Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Жүктіліктің кеш мерзімінде және босануда ішкі ( қынаптық) тексеру
Мақсаты- қынаптың жағдайын, жатыр мойнының «жетілу» дәрежесін, цервикалды каналды, нәрестенің жату бөлігінің орналасуын және жамбас қабырғаларының ішкі беткейінің жағдайын, сегізкөзді, қасаға буынын және диагоналды конъюгатаның өлшемін анықтау. Көрсетулері -акушерлік стационарға түсуінде, қағанақ суларының ағуы кезінде және босану кезінде әр 4 сағат сайын. Қарсы көрсетулері -босану жолдарына патогендік микробтардың кіру қауіптілігі, жүктіліктің соңында жыныстық қатынас. Мүмкін болатын асқынулары -босанудағы хорионамнионит, босанғаннан кейінгі сепсистік аурулар. Ресурстары -гинекологиялық орынтақ (кереует), жеке жаялық, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, сабын, орамал. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Өзіңізді таныстырыңыз, әйелге ішкі (қынаптық) тексерудің маңызын түсіндіріңіз, оның ризашылығын алыңыз. 2. Әйелдің зәр қуығын босатқанына көз жеткізіңіз. 3. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. 4. Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз. 5. Әйелді гинекологиялық орынтыққа (кереуетке), оның астына таза жаялықты төсеп, аяқтарын тізе және жамбассан буындарына бүгіп, екі жаққа қарай ашып, жатқызыңыз. Сол қолдың I және II-саусақтарымен үлкен және кіші жыныс еріндерін ашыңыз және жыныс саңылауын, қынапқа кіреберісін, шошақайды, үрпінің сыртқы тесігін, бұтаралығын қараңыз. Сосын қынапқа оң қолдың II және III -саусақтарын абайлап енгізіңіз (I саусақ жоғары тұрады, IY және Y алақанға қысылады). 6. Бағалаңыз: - қынаптың енін және оның қабырғаларының созылғыштығын, тыртықтар, ісіктер, қалқалар және басқа патологиялық жағдайлар барма жоқпа дәлелдеңіз; - босануға жұмсақ босану жолдарының даярлығының көрсеткіші ретінде жатыр мойнының «жетілу» дәрежесін; - цервикалды каналдың өткізгіштігі кезінде- нәресте қабының жағдайын - (бүтін немесе бұзылған); - нәрестенің жату бөлігінің кіші жамбас жазықтықтарына орындаласуын; - жамбас қабырғаларының ішкі беткейінің, сегізкөздің, экзостоздарды және өзгерістерді алып тастау мақсатында қасаға буынының жағдайын; - диагоналды конъюгатаның өлшемін. 7. Бір рет киетін резенке қолғаптарды шешіңіз және қалдықтардың қауіпсіздік қорабына (ҚҚҚ) салыңыз. 8. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз. 9. Құжаттарға жазба қалдырыңыз. Ескерту. Жүктіліктің соңында және босануда қынаптық тексеру акушериядағы диагностиканың ең сенімді әдісі болып табылады. Date: 2015-07-01; view: 2559; Нарушение авторских прав |