Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Лкен жамбастың сыртқы өлшемдерін өлшеу





 

Мақсаты- үлкен жамбастың сыртқы өлшемдерін өлшеу және анықтау.

Көрсетулері –жүкті әйелдің әйелдер консультациясына алғашқы келуі, тар жамбас.

Қарсы көрсетулері - жоқ.

Мүмкін болатын асқынулары - жоқ.

Ресурстары - тақтай төсек (кушетка), жеке жаялық, Мартин жамбасөлшегіші, дәкелік шариктер, спирт, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, сабын, орамал.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Өзіңізді таныстырыңыз, әйелге қазіргі зерттеулердің қажеттілігін және маңызын түсіндіріңіз, оның ризашылығын алыңыз.

2. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

3. Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.

4. Әйелден арқасымен тақтай төсекке жатуын, астына бір реттік жаялықты салуын, ішін ашуын, аяқтарын жамбассан және тізе буындарында жайуын және аяқтарын бірге қосуын сұраңыз.

5. Мартин жамбасөлшегісін алыңыз және жүкті әйелге бетіңмен қарап, тақтай төсектің оң жағына отырыңыз. Жамбасөлшегіштің тармақтарын қолдарыңызға алыңыз, үлкен және сұқ саусақтар түймешіктерді ұстайды, ал шкала бөліктерін жоғары қаратыңыз. Жамбасөлшегіштің түймешіктерін спиртке малынған шарикпен сүртіңіз.

6. Сұқ саусақтармен мықын сүйектерінің алдыңғы-жоғарғы қылқандарын пальпация жасаңыз, соларға жамбасөлшегіштің түймешіктерін қойыңыз, сосын

Distantia spinarum- ды (қалыптыда 25-26 см) өлшеңіз.

7. Distantia spinarum- ды өлшегеннен кейін, әріқарай саусақтарды мықын сүйектерінің қырларымен артқа қарай жылжыта отырып, ең алыстағы нүктелерді табыңыз, осыларға жамбасөлшегіштің түймешіктерін қойыңыз, сосын Distantia сristarum- ды (қалыпты жағдайда 28-29 см) өлшеңіз.

8. Distantiа сristarum – ды өлшегеннен кейін, жамбасөлшегішті санға қарай түсіріңіз, пальпация жасап, сан сүйектерінің үлкен ұршықбастарын табыңыз, осыларға жамбасөлшегіштің түймешіктерін қойыңыз, сосын Distantia trochanterica- ны (қалыпты жағдайда 30-31 см) өлшеңіз. Егерде сүйектердің ұршықбастарын пальпация жасауға болмаса, онда жүкті әйелден аяқтарын қозғалтуын сұраңыз және сандағы ұршықбасын бекітіңіз.

9. Distantia trochanterica- ны өлшегеннен кейін, әйелден орнынын өзгертуге: арқасымен акушербикеге қарай бұрылып, бүйірімен жатуын, төменгі аяғын жамбассан және тізе буындарында бүгуін, ал жоғарғы аяғын созуын сұраңыз. Жамбасөлшегіштің бір түймешігін сыртқы жағына қойыңыз. V-бел омыртқаның қылқан өсінділерімен 1-сегізкөз омыртқа арасына, яғни сегізкөзүсті шұңқырдың үстіне, ол Михаэлис ромбысының жоғарғы бұрышымен сәйкес келеді. Ал екінші түймешегін алдыңғы жағына-қасаға буынының жоғарғы қырының ортасына қойыңыз, сосын сыртқы конъюгатаны Conjugata externa- ны (қалыпты жағдайда 20-21 см) өлшеңіз.

10. Өлшеп біткеннен кейін әйелге тұруын сұраңыз.

11. Жамбасөлшегішті спиртке малынған шарикпен сүртіңіз.

12. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ салыңыз.

13. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.

14. Нәтижелерін құжаттарға енгізіңіз.

 

 

Ескерту. Қолдарыңыз және жамбасөлшегіш жылы болуы қажет. Conjugata externa ең зор тәжірибелік маңызы бар, себебі осының өлшемімен шын конъюгатаның (кіру жазықтығының түзу өлшемінің) өлшемін анықтауға болады.

 

 







Date: 2015-07-01; view: 3445; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию