Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Зіңіздің жеке стратегиялық арқауыңызды жасау





Стратегиялық арқауды бейнелеу қашан да қиын. Тіпті бәсекенің басты факторларын анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Қорытынды тізімнің алғашқы нобайынан қатты ерекшеленетінін келешекте әлі көресіз.

Сіздің және бәсекелестеріңіздің ұсынып отырған факторлары қаншалықты өзгешеленетінін анықтау одан да қиын. Менеджерлердің көпшілігі өздерінің және бәсекелестерінің бір-екі өлшем бойынша өз жауапкершілігінің аумағындағы ісі туралы анық түсінігі бар, алайда кез келген менеджер өз саласының жалпы динамикасын анық елестете алмайды. Мәселен, әуе компаниясындағы клиенттерге мейрамханалық қызмет көрсету жөніндегі менеджер компанияның және оның бәсекелестерінің клиенттеріне қандай басытқылар мен сусындар ұсынатынына ерекше көңіл бөледі.

Әйткенмен мұндай екпін бүкіл көрініске баға беруге кедергі болады; мейрамханалық қызмет көрсету жөніндегі менеджерге өте маңызды болып көрінетін нәрсе, ұсынысты жиынтық түрінде қарастыратын клиенттер үшін аса маңызды болмайды. Кейбір менеджерлер бәсеке факторларын олардың компанияға қандай пайда әкелгеніне қарай таниды. Мысалы, ақпараттық технологиялар жөніндегі Вице-президент жүйенің мәліметтерді интеллектуалды деңгейде іздеуі бойынша мүмкіндіктеріне зор көңіл бөлуі ықтимал, ал бұл – клиенттердің көпшілігі байқамайтын нәрсе, оларды жылдамдық пен пайдалану ыңғайлылығы әлдеқайда көп қызықтырады.

Соңғы он жылдың ішінде біз стратегиялық арқауды бейнелеудің және талқылаудың компания стратегиясын көгілдір мұхит бағытына бұратын құрылымдық үдерісін әзірледік.

Бәсекеден кетуге негізделген стратегияны жасау үшін осы үдерісті пайдаланған компаниялардың бірі болған 150 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан қаржылы кеңесші топ, біз оны European Finansial Services (EFS) деп атаймыз. Оның жасаған стратегиясы нәтижесінде бірінші жылдың өзінде-ақ қосымша 30 пайыз кіріс әкелінді. Көгілдір мұхит жасаудың алты амалына негізделген және қатысушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға арналған, көзбен шолуға негізделген, ынталандыруды кең түрде пайдалануды қамтитын үдеріс, төрт негізгі қадамнан тұрады (4-1 суретін қараңыз).

 







Date: 2015-08-15; view: 514; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию