Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Бағасы Нақты Веб-сайттың Пайдалану Қауіпсіздігі
Уақыттағы тартымдылығы оңайлығы Валюталар Бағамы Клиенттерді Жылдамдығы Дәлдігі Электронды қолдау Тәсілмен мәлімет Алмасу Еуропалық бөлімшелердің қызметкерлері өзінің дәстүрлі қызметі шеңберінде EFS клиенттердің тәуекелдерге деген сезімтал мінезін ескере отырып, тәуекелдерді басқару саласындағы консалтингпен айналысу керектігін дәлелдемек болды. Ал америкалық қызметкерлер, керісінше, мұндай қызметтің еш керегі жоқ деп есептеді. Олар көрсетілетін қызметтердің жылдамдығы мен қарапайымдылығының ерекше маңыздылығын алға тартты. Қатысушылардың көбінің өз әріптестерінің тарапынан қолдау таппаған идеялары пайда болды. Осылай, онлайндық операциялармен шұғылданған топтың бір мүшесі клиенттердің жасаған транзакцияларын қолма-қол растауға уәде берумен оларды тартуға болатынын дәлелдеумен әлек болды – басқа ешкім бұл қызметті керекті деп есептемеді. Осы қиындықтарға қарамастан, топтар тапсырмаларды ақыры орындап шықты да жалпы отырыста салған кестелерін барлық қатысушыларға көрсетті. Олардың нәтижелері 4-2 және 4-3 суреттерінде берілген. Суреттерден компания стратегиясының ақаулары анық көрінеді. НS-тің дәстүрлі және онлайндық операцияларымен байланысты құндылық ауытқымаларында фокустың жоқтығы анықталды; компания екі бизнестегі саны көп әрі алуан түрлі факторларға да инвестициялар жасады. Оның үстіне EFS-тің екі қисығы да бәсекелестердің ауытқымаларына ұқсас болды. Ешбір топтың құрастырылған құндылық қисығына сай келетін есте қаларлық ұран ұсынбағаны таң қаларлақ ғажайып емес еді. Одан басқа, суреттерде сол кезде бар қайшылықтар айқын бейнеленді. Мысалы, онлайндық бизнеспен шұғылданғандар онлайндық инвестицияларды пайдаланылуы жеңіл веб-сайттарға салды және сол үшін сыйлықтар алды, алайда, кейін анықталғандай, беттердің жүктелу жылдамдығын олар мүлде ұмытып кеткен. EFS сайты осы салада қызмет ететін компаниялар арасындағы сайттардың ішіндегі ең баяуларының бірі болды, сондықтан болар, осынша ыждаһатпен дайындалған бет клиенттерді өзіне тарта алған жоқ және олардың жолдауларын сатылымдарға өзгертпеді. Қатысушыларды НS стратегиясын бәсекелестер арасындағы стратегиямен салыстыру бәрінен қатты таңғалдырған болар. Онлайндық топ оның ең мықты бәсекелесі, біз оны Clearskies деп атайық, нақты бағытталған әрі жеңіл тұжырымдалатын стратегияны: «Жүгірпенің бір-ақ шертілуімен алмасу – бұл оңай» иемденгенін түсінді. Clearskies тез өсіп, көгілдір мұхитқа қол жеткізді. Компанияның айқын кемшіліктерінің көзге көрінетін дәлелдерімен бетпе-бет келген соң, EFS басшылары енді өздерінің әлсіз, жаттанды әрі нашар тұжырымдалған стратегиясын ары қарай қолдай алмады. Стратегиялық арқау жасауға әрекеттенуі сандармен қуатталған болса да, сөз арқылы берілген кез келген дәлелдерге қарағанда, өзгерістер жасауға итермеледі. Осы жаттығудан соң жоғары дәрежелі басшылықта компанияның ескі стратегиясын ықтиятпен қайта қарау ниеті пайда болды.
Date: 2015-08-15; view: 492; Нарушение авторских прав |