Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
БЭК: еуразиялық ықпалдастық жобасы
Негізгі түсініктер: Кедендік Одақ, БЭК, ЕурАзЭҚ. 1. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш ел - Ресей, Беларусь, Қазақстан үшін бірыңғай кедендік тариф күшіне енді. 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап бірыңғай кедендік кодекс енгізілетін болады. 2011 жылдың ортасынан бастап тауарлардың кедендік бақылауы Беларусь Республикасының, ал бір жылдан кейін Қазақстан Республикасының сыртқы шекарасына көшірілетін болады. Үкіметтегі білікті мамандар: «Толыққанды және толық ауқымдағы Кедендік 2011 жылдан бастап енгізіледі және Ресей мен Қазақстан шекарасындағы барлық рәсімдеу шаралары шекараның сыртқы жиегіне шығарылады, оның ішінде барлық тарифтік және тарифтік емес: санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық реттеулер бар. Бұлардың барлығы 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап өзгертіледі» деп атап көрсетті. Кедендік одақ 170 млн. адам өмір сүретін ірі рынокты қамтиды. Біздің елдеріміздің өнеркәсібі 600 млрд. долларды, тек мұнайдың жиынтық резервінің өзі 90 млрд. баррельді құрайды. Біздің елдеріміз энергия ресурстары рыногында да әлемнің алпауыт мемлекеттері есептесетін маңызды ойыншыға айналып отыр. Сарапшылардың бағалауынша, Кеден одағы үш елге 2015 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің 15 пайыздан астам өсіміне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Кеден одағынан келетін жалпы әсер Ресей үшін 400 млрд. доллар, Беларус пен Қазақстан үшін 16 млрд. доллар немесе ішкі жалпы өнімдерінің 14 пайызы. Кедендік одақтың құрылуына халықаралық сарапшылар да елеулі көңіл бөліп отыр. Мәселен, Ресейдегі «Еуразия мұрасы» коммерциялық емес қорының президенті Елена Яценко: «Кедендік одақтың құрылуы үш ел арасындағы экономикалық байланыстардың жеделдеуіне, тауар айналымының өсуіне ықпал етуі тиіс. Бұл экономикалық кедергілерді алып тастаудың сөзсіз әсері. ЕурАзЭҚ сарапшылары үш елдің өзара саудасындағы кедендік кедергілерді жою 2015 жылы «интеграцияланған үштіктің» ІЖӨ өсуін 15-20 пайызға қамтамасыз етеді деп болжамдайды» деген пікірін жеткізді. Кедендік одақ – бұл біздің ықпалдастығымыздың келесі сатысы. Бұған дейін Беларус, Қазақстан, Ресей арасында еркін сауда аймағы жүзеге асқан болатын. Бұл еркін сауда аймағының мәнісі – үш ел арасында нөлдік, яғни кедендік баждың жоқ екендігін білдіреді, ал басқа елдермен әрбір елдің өзіне тән кедендік баж салығы жүйесі болды. Ал ендігі Кедендік одақ нені білдіреді дегенге келетін болсақ, үш ел арасында ешқандай да кедендік баж болмайды, ал үшінші елдерге қатысты барлық кедендік баж салығы бірыңғайланады. 2. БЭК-тің толық көлемде жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін 2011 – 2015 жылдар аралығында тағы да 55 халықаралық келісімдерді және басқа да құжаттарды қабылдап, белгіленген нақты мерзімдеріне сәйкес БЭК қалыптастыратын келісімдер бойынша 74 міндетті шаралардың орындалуын қамтамасыз ету қажет. БЭК-тің құқықтық негізін қалыптастыратын келісімдерді шартты түрде алты топқа бөлуге болады: келісілген экономикалық саясат жүргізу және экономиканы реттеу жүйесін үйлестіру; қызмет көрсетудің ортақ рыногын жасау; капиталдың ортақ рыногын қалыптастыру және келісілген валюталық саясат жүргізу; еңбек ресурстарының ортақ рыногын жасау; ортақ энергетикалық рынок қалыптастыру, энергетика мен көлік саласында табиғи монополиялардың қызметіне қолжетімділікті туғызу; техникалық реттеу деген сияқты. БЭК-ті құрайтын төрт құрамдас бөліктің біреуі – тауарлардың ортақ рыногы – жұмыс істеп тұрған Кеден одағымен атқарылып отыр. БЭК-тің тағы бір маңызды бөлігі – қызмет көрсетудің ортақ рыногының алғышарттары 2012 жылдың басында жасалмақ. Осының шеңберінде БЭК-ке қатысушы мемлекеттер өздеріндегі заңды және жеке тұлғалардың қызмет көрсету рыноктарына енудің ұлттық режімдерін бекітуге ұмтылып, арнайы лицензияны қажетсінетін қызмет түрлеріне берілген лицензияларды мойындауды қамтамасыз етеді және ұлттық заңнамаларды үйлестіреді, ал қызмет көрсету саудасы бойынша үшінші елдерге қатысты келісілген саясат жүргізеді. 2013 жылғы 1 қаңтардан жүктерді тасымалдаудың темір жол тарифтері бір жүйеге түсіріліп, әрбір мемлекеттің территорияларында қолданылып келген бұрынғы экспорттық, импорттық және ішкі тарифтер жойылады. Олардың орнына ортақ тариф енгізіледі. 2015 жылғы 1 қаңтардан БЭК-ке мүше мемлекеттердің жүк тасымалдаушылары үшін темір жол инфрақұрылымын еркін пайдалану мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. 2014 жылғы 1 қаңтардан БЭК-ке мүше елдер үшін мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу жүйесінде ұлттық режім қолданылатын болады. 2014 жылғы 1 қаңтардан капиталдың ортақ рыногын құру шеңберінде БЭК-ке мүше елдердің ұлттық режім жағдайында қаржы, банк және сақтандыру қызметтеріне еркін ену қамтамасыз етіліп, инвестициялық қызметке теңқұқықтық жағдай жасалады, валюталық операцияларға шектеу алынып тасталады. 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін газ бағасы бойынша (нарықтық) бірдей пайда түсетіндей жағдайға қол жеткізіледі. БЭК-те ортақ еңбек рыногы қалыптасады. БЭК-ке мүше елдердің еңбек мигранттары белгілі бір әлеуметтік кепілдіктерді пайдаланып, олардың құқықтары қорғалатын болады. Осы аталған шаралардың бәрі 2016 жылдың 1 қаңтарынан БЭК-тің толық сипатта жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. БЭК-ті құру – бұл ең алдымен, еркін бәсекелестіктің дамуына мүмкіндік және ортақ кеңістікте инновациялық белсенділіктің күшеюіне жағдай тудыру. Мұндай бәсекелестік тауарлар мен қызмет көрсетудің сапасын жақсартудың маңызды ынталандырушысы болып табылады. БЭК-ті қалыптастыруда нормалар мен ережелерді бір ізге түсіру мен үйлестіру кәсіпорындарда бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруға және оларды дамудың инновациялық жолына салуға қолайлы жағдай жасайды. Биылғы жылдың 18 қарашасында посткеңестік аумақ елдері үшін тарихи оқиға болып, Ресей, Қазақстан және Беларусь президенттері Еуразиялық экономикалық интеграция туралы Декларация мен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) жөніндегі келісімді қабылдады. 2011 жылғы 26 қазанда «Известияда» Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еуразиялық одақ: идеядан болашақтың тарихына» деген бағдарламалық мақаласы жарияланып, онда Еуразиялық экономикалық одаққа ұласатын Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің одан әрі дамуының мүмкіндіктері нанымды түрде бейнеленді. ЕурАзЭҚ-тың дамуының практикалық нәтижелерін бағалай келе, Қазақстан Президенті 11 жыл ішінде қоғамдастықта интеграцияның әр түрлі өлшемдердегі тиімді жылжуын қамтамасыз ететін тораптық механизмдерінің, оның ішінде, салалық деңгейде, сондай-ақ кәсіпкерлер, ғылым қайраткерлері, жастардың бастамасымен құрылған құрылымдарының қалыптасқанын атап көрсетті. Жақында жарық көрген «Евразийский проект Нурсултана Назарбаева, воплощенный в жизнь» деп аталатын кітапта тұңғыш рет құжаттық негізде іргелес Еуразия мемлекеттерінің интеграциялық үдерістері қарастырылды және тиімді жұмыс істеп тұрған әрі Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразия жобасының жүзеге асуының өзекті құралдарына айналған ЕурАзЭҚ, Кеден одағы және қалыптасып келе жатқан Біртұтас экономикалық кеңістіктің дамуы талданды. Қазақстан Көшбасшысы өрісі кең Еуразиялық мемлекеттер одағын қалыптастыру идеясын ұсынып, мұндай интеграциялық ұсыныстың тиімділігіне іргелес мемлекеттердің басшыларын сендіре отырып және солардың белсенді қатысуымен осынау еуразиялық жобаны табысты түрде жүзеге асыра білді. Ой мен практиканың осындай тұтастығы және оларды сабақтас та нық сипатта ілгерілету Еуразия жобасының табысты болуын қамтамасыз етті. Әдістемелік нұсқаулар: Қазіргі кезде посткеңестік елдер арасындағы экономикалық ықпалдасудың тиімді және тиімсіз жақтарын салыстыра отырып қарастыру.
Негізгі әдебиеттер тізімі: 1. Назарбаев Н. А. Проект Евразийского союза: проблемы и перспективы интеграции. // Евразийский университет и мир Евразии.- Астана, 2006. 2. Назарбаев Н.А. Евразийский экономический союз: теория или реальность. // Известия.-2009.-19 марта. 3. Абуталипов С. Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық процестердің бүгінгі бағыты мен бағдары. // Ақиқат, №2, 2004.- Б.29-31.
Қосымша әдебиеттер тізімі: 1. Евразийство в ХХІ веке: проблемы и преспективы. / Под ред. А.Н. Нысанбаева.- Алматы, 2009.- 334 с. 2. Назарбаев Н.А. Евразийский экономический союз: теория или реальность. // Известия.-2009.-19 марта. 3. Абуталипов С. Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық процестердің бүгінгі бағыты мен бағдары. // Ақиқат, №2, 2004.- Б.29-31.
4. Оқу курсы мен тақырыпқа арналған міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі; Міндетті әдебиеттер тізімі: Гумилев Л.Н. Көне түріктер (Орыс тілінен ауд. Ә.Жұмабаев, П. Бейсенов).- Алматы: «Білім», 1994. - 480 б.Гумилев Л.Н. Хұндар. (Орыс тілінен ауд. Ә. Жұмабаев, П. Бейсенов).- Алматы: «Қазақстан», 1998.-528 б. Гумилев Л.Н. Древняя Русь и Великая степь. М., 1989. - 764 с. Гумилев Л.Н. Ритмы Евразии: эпохи и цивилизации. М., 1993. Трубецкой Н.С. Европа и человечество. София, 1920Қосымша әдебиеттер тізімі: Вернадский Г.В. Монгольское иго в русской истории//Евразийский временник. 1927. Трубецкой Н.С. О туранском элементе в русской культуре // На путях: Утверждение евразийцев.- Берлин, 1922. Кн. 2. Хара-Даван Э. Чингисхан как полководец и его наследие: Культурно-исторический очерк Монгольской империи XII-XIV века.- Белград, 1929. Назарбаев Н.А. Евразийское пространство: интеграционный потенциал // Евразийский союз: идеи, практика, перспективы: 1994-1997.- Москва, 1997. 5. Білім алушының оқу материалын меңгеру деңгейін өздігінен анықтауына көмектесетін теориялық білімді бақылауға арналған сұрақтар және/немесе тапсырмалар, өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау; Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар тізімі: 1. «Исход к Востоку Утверждение евразийцев Предчувствия и свершения Книга 1» атты жинақ қай жылы жарық көрді? 2. «Евразийские хроники » атты жинақ қай жылдар аралығында шығарылды? 3. Лев Гумилевтің қандай ғылыми еңбектері бар? 4. Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толкынында» еңбегі қай жылы жарық көрді? 5. «Еуразиялық кеңістік: интеграциялық потенциал мен оның жүзеге асырылуы» еңбегінің авторы кім? 6. Адаптация дегеніміз не? 7. Этникалық жүйе дегеніміз не? 8. «Древние кочевники являются для нас великим примером того, как нужно сражаться и побеждать, защищать себя, сохранять свой быт, свой жизненный уклад, свою самобытность» жолдар авторы кім? 9. «На путях. Утверждение Евразийцев. Книга вторая» атты жинақ қай қалада басылды? 10. Субпассионар адамдар түсінігі 11. «Россия и латинство. Сборник статей» атты жинақ қашан шықты? 12. Пассионарлықтың латынша мағынасы қандай? 13. «Евразийство» деген мақала авторы? 14. «На путях. Утверждение Евразийцев. Книга вторая» атты жинақ қай жылы шықты? 15. Л.Н. Гумилев қашан және қай жерде дүниеге келді? 16. 1980-ші жылдардың соңында «соңғы еуразияшыл» атанған ғалым? 17. Н.Ә. Назарбаев қай жылы «Мемлекеттердің Еуразиялық одағы» жобасын ұсынды? 18. Н. С. Трубецкойдың «История. Культура. Язык» кітабы қай жылы қайта басылып шықты? 19. «Исход к Востоку» еңбегі қашан қайта жарияланды? 20. Суперэтнос түсінігі. 21. «Мен бақытты адаммын, мен әмір еткенді емес, ойлағанымды, қалағанымды жазамын» деп кім айтқан? 22. «Черная легенда. Друзья и недруги Великой Степи» авторы кім? 23. «Еуропа и человечество» еңбегінің авторы? 24. Н. Назарбаевтың «Қазақстан жолы» атты еңбегі қай жылы жарияланды? 25. Этникалық дәстүр түсінігі. 26. «Тридцатые годы. Утверждение евразийцев. Книга седьмая» атты жинақ қай жылы жарық көрді? 27. «Византизм и славянство» атты еңбек авторы кім? 28. София қаласында еуразияшыл топтың өткізген семинары қай жылы өтті? 29. «Еуразия жүрегінде» атты еңбек авторы кім? 30. «Біз – еуразиялық елміз, өзіміздің тарихымыз, өзіміздің болашағымыз бар. Сондықтан да, біздің моделіміз басқалардың ешқайсысына ұқсамайды. Ол әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін бойына сіңіреді» деп айтқан кім? 31. «Евразия» газеті қай жылдар аралығында шығарылды? 32. Л.Н.Гумилевтің кандидаттық диссертациясының тақырыбы қандай? 33. ҰҚШ құрамында қандай мемлекеттер бар? 34. «Степь и оседлость» атты мақала авторы кім? 35. Пассионарлық импульс түсінігі. 36. «Евразийство как исторический замысел» атты мақала авторы кім? 37. «Отличительной чертой этноса является деление мира надвое: "мы" и "не мы", или все остальные» деп кім айтқан? 38. «Тридцатые годы Утверждение евразийцев. Книга седьмая» атты жинақ қай жерден жарияланды? 39. «Әрбір славян орыс, чех, серб, хорват, словенец, болгар (полякты да қосқым келеді) үшін – Құдай мен оның Қасиетті шіркеуінен соң – славян идеясы идеядан жоғары, бостандықтан жоғары, ғылымнан жоғары, білімнен жоғары, жер бетіндегі барлық игіліктерден жоғары болуы керек» жолдарының авторы кім? 40. Субэтнос түсінігі. 41. Этногенез түсінігі. 42. Пассионар адамдар түсінігі. 43. Этникалық тарих түсінігі. 44. «Смысл моей жизни отчасти был в том, чтобы восславить и воздать должное кочевым народам Евразии, которых я искренне полюбил»- деген жолдар авторы кім? 45. О. Сүлейменовтың «АЗиЯ» атты еңбегі қай жылы жарық көрді? 46. КСРО-да ХХ ғасырдың екінші жартысында еуразияшылдық дәстүрлерін белсенді насихаттаған кім? 47. Орталық Азиялық Экономикалық Қауымдастық қай жылы құрылды? 48. «Евразийская концепция русской истории» атты мақала авторы? 49. Пассионарлық теоря авторы? 50. ШЫҰ қашан құрылды? 51. «... Вне этноса нет ни одного человека на земле, и каждый - я сейчас цитирую собственную книгу - на вопрос "Кто ты?" ответит: "русский", "француз", "перс", "масаи" и т. д., не задумавшись ни на минуту» деп кім айтты? 52. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ – де Л.Н. Гумилевтің мұражай кабинеті қай жылы ашылды? 53. «О туранском элементе в русской культуре» еңбегін жазған ғалым? 54. Комплиментарлық түсінігі. 55. «Чингис-хан как полководец и его наследие» атты еңбектің авторы кім? 56. «Русское массонство в царствование Екатерины ІІ» авторы? 57. Л. Гумилевтің «Древние тюрки» кітабы қай жылы шықты? 58. «Древняя Русь» деген еңбек авторы? 59. «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегі қай жылы жарық көрді? 60. «О задачах кочевниковедения» атты еңбектің авторы кім? 61. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің құрылуы туралы Жарлыққа қашан қол қойды? 62. «Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық миссиясы» атты еңбектің авторы кім? 63. «Поворот к Востоку» деген мақала авторы? 64. Біртұтас экономикалық кеңістік құрамындағы мемлекеттер? 65. ЕрАзЭҚ-тың ең жоғарғы органы? 66. Еуразиялық Экономикалық қауымдастықғы қай жылы құрылды? 67. ТМД-ның қандай мемлекеттері Еуразия Экономикалық Қауымдастығы-ЕурАзЭҚ-ның құрылғандығы туралы Келісімге қол қойды? 68. Қай жылы Л.Н.Гумилев соғысқа өз тілегі бойынша аттанды? 69. «Еуропаға жол» бағдарламасы қашан қабылданды? 70. 1995 ж. құрылған Кедендік Одақ құрамына төмендегі қай мемлекеттер енді? 71. ЕврАзЭҚ-ның қандай реттеуші органдары бар? 72. Н.Назарбаевтың "Еуразия- біздің ортақ үйіміз" атты еңбегінің тұсаукесері қашан және қайда жасалды? 73. «Ұжымдық қауіпсіздік шартына» қай жылы қол қойылды? 74. 2000 ж. ЕурАзЭҚ құрамына енген мемлекеттер? 75. «Қазақстанның болашағы – Азияда да, Еуропада да, Батыста да, Шығыста да, ғаламдық Солтүстікте де, Оңтүстікте де. Мұндай бағыт орасан зор мүмкіншілік береді» деп айтқан кім? 76. Алаш қашан құрылды, партияның бағдарламасы. 77. Алашорда үкіметінің Батыс бөлімін кімдер басқарды? 78. «Мемлекеттігі жоқ халық - жетім халық» деген қанатты сөздің авторы кім? 79. ЕурАзЭҚ-ті құру 1994 ж. қай қаладан басталды? 80. ЕурАзЭҚ-ті БҰҰ қашан мойындады? 81. АӨСШК қашан құрылды? 82. ҚР Президентінің 1992 ж. БҰҰ 47-ші сессиясында қай күн Азия кеңесі күні болып жарияланды? 83. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегі қашан жарияланды? 84. «Континент Евразия» авторы? 85. «Евреи и Евразия» авторы? 86. «Геополитические заметки по русской истории» мақала авторы? 87. «Русь монгольская» авторы кім? 88. «Русский узел евразийства. Восток в русской мысли Сборник трудов евразийцев» жинағын құрастырушы кім? 89. «История. Культура Язык» еңбегінің авторы? 90. «Географический обзор России-Евразии» авторы? 91. «Пути Евразии. Русская интеллигенция и судьбы России» жинағын құрастырушы? 92. «Политическая история русской эмиграции 1920–1940 гг. Документы и материалы» жинағы авторы кім? 93. «Начертание русской истории» мақала авторы? 94. Н.Я.Данилевский өзінің этнос туралы тұжырымдамасында «Этнос-4 бөліктен дамыса - өзінің жоғарғы даму сатысына жетеді» деген 4 бөлікті атаңыз? 95. Д.В.Вернадский профессорлық атағын қай жылы алды? «Еуразияшылдық: теория және практика» пәнінен реферат тақырыптары:
42. ТМД елдері арасындағы еуразиялық интеграциялық үрдістер: өткені, бүгіні, болашағы Date: 2015-07-22; view: 1070; Нарушение авторских прав |