Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Л. Н. Гумилев еуразияшылдық идеясының дамуына қосқан үлесі





Негізгі түсініктер: теория, пассионарлық, этногенез.

1. Л. Гумилевтің этногенз теориясындағы ең басты идея- пассионарлық ұғымын- еуразияшылдар біле алмады және солай болуға тиіс те еді, өйткені еуразиялық доктрина- тарих, география, геосаясат ғылымдарының синтезінен (қосындысынан) туған болатын. Ал Л. Гумилев ілімі еуразияшылдардың көптеген тұжырымды ойларына иек арта отырып, тарих, география және жаратылыстану ғылымының нәтижелеріне сүйенді.

Л. Н. Гумилев көзқарасы бойынша, пассионарлық «дүмпудің» ықпалы әсерінен Еуразиялық дамудың ырғағы мен тарихтың әр дәуіріндегі нақты бір күштердің басымдылығы және Еуразия сияқты біртұтас құрылымды қалыптастырудың күрделі процесі анықталады екен. Бұл біртұтастық «өзге әлемге» қарама-қарсы қойылмайды, керісінше полицентризм- еуразияшылдықтың жалпы әдістемелік принципі қызметін атқарады.

Пассионар тұлға дегеніміз қорша­ған орта мен өзін-өзі өзгертуге қабілетті адамдар. Сонымен бірге, ол адамның алда тұрған кедергілерді де еңсере алу қабілеті. Латын тілінен аударғанда «passio» деген сөз «құмарлық», «әуесқойлық» «ынтықтық» деген мағына береді.

Л.Н.Гумилев пассионар­лық тұлғаларды қоршаған ортаны өзгертуге қажетті күш-қуаты бар адамдар деп атаған.

Адамзат тарихындағы өз ортасын өзгертіп, оны жаңа белеске көтеру үшін мақсатты түрде іс-қимыл ұйымдастыра алған тарихи тұлғалар­дың бәрі де пассионарлық тұлғалар делінеді. Олардың бойындағы қасиеттерінің ең үлкені «белсенділік» және «іс-қимыл жасауға ынтық­тық» дейді ғалым. Пассионарлық тұлға кейде көздеген мақсатына жету жолында өзін-өзі құрбандыққа да шалуы мүмкін екен. Пассионар тұлғаның осы қасиеті іс-қимылдың барлық бағыттарында да көрініс табады. Бұл қасиет тіпті адамның бала жасында-ақ көрініс беретін көрінеді. Л.Н.Гумилев оны адамның психика­сына қанмен берілген қасиет деп те атайды. Олардың ерік-жігері орасан бола­ды, сонымен бірге, олар іс-қимыл бары­сында өз­дерінің ашуы мен ақылын тежеп ұстауға қажетті қуатпен қамтамасыз етілген. Л.Н.Гумилев пассионар тұлға­лар қатарына Жанна Д.Аркты, Александр Македонскийді, На­полеон Бонапартты жатқы­зады.

2. Еуразияшылдық тұжырымдама- ұлтшылдыққа да, жалпы адамзаттық қандай да бір мистикалық мәдениетке де қарсы қойылатын идея. 1920-жылдың кезінде-ақ Н. С. Трубецкой былай деп атап көрсеткен еді: «Барлық халықтарға ортақ, бәріне бірдей сәйкес келетін жалпы адамзаттық мәдениет болуы мүмкін еме с». Ал 1992 жылы шыққан кітабында Л. Н. Гумилев бұл ойды өзінше түсіндіреді: «Біз Батыс Еуропадан 500 жылға жас болғандықтан, еуропа тәжірбиесін қанша оқып үйренгенімізбен, дәл Еуропаға тән тұрмыс деңгейіне, мінез-құлық әдеттеріне, тұрмыс-салтына жете алмаймыз. Біздің жасымыз, біздің пассионарлық деңгейіміз мүлде өзгеше сипаттағы әдет-әдептерді талап етеді.Бұл өзгенікін өзекке тебу немесе қырын қарау емес, басқа да тәжірбиені оқып үйренуге тиіспіз, әрі ол қажет те, бірақ оның өзіміздікі емес, өзгенікі екенін естен шығармағанымыз абзал».

Егер классиктердің пайымына жаңа өзектілік, жаңа ауқым, жаңа мән, жаңа мағына ұсынған неоеуразияшылдық болмағанда, бұл құбылыс идеологиялық археологияның бір үзігі болып қана қалар еді. Неоеуразияшылдықтың аясында классикалық еуразияшылдық қайта туып, сол орайда «өткеннің» тар қалыбынан шығып кетті. Жаңа ғұмырында ол өте айқын сияқтанған кешегі қалпын өзгертті, жасырын тұрған әлеуетін, жаңа қырларын байқатты. Осылайша, неоеуразияшылдық арқылы бүкіл еуразияшылдық идея тұтастығымен жаңа өлшемге ие болды.


Еуразия - Еуропа мен Азияның ортасында орналасқан, бұл - Еуропа мен Азияның арасындағы әлемдік тепе-теңдікті де, сондай–ақ дәнекерлікті де қамтамасыз ететін тұтас аймақ пен ерекше әлем жатқан бірден-бір ғаламат кеңістік. Олардың жікке бөлінуінің өзі өркениеттік тұрғыдан алғанда салыстырмалы түрде көрініс беретін іспетті. Өйткені, адамзат ұрпағы бір-бірімен өзара әрекеттеспей әртүрлі сипаттағы қарым-қатынасқа түспей, белгілі бір түсіністікті өрбітетін сұқбат орнатпай өмір сүре алмайды.

Л.Н. Гумилев өзінің бүкіл өмірін Еуразия халықтарының этникалық тарихын зерттеуге арнаған ғалым. Сондай-ақ, бұл оның ғылымға сіңірген негізгі қызметі болып қалады. «Менің өмірімнің мәнді бір бөлшегі – өзім шынайы жақсы көрген Еуразия халықтарына тиесіліні қайтару» - деп 1992 жылы Л.Н. Гумилев өзінің соңғы сұхбатында айтып кеткен болатын.

Л.Н. Гумилев өмірінің соңғы жылдарында өзін «еуразияшылмын» деп ашық айтып жүрді. «Жұрт мені еуразияшыл дейді, мен ондай пікірге қарсы емеспін»,- деген ойды ашық айтты.

Еуразиялық идея бүгінгі таңда көптеген еуразиялық елдер мен халықтар идеологиясының алтын арқауына айналып отыр.

Әдістемелік нұсқаулар: Лев Гумилевтің ғылыми тұжырымдамаларын қарастырғанда оның теориялық ерекшеліктерін ашып көрсету.

Негізгі әдебиеттер тізімі:

  1. Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера Земли. Ленинград, ЛГУ, 1989.
  2. Гумилев Л.Н. От Руси к России. Москва,1992.
  3. Гумилев Л.Н. Конец и вновь начало. Москва,1992.
  4. Гумилев Л.Н. Ритмы Евразии, Москва, 2007.

Қосымша әдебиеттер тізімі:

1. Гумилева Н. Лев Николаевич Гумилев и идеи евразийства // Евразийский университет и евразийское сообщество: на начало взгляд XXI века. Астана, 2002.

2. Гумилев Л.Н. Ритмы Евразии, Москва, 2007.

3. Коркмазов А. Ю. Идея пассионарности в творческой деятельности Л. Н. Гумилева// Сборник научных трудов. Серия «Гуманитарные науки», вып. №10// СевКавГТУ, Ставрополь, 2003.- 1-10 сс.







Date: 2015-07-22; view: 988; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию