Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Конспект





Жүйелі және логикалық байланысы бар жазба конспект деп аталынады. Конспектте біруақытта жоспар мен тезистер және көшірмелер немесе тезистер мен көшірмелер, басқаша алғанда, жоспар мен көшірмелер беріледі.

Конспект жазған кезде оның ішкі логикалық мазмұнына ерекше ден қойылады. Алдайда консект жазғанда оның логикалық байланысы мен тілдік байланысын шатастырмау қажет.

Жоспарлы конспект түрлерінің ішіндегі ең қарапайымы, ол- сұрақ-жауапты конспекті. Бұл жағдайда сұрақ нысаны ретінде берілген жоспар бөлімшелеріне конспект нақты жауап береді. Сондай-ақ, жоспарлы конспект, кебір жағдайда кестелі – жоспарлы конспект түріндежасалады. Мұндай конспектте логикалық құрылым мен жеке жағдайлардың өзарабайланысы көрініс табады.

Мәтінді конспект - қолжазбадан алынған үзінді- дәйексөз негізінде жасалады. Мәтіндік көшіру логикалық байланыс арқылы беріледі.

Мәтінді конспект- автордың сөзбе-сөз айтқандары мен келтірген дәйектерін айқындайтын ерекше дерек көзі. Мұндай конспект ғылыми мақала (кітап) авторының шынтуайтсыз пайымдаулары немесе талас туғызатын жақтарын анықтауда үлкен мүмкіндік береді. Ал мұны мазмұнын айту кезінде аңғару қиын. Өйткені,

Мәтінді конспектіні материалдарды оқу кезінде бірқатар авторлардың айтқандарын салыстыра талдау үшін аса қажет. Алайда мәтінді конспект жасаған уақытта басты дәйексөздерді (көшірме жасау шеберлігін) нақтылы және дұрыс, тез таңдай алу шеберлігін талап етеді.

Еркін конспект- көшірме, дәйексөздерді кейде тезистерді үйлестіретін конспект түрі. Бұл конспект түрі басты мәселелерді өздігінен, нақты және қысқаша тұжырымдау шеберлігін қажет етеді. Ол үшін материалды тереңнен түсіну, бай және белсенді сөздік қор болуы тиіс.

Тақырыптық конспект- қойылған сұрақ-тақырыпқа қажетті барынша немесе азды-көпті жауап береді. Әрине, бұл негізінен конспекті жасаған кезде қолданған әдебиеттер саны мен басқа материалдарды пайдалану деңгейіне байланысты болады. Тақырыптық конспектіні жасау тақырыппен жұмыс жасауға, оны жан-жақты қарастыруға және сол бір тақырыпқа қатысты әртүрлі көзқарастарды талдауға үйретеді.

Тезис (түйін)

Тезис – бұл дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын тұжырымдама-пайымдаулар. Тезистің көшірмелерден өзгешелігі, ұсынылатын дәйектерге дәлелдер келтірілуі тиіс.

Негізгі тезистер- дерек көзінің мазмұнын жалпылайтын басты тұжырымдамалар. Мұндай тезистерден кейбір жағдайда материалдардың мазмұнын тұтастай айқындайтын жеке жазбалар жасалады. Ал қорытынды басты тезистер алдыңғы материалдардың мазмұнын жалпылауы тиіс.

Қарапайым тезистер – бұл басты ой-пайымдаулар, кейде конспект, реферат құрамдас бөлігі ретінде енгізіледі.

Кез келген еңбекте, оның әрбір бөлімшелерінде қарапайым тезистер көбірек кездеседі.

Қарапайым тезистерді еңбектің тұтастай мазмұнының жалпы бағыттылығына қарамастан оның барлық бөлімшелерінен бөліп алуға болады.

Тезистердің келесі түрі, алдыңғы екеуімен салыстырғанда өзінің құрылысы жағынан күрделі болып келеді. Өйткені мұнда негізгі және қарапайым тезистер қатар қолданылады. Сондықтан оны күрделі тезистер деп атайды.

Күрделі тезисте негізгі тезистерден кейін қарапайым тезистер келтіріледі. Бұл оқығанды бекітудің пайдалы және жетілген түрі болып келеді.


Тезистерді тұжырымдамалау нақты және қысқа болуы керек. Тезистердің өзінде негіз болатын фактілер мен мысалдар келтірілмейді.

Егер, дайын тезистерді пайдаланған кезде олардың негіздемелері мен дәлелді жақтарын білмесеңіз, онда жалаң қорытындылар шынайы білім алу үшін жеткіліксіз. Дәлелдер тезис жасалып отырған кітапта немесе мақалада беріледі, ал негіздеме мен дәйектерге жазбада сілтеме жасау қажет. Сондықтан әдебиеттермен жұмыс істеген кезде оларда берілетін тақырыпқа қатысты дәлелдік- дәйектеу тұстарына аса мән беру қажет.

Дәйексөз тезистері. Тезистердің бір бөлігі дәйексөз ретінде келтірілуі мүмкін. Мұндай әдісті әртүрлі көзқарастарды салыстыру үшін пікірлеме, аннотация жазғанда қолданады. Сондай-ақ, жасалатын орытындыларға қатысты аса сақтық қажет болған жағдайда пайдаланылады. Алайда дәйексөз тезистері кейбір жағдайда өте ұзақ болуы мүмкін. Сондықтан оларға жоспар бөлімшелерін жасау керек.

Тезистерді жасаған уақытта тұжырымдамаларды кітапта берілетін ретпен емес, оларды логикалық байланыс жағынан біріктіріп беру қажет.

7. Семинар (практикалық) және/немесе зертханалық сабақтарды өткізу жоспары және оларға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқау;

 







Date: 2015-07-22; view: 5659; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию