпсіз заттармен тамақты сүртіп жеңілдету, 3-күннен соң келесі келуді тағайындау

* Тез әсер ететін бронхолитиктің 1 мөлшерін беру, қосымша сальбутамол, бірден ауруханаға жатқызу

* Пневмонияға антибактериальды дәрілер тағайындау, 2күннен соң келесі келуді тағайындау

* Тез әсер ететін бронхолитиктің 1 мөлшерін беру, 5-күннен соң келесі келуді тағайындау

* +Пневмонияға 1 антибиотик тағайындап, бірден ауруханаға жатқызу

359. Карина, 8 жаста. 1,5 ай бұрын ЖРВИ – мен ауырған. Тәбетінің төмендігіне, әлсіздікке, қызбаға, бұлшықеттегі, буындағы, сүйектегі ауырсынуға шағымданады. Қыз бала 5 кг – ға арықтаған. Бетте, мойында, кеудеде, аяқ – қолда эритематозды бөртпе. Жарыққа сезімталдығы байқалады. Шаштары қатты, сынғыш. Жүрек жағынан – тахикардия. Гепатоспленомегалия, лимфааденопатия. Қанда қабыну реакциясы, зәрде нефритке тән әлсіз көріністер. Дәрігер жүйелі қызыл жегіге күмәнданады. Нақты диагнозды қою үшін мына лабораториялық көріністердің қайсысы спецификалық?

* Сиал қышқылы, жалпы белок, альбуминдер

* Холестерин, фибриноген

* Гемолитикалық комплемент

* Аминотрансфераза, альдолаза

*+ Антинуклеарлы антиденелер

360.Бала 2 жаста, диагнозы: Фалло тетрадасы гипоксемиялық ұстама. Төмендегілердің қайсысы шұғыл терапия болып табылады?

* Кислородотерапия, 10% глюкоза в /і тамшылатып 10- 15мл/кг

*Кислородотерапия, морфин 0,1 – 0,2 мл/кг

*ӨЖЖ, пропранолол 0,1-0,2 мг/кг 10мл 20% глюкоза ерітіндісі

*Кислородотерапия, эуфиллин 2-3 мг/кг

* ӨЖЖ, морфин 0,1 – 0,2 мг/кг

361.Он төрт жасар балада асқазан ішек жолының жара ауруына күмән бар. Тексеру мақсатында ауруханаға жатқызылды. Клиникалық көрінісінде алғашқы орында ауыру синдромы, сосын диспепсиялық синдром және қозу синдромыбайқалады. Бұлшық ет қорғанысы оң, вегетативті жүйке жүйесінде бұзылыс бар. Баланы тексеруде негізгі жабдықты зерттеу:

* Пакреатохолангиография

* Барий арқылы рентген

*+ Эзофагогастродуоденоскопия

* Ультрадыбысты зерттеу

* Компьютерлі томография

362.Клиникаға 62 жастағы науқас тік ішектен қан бөлінуге, тез арықтауға, әр кездегі іштің тұрып қалуына шағымданады. Бірінші кезекте диагнозды негіздеу мақсатында қандай зерттеу жүргізу қажет?

*Ректороманоскопия

*Ирригоскопия

*Ішек бойымен барий антеградты пассажы

*Колоноскопия

*+Тік ішекті саусақпен тексеру

363.Жанұя дәрігеріне 5 жасар баласымен ана келді. Айтуы бойынша,бірнеше сағат бұрын ұлы ойнап отырып құлағына пластмасса шарды тығып жіберген. Объективті: құлақ қалқаны мен құлақ төмпешігін пальпациялағанда ауырмайды. Сыртқы есту жолынан бөлінділер жоқ. Құлақ қалқанын артқа және жоғары қарай тартып қарағанда сыртқы есту жолының түбінен домалақ ақ бөгде зат көрінеді.

Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

* Сыртқы отит

*+ Сыртқы есту жолындағы бөгде зат

* Сыртқы есту түтігіндегі бөгде зат

* Ортаңғы құлақтағы бөгде зат

* Жарғақты қуыстағы бөгде зат

364.68 жасар әйел. Эпигастрий аймағында, кіндік айналасында кенет пайда болған, күшті, толғақ тәрізді ауыру сезіміне, қайта-қайта құсуға, газдардың шықпауына шағымданады. Объективті: дене температурасы 37 С, боз, тілі құрғақ, іші үрілген, кіндік айналасында оң жақтан тимпанит, «шалпылдау», қарқынды перистальтика. Қан анализінде: лейкоциттер 17х109 /л, ЭТЖ 29 мм/сағ.

Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

*+ ішектің өтімсіздігі

* Жедел панкреатит

* Перитонит

* Жедел аппендицит

* Мезентериалды тамырлардың тромбозы

365.56 жасар ер адам. Ішінде кенет пайда болған, толғақ тәрізді ауыру сезіміне, құсуға, газдардың шықпауына, нәжісінің болмауына шағымданады. Объективті: боз, қозғалмайды, дене температурасы 37,80 С, тілі құрғақ. Іші ассимметриялы түрде үрілген, сол жақ мықын аймағында Валь, Кивуль симптомдары оң, перистальтика қашықтан естіледі. Қан анализінде: эритроциттер 6х1012 /л, лейкоциттер 18х109 /л, ЭТЖ 29 мм/сағ. Төменде көрсетілген диагностикалық зерттеулердің қайсысы бірінші кезекте жасалады?







Date: 2015-08-24; view: 943; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.089 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию