Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Алтыншы жол: Ертеңгі күнге көз тігу
Барлық салалар уақыт өте келе бизнеске ықпал ететін сыртқы үрдістердің әсеріне түсуі ықтимал. Тым болмаса Ғаламтор атағының шарықтауын немесе қоршаған ортаны қорғауға қатысты дүниежүзілік қозғалысты алсақ та болады. Егер осы үрдістерге дұрыс көзқараспен қарайтын болсақ, көгілдір мұхит жасаудың мүмкіндіктерін табуға болады. Түрлі оқиғалар дамып жатқан сайын, компаниялардың көбі оларға біртіндеп және өте баяу түрде бейімделе бастайды. Мейлі ол жаңа технологиялардың шығуы болсын немесе заңнамадағы ірі өзгерістер болсын, менеджерлер, әдетте, үрдістің дамуын болжауға көңіл бөледі. Ол үшін олар «технология қай бағытта дамитын болады, ол қалай қолданылады, оны өлшеуге келе ме?» деген сауалдарға жауап іздейді. Өз әрекеттерін өздері қадағалап отырған үрдістің дамуына бағындырады. Алайда көгілдір мұхит стратегиясы саласында нағыз соны ойлардың келуі үрдістің өзін жай болжалдаудан пайда болуы екіталай. Керісінше, олар үрдістің клиенттер үшін құндылыққа және компанияның бизнес-үлгісіне қалай әсер ететінін түсінуге негізделеді. Нарықтың бүгін ұсынып отырған құндылығынан бастап - ертең ұсына алатын құндылығына дейінгі болашақты болжаушы менеджерлер өз келешегін белсенді түрде құрып, көгілдір мұхит жасаймыз деп үміттене алады. Ертеңгі күнге көз жүгірту біз жоғарыда әңгімелеп кеткен жолдардың бірімен жүруден әлдеқайда қиын шығар, бірақ та бір тәртіпті амалды қолданса, біріншісі де, екіншісі де мүмкін бола алады. Біз болашақ туралы бал ашуды айтып тұрғанымыз жоқ, бұл мүмкін емес. Әңгіме бүгінгі күннің өзінде байқауға болатын үрдістердің мәніне ену туралы. Үрдістер мен олардың уақыт өте келе өзгеруін бағалау кезінде үш басты қағида аса маңызды болып саналады. Көгілдір мұхит стратегиясының негізін қалау үшін бұл үрдістердің сіздің бизнесіңіз үшін шешуші мәнге ие болуы, кері айналмауы және айқын траекториясы болуы қажет. Үрдістердің көбін уақыттың кез келген сәтінде байқауға болады – мәселен, технологияның секірмелі дамуы, жаңа өмір салтының пайда болуы, заңнамадағы өзгерістер немесе әлеуметтік ортаның ауысуы. Десе де шешуші ықпалды бизнеске тек бір-екі үрдіс қана жасайды. Тағы, үрдісті немесе ірі оқиғаны көріп, бірақ олардың ары қарай даму бағытын болжай алмауы да мүмкін. Сонымен, 1998 жылы Азияда, қаржылық қызмет көрсету саласына, еш күмәнсіз, айтарлықтай ықпал етуі тиіс болған дағдарыс туды. Оқиғалардың ары қарай өрбуін болжап айту қиындық туғызды, сондықтан көгілдір мұхит стратегиясын құру тым қауіпті еді. Ал евроның енгізілуі, керісінше, тұрақты траекториямен келе жатыр, түрлі еуропалық валюталардың біртіндеп ауысуы жүзеге асуда. Қаржылық қызметтер саласындағы айқын, кері айналмайтын және анық үрдіс көзге бірден түседі, соның негізінде Еуропалық одақтың кеңеюіне қарай көгілдір мұхит жасауға болады. Осындай үрдістерді анықтап алған соң, ертеңгі күнге көз жүгіртуге тырысып, өзіңізден: осы үрдістер қисынды түрде аяқталса, нарық қандай болып көрінеді деп сұрау қажет. Көгілдір мұхит стратегиясын осылай елестетуді басшылыққа алып, жаңа көгілдір мұхит ашу үшін қайта осы шаққа оралып, бүгін нені өзгерте алтынымызды анықтауға болады. Мысалы, 1990 жылдардың соңына қарай Apple компаниясының назарына дүние жүзін жаулап алған музыкалық файлдарды заңсыз көшіру толқыны ілінді. Napster, Kazaa және Lime Wire сияқты музыкалық файлдарды таратудың осындай бағдарламаларының көмегімен заңсыз болса да еш қедергісіз дүние жүзіне көшірмелерді тарататын ғаламтордан хабары бар музыка әуесқойларының бүтін бір желісі қалыптасты. 2003 жылға қарай заңсыз таратылатын музыкалық файлдардың саны айына екі миллиардтан асып кетті. Дыбыс жазумен айналысатын компаниялар СД-дискілерінің заңсыз өндірілуімен күресіп жатқанда, заңсыз көшірілген музыкасы бар цифрлық файлдар тасқыны ұлғайып, кеңейе берді. Бір дискіге орташа есеппен 19 доллар төлеудің орнына, кез келген адамға музыканы тегін көшіріп алуға мүмкіндік беретін қол жетімді технология ендірілгенде, цифрлық музыкадағы үрдістің жайы белгілі болды. Оған Apple компаниясының абыройы артқан iPod-ы сияқты MPЗ-плеерлерге деген үдемелі сұраныс дәлел болды, олардың көмегімен цифрленген музыканы кез келген жерде тыңдауға жол ашылды. Apple компаниясы өзіне де ықпал етіп жүрген және бағдары анық осы тұрақты үрдістен өзіне пайда түсірді. 2003 жылы Apple онлайндық музыкалық iTunes дүкенін ашты. BMC, EMI Group, Soni, Universal Music Group cияқты бес ірі музыкалық компаниямен жасалған келісім бойынша, дүкен сіздің таңдаған әндеріңізді заңды түрде жүктеудің ыңғайлы да икемді тетігін ұсынады. iTunes дүкені сатып алушыларға екі жүз мың ән туралы ақпаратты тегін қарап шығуға, отыз секундтық үзінділерді тыңдауға және таңдалған әнді 99 центке немесе бүтін бір альбомды 9,99 долларға жүктеп алуға мүмкіндік береді. Сатып алушыға әрбір әнді жеке сатып алуға жағдай жасап және стратегиялық тұрғыдан салыстыра тексерілген әрі ақылға қонымды баға тағайындап, iTunes дүкені негізгі көңіл-күйді бұзатын факторды - бір-екі әнге бола тұтас бір дискіні сатып алу қажеттілігін жойды. Оған қоса, iTunes дүкені музыкалық файлдарды тегін жүктеуге қатысты қызметін ұсынғандарды басып озды, себебі жазудың жоғары сапасын және каталогтарды қарап шығудың әрі іздеудің қолайлы әдістерімен қамтамасыз етті. Музыканы заңсыз түрде жүктеп алу үшін сіз алдымен Ғаламтордан әнді, альбомды немесе әншіні тауып алуыңыз қажет. Егер сіз тұтас бір альбомды іздесеңіз, барлық әндердің атауын және олардың жазылу ретін білу керек. Бір деректен тұтас альбомды көшіріп алу мүмкіндігі сирек болады. Дыбыс сапасы төмен, өйткені адамдардың көбі орынды үнемдеу мақсатымен бит-рейті (бит-рейт көрсеткіші дыбыстау секундын кодтау үшін қанша бит-ақпарат жұмсалатынын анықтайды) төмен дискілерді жазады. Қолжетімді жазбалардың көпшілігі он алты жасар жасөспірімдердің талғамдарын бейнелейді, сондықтан да теория бойынша еркін қолданыста миллиардтаған жазбалар болғанымен, таңдау бәрібір шектеулі. Ал Apple-дің ақпаратты іздеу және қарап шығуға қатысты ұсынатын қызметтері осы саланың ең үздігі болып есептеледі. Оған қоса, iTunes-тің музыкалық редакторлары, әдетте, музыкалық дүкендерде болатын бірқатар қосымша жинақ ұсынады, оның ішінде, мысалы «Үздік металл» немесе «Махаббат туралы үздік әндер», «Әріптестердің сүйіп тыңдайтын әндері», «Атақтылар не тыңдайды», «Billboard рейтингілерінің жеңімпаздары». iTunes жазуларындағы дыбыс сапасы аса жоғары, себебі дүкенде ұсынылатын әндердің дыбыс сапасы МПЗ форматындағыдан, тіпті дискілер өте жоғары битрейтпен жазылса да, әлдеқайда жақсы ААС атты форматта кодталған. iTunes дүкеніне баратын сатып алушылар өте көп, аудиожазу компаниялары да, әншілер де құр қалмайды. iTunes оларға әнмен жүктелген әрбір файл құнының 65 пайызын төледі, сөйтіп, олар да цифрлы аудиожазуды жүктеуге байланысты жаппай есуастықтан пайда таба бастады. Ол аз десеңіз, Apple Napster-дің арқасында цифрлы музыкаға еркін қол жеткізуге үйренген пайдаланушыларға қолайсыздық тудырмайтын және сөйте тұра музыкалық индустрияның да көңілінен шығатын авторлық құқықты қорғаудың әдісін дайындап, дыбыс жазу компанияларының бұрынғыдан да мықты қорғалуын қамтамасыз етті. iTunes Music Score пайдаланушыларға бір музыкалық шығарманы iPod пен СD-дискілерге жеті мәртеге дейін жазуға рұқсат береді, бұл музыка әусқойларын қанағаттандыруға жетіп жатыр, ал кәсіби қарақшылықты қамтамасыз ету үшін тым жеткіліксіз. Бүгінгі күні iTunes Music Score 700 000-нан астам ән ұсынады, ал өзі ашылған жылы 70 миллионнан артық ән сатты, пайдаланушылар аптасына орташа есеппен 2,5 миллион жазбаны жүктейді. Nielsen Net Ratings-тің берген бағасына сәйкес, iTunes Music Score дүкені бүгінде заңды көшірілетін музыканың нарығына өнімнің 70 пайызын ұсынады. Apple-ге тиесілі iTunes өзінің басқа өнімі – аты кеңге танымал iPod плеерінің – тартымдылығын арттыра отырып, цифрлы музыка саласында жаңа көгілдір мұхит ашуда. Нарық үшін күреске басқа компаниялар да түсуде, сондықтан Apple-дің мақсаты - өсіп келе жатқан көпшілік нарығында өз орнын сақтап қалу және бәсекелі бенчмаркинг немесе тауашалы маркетингтің деңгейіне дейін түсіп кетпеу болып табылады. Дәл осы әдісті көріне бастаған үрдістердің келешектегі дамуын талдап, жаңа нарық жасаған Cisco Systems компаниясы да қолданды. Барлығы ары қарайғы дамуын оңай болжауға болатын, айқын және кері айналмайтын трендтен – жоғары жылдамдықпен мәлімет алмасуға деген үдемелі қажеттіліктен - басталды. Cisco осы қалыптасқан жағдайды көріп, дүние жүзілік мәліметтердің - жолдаудың баяу жылдамдығынан және компьютерлік желілердің сыйымсыздығынан тұншығып жатқанын түсінді. Сұраныс қарқынды артып келе жатты, себебі басқа факторларды атамағанда, Ғаламтор пайдаланушылардың саны әрбір жүз күн сайын екі есеге көбейіп отырды. Cisco мәселенің ары қарай ушыға беретінін анық көрді. Фирма дайындаған маршрутшылар, коммутаторлар және басқа да желілік құрылғылар клиенттер үшін бұрын-соңды болмаған құндылық жасауға арналды және оларға мінсіз түйіскен желілік ортада мәліметтермен тез ауысуды ұсынды. Cisco-ның тапқан шешімі инновациялық құндылық саласына да, технологияда үлкен жаңалық енгізуге де жатады. Қазіргі кезде Ғаламтордағы бүкіл кестенің 80-нен астам пайызы Cisco фирмасының өнімдері арқылы өтеді, ал нарықтың жаңа кеңістігіндегі жалпы пайдасы шамамен 60 пайызды құрайды. Алтыншы жолдың келешегін көрген кезде, көгілдір мұхит жасайтын басқа компаниялар да дәл осылай жасайды. Мысал ретінде пайда болуына дамып келе жатқан жаһандану себеп болған, жаңалықтардың алғашқы тәулік бойы, күн сайын жұмыс істейтін дүниежүзілік желісін жасаған CNN-ді келтіруге болады. НВО шығарған «Түнгі қаладағы секс» атты аса танымал сериал өмірде табысқа қол жеткізген және өз махаббатын тауып, сақайған кезінде тұрмысқа шығуға тырысатын, саны барған сайын артып келе жатқан қала әйелдерінің пайда болуы үрдісіне негізделген болатын. Сіздің салаңызға қандай үрдістердің ықпал ету ықтималдығы жоғары? Қандай үрдістер кері айналмайды, қайсысының айқын болашағы бар? Бұл үрдістер сіздің салаңызға қалай әсер етеді? Олардың көмегімен клиенттер үшін бұрын-соңды болмаған құндылықты жасай аласыз ба?
Date: 2015-08-15; view: 465; Нарушение авторских прав |