Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Реферат





Реферат– (лат. refere - «хабарлау») – нақты ғылыми материалдың: кітап, білім, ғылыми мәселе және т.б. мазмұнын жазбаша түрде қысқаша түрде баяндау. Студенттердің ғылыми жұмысының бұл түрі негізгі теориялық курстарды оқытқанда және арнайы қолданбалы пәндерді оқыған кезде де пайдаланылады.

Реферат студенттің өздігінен бір (монографиялық реферат) немесе бірнеше (шолу рефераты) ғылыми еңбектермен жұмыс істегенінің нәтижесі және онда олардың негізгі мазмұны көрініс табуы керек. Рефератты жазған кезде студент ғылыми мәтіндегі негізгі жақтарын, еңбекте арнайы қарастырылатын мәселені анықтай білуге және оны шешудің әдістерін автор (авторлар) қолданған жолдарды көре білу тиіс.

Рефераттың құрылымы нақты болуы қажет:

Монографиялық реферата әдетте шағын кіріспе бөлімі, онда қойылған ғылыми тақырыптың маңыздылығы көрсетіледі; негізгі бөлімінде еңбектің мазмұны ашып көрсетіледі, ал, қорытындысында автордың тұжырымдарын қысқаша түрде береді, егер ол болмаса, оны өзі жасайды. Осы арада, қорытынды рефераттың міндетті бөлімі болып табылмайды, көпшілік жағдайда ол жұмыстың мазмұнын баяндаумен аяқталады.

Негізгі бөлімнің құрылысы төмендегідей болуы мүмкін:

· конспектілі, мұнда жұмыстың құрылымы еңбектің негізгі бөлімдерімен (тарау, бөлім, параграф және т.б.) толық сәйкес болып келеді;

· фрагментті, еңбектің тек жеке бөлімдері қарастырылады (әдетте мұндай түрде көлемі үлкен және көп мәселе қарастырылатын еңбектер орындалады);



· аналитикалық, мұнда қарастырылып отырған тақырып еңбек мазмұнының құрылымымен байланысты жасалмайды, бұл жағдайда реферат жоспары құрылып, сол бойынша мазмұны жасалады.

Шолу рефераты жалпы алғанда құрылымы жағынан ұқсас келеді; оның өзгешелігі: кіріспе алдында міндетті түрде реферат жоспары, соңында рефератта қолданылған әдебиеттер тізімі көрсетеледі. Алайда, мұндай реферат түрімен жұмыс істеу қиын, өйткені, мұнда жеке ғылыми мәселе немесе теория бойынша бір немесе бірнеше авторлардың еңбектері арқылы негізгі әдебиеттерге шолу жасалады. Бұл жағдайда тек қарастырылған әдебиеттердің негізгі мазмұнын ғана бөліп көрсетуге талап қойылмайды, сонымен қатар олардың әрқайсында мәселенің (теорияның) қай қырлары ашылып көрсетілетіндігін және кейбір жақтарына салыстыру, жалпылау жасау, олардың өзара байланысын, өзгешіліктерін ажырату керек. Мұндай рефераттар құрылымы жағынан әртүрлі болып келеді. Деректер белгілі бір кезең бойынша (пайда болу уақыты жағынан, жұмыстың маңызы бойынша және т.б.) жеке түрде немесе аналитикалық, яғни әртүрлі деректерде мәселенің әр қырынан көрініс табуы қарастырылады.

Дайын рефератты студент оқытушыға тексеруге береді, оны тексерудің басты формасы – рецензиялау болып табылады. Сол сияқты басқа да түрлері, мәселен, студенттермен жұмысты өзара рецензиялау немесе рефератты семинарда немесе студенттер конференциясында ауызша баяндама ретінде тапсыру.

Рефераттар студенттердің семинар сабақтарындағы жұмысында да қолданылады. Мұндай жағдайда олар тілек бойынша орындалады және сабақта одан әрі қарай топтағы басқа студенттермен талқылау мақсатында оқылады.

Жалпы рефератпен жұмыс істеу студенттерге, зерттеушіге аса маңызды шеберліктерді игеруге, атап айтқанда: ғылыми мәтінмен жұмыс істеуге, ондағы негізгісін, маңыздысын бөліп көрсетуге, оларды өз сөзімен жеткізе білуге, зерттелген материалдарды жүйелеуге және бірізді құруға мүмкіндік жасайды.






Date: 2015-07-22; view: 1266; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2019 year. (0.004 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию