Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Диагоналды конъюгатаны өлшеу





Мақсаты- диагоналды конъюгатаны өлшеу және анықтау.

Көрсетулері- жүкті әйелдің әйелдер консультациясына бірінші рет келуі, тар жамбас.

Қарсы көрсетулері –жоқ.

Мүмкін болатын асқынулары –жоқ.

Ресурстары –акушерлік фантом, гинекологиялық орынтақ, бір рет қолданылатын жаялық, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, Мартин жамбасөлшегісі, сантиметрлік таспа, дәкелі шариктер, спирт, сабын және орамал.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Өзіңізді таныстырыңыз, әйелге осы зерттеудің қажеттілігін түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз.

2. Гинекологиялық орынтаққа бір рет қолданатын жаялықты төсеңіз.

3. Әйелге шешініп, гинекологиялық орынтаққа жатуын сұраңыз.

4. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

5. Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.

6. Диагоналды конъюгата әйелді қынаптық тексеру кезінде анықталады, ол зарарсыздандырудың және микробжойғының барлық ережелерін сақтау арқылы жүргізіледі.

7. Сол қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен үлкен және кіші жыныс еріндерін ашыңыз, ал оң қолдың ортаңғы және сұқ саусақтарын ретімен қынапқа енгізіңіз, аты жоқ саусақты және шынашақты бүгіңіз, тек олардың арт жағы бұтаралыққа тірелсін.

8. Қынапқа кірген саусақтармен мүйістің бас жағын белгілеңіз, ал алақанның қыры симфиздің төменгі шетіне тіреледі. Осыдан кейін сол қолдың сұқ саусағымен тексеруші қолдың симфиздің төменгі шетіндегі жанасу нүктесін белгілеңіз.

9. Белгіленген нүктеден сұқ саусақты алмай оң қолды қынаптан шығарыңыз.

Ассистенттен жамбасөлшегішпен немесе сантиметрлік таспамен ортаңғы саусақтың ұшынан белгіленген нүктеге дейін арақашықтықты өлшеуін сұраңыз. Бұл арақашықтық қалыпты жағдайда 13 см.

11. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ салыңыз.

12. Өлшеп біткеннен кейін, әйелге тұруын сұраңыз.

13. Жамбасөлшегісті спиртке малынған шарикпен сүртіңіз.

14. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.

15. Әйелдің медициналық құжаттарына жазба қалдырыңыз.

 

 

Ескерту. Диагоналды конъюгатаны өлшеу шын (акушерлік) конъюгатаны анықтау үшін жүргізіледі. Жамбастың қалыпты өлшемдері кезінде сегізкөз мүйісіне қолдың саусақтары жетпейді.

 

Date: 2015-07-01; view: 2882; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию