Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Шінші қадам: Визуалды стратегиялар жәрмеңкесі
Сурет салуға және оны қайта салуға арналған екі аптадан соң, топтар өз қорытындыларын біз визуалды стратегиялар жәрмеңкесі деп атаған іс-шарада көрсетті. Көрермендер құрамына компанияның жоғары басшылары енді, алайда тыңдаушылардың басым көпшілігін EFS-тің сыртқы контрагенттерінің өкілдері – менеджерлердің «егістікте» жұмыс істеген кезде кездескен адамдары, оның ішінде клиент еместер, бәсекелес компаниялардың клиенттері және EFS-тің бірнеше ең талапшыл клиенті құрады. Екі сағаттың ішінде топтар барлық он екі ауытқыманы –онлайндық бизнеспен айналысқан топтың жасаған алтауын, дәстүрлі қызметтермен шұғылданғандардың алтауын көрсетіп шықты. Әрбір ауытқыманы таныстыруға ең көбі он минут берілді, себебі баяндалуына он минуттан артық уақыт кететін идея тым күрделі болады да одан пайда болмайды деп есептелді. Ауытқымалардың суреттерімен аудиторияның танысуына мүмкіндік беру үшін оларды қабырғаларға іліп қойды. Барлық он екі стратегияның тұсаукесері өткеннен кейін, төрешілер – шақырылған қатысушылардың әрқайсысы – бес шағын жабысқақ қағаздан алды, олар осы қағаздармен өздеріне қатты ұнаған стратегияны белгілеулері керек болды. Егер төрешіге белгілі бір стратегия аса ұнаса, ол оның үстіне бес қағаздың барлығын жабыстыра алды. Төрешілдіктің айқындығы мен нәтижені алу жылдамдығы қатысушыларды стратегиялық жоспарлау үдерісінің ажырамас бөлігіне айналатын түрлі саяси ойындардан құтқарды. Менеджерлер тек өз қисықтарының сонылығы мен анықтығына және өз идеясымен таныстыра білуге ғана үміт артты. Менеджерлердің біреуі тұсаукесерін мынадай сөздермен бастады: «Стратегиямыздың ептілігі сіздерді біздің клиенттерімізге емес, жанкүйерлерімізге айналдырады!» Қағаздар жабыстырылып болған соң, төрешілерден өз шешімдерін дәлелдеп беру өтінілді, бұл стратегияны дайындау үдерісіне кері байланыстың тағы бір деңгейін қосты. Сонымен қатар, төрешілер құндылықтың басқа қисықтарына неліктен дауыс бермегендерін түсіндіріп кетулері керек болды. Төрешілердің көбіне ненің ұнағаны немесе ұнамағаны туралы ақпаратты бір жерге жинақтаған соң, қатысушы топтардың анықтағаны: олардың бәсекеде өзекті деп санаған факторларының кемінде төрттен үш бөлігі клиенттер үшін еш аса қызықсыз болып шықты. Факторлардың ендігі төрттен үші нашар баяндалған болды немесе визуалды ояну кезеңінде көзге түспей қалды. Және де басшылыққа өзінің, мысалы, EFS-тегі онлайндық және дәстүрлі қызметтерін ажырату қажеттілігі сияқты, талай жыл өмір сүрген бірқатар сенімдерін қайта қарау керек екендігі анықталды. Одан басқа, жәрмеңкеге қатысушылар барлық нарықтарда клиенттер қажеттіліктердің негізгі жиынтығына ие болатынын және осыған лайық қызмет алуды күтетіндігін анықтады. Осы сәйкестікке қол жеткізген жағдайда олар басқасының барлығына көз жұмуға дайын болады. Аймақтық ерекшеліктер дәл негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыруға қатысты мәселе туғанда ғана маңызға ие бола бастаған еді. Бұл өз аймағының бірегейлігін дәлелдеумен болған көпшілік үшін қызық жаңалық болды. Стратегиялар жәрмеңкесінен кейін, топтар өз мақсаттарының орындалуын аяқтай алды. Олар компанияның стратегиялық бейінін барлық бұрын дайындалған нұсқаларға қарағанда әлдеқайда нақты бейнелейтін құндылық қисығын суреттей алды, оның бір себебі: олар EFS-тің онлайндық және дәстүрлі бизнестің арасын бөлетін, осы күнге дейін бар деп жүрген өзі ойлап тапқан айырмашылығын алып тастады. Әлдеқайда маңызды болғаны – енді менеджерлер басқалардан өзгеше және нарықтың шын мәнінде бар, бірақ жасырын тұрған қажеттіліктеріне бағытталған болашақ стратегияны суреттей алғандығы. 4-4 суретінде компанияның қазіргі және келешек стратегиялары арасындағы басты айырмашылықтар көрсетілген. Суреттен көргеніміздей, өзінің болашақ стратегиясында EFS ең маңызды деп саналған қарым-қатынастарды басқаруды ықшамдады және клиенттермен жұмыс жасау жөніндегі мамандар қызметіне бөлінетін инвестицияны қысқартты, олар осы сәттен бастап тек «ААА» класының клиенттерімен жұмыс істейтін болды. Бұл қадамдар EFS-тің шығынын едәуір қысқартуға мүмкіндік берді, себебі қарым-қатынастар жөніндегі менеджерлер және клиенттермен жұмыс жасау жөніндегі мамандар бизнестің ең қымбат құрамдас бөлігі болып саналды. EFS-тің болашақ стратегиясы пайдалану оңайлығына, қауіпсіздікке, нақтылыққа және жылдамдыққа ерекше көңіл бөлетін болды. Бұл клиенттердің ақпаратты EFS-ке факспен жолдаудың орнына, мәліметтерді өздеріне енгізуге мүмкіндік беретін компьютерленудің көмегімен жүзеге асатын болды. Аталған өзгертулер жұмыс уақытының көбін қағазбен жұмыс істеуге және қателерді жөндеуге жұмсайтын корпоративтік менеджерлердің уақытын үнемдеуге де бағытталған болатын. Енді дилерлер нарықтағы жағдай туралы бұрынғыдан толығырақ ақпарат бере алды. 4-4 СУРЕТІ Дейінгі және кейінгі EFS
Жоғары ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- EFS Онлайн EFS-тің «кейінгі» стратегиясы ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- EFS-тің және басқа бәсекелестердің «дейінгі» стратегиясы Төмен----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Бағасы Клиенттермен Пайдалану Нақтылық Нарық Қадағалау жұмыс жасау оңайлығы туралы жөніндегі ақпарат мамандар
Қарым-қатынастарды Корпоративтік Қауіпсіздік Жылдамдық Растау Басқару дилерлер
4-5 СУРЕТ
EFS-тегі «қысқарту-азайту-арттыру-жасау»
Date: 2015-08-15; view: 462; Нарушение авторских прав |