Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Жүкті әйелден қынаптың тазалық дәрежесіне жағынды алу және дәрігердің қарауына дайындық
Мақсаты- әйелді гинекологиялық орынтаққа дұрыс жатқызуды және қынаптан тазалық дәрежесіне жағынды алуды студентке үйрету. Көрсетулері –жүкті әйелді әйелдер консультациясында тексеру. Қарсы көрсетулері - жоқ. Мүмкін болатын асқынулары - жоқ. Ресурстары – гинекологиялық орынтақ, аспап-құралдары бар (айналар, пинцеттер) стерилді үстел және жұмсақ мүліктер (шариктер, сүлгілер), жарық беретін шам, заттық әйнектер, Фолькман қасығы, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, зертханаға жолдама, дезинфекциялық ерітінді, клеенка, астына салатын төсеуіш, корнцанг, орамал, сабын. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Өзіңізді таныстырыңыз, әйелге қажеттілігін және емшараның орындалу барысын түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз. 2. Зәр қуығын босатудың қажеттілігі туралы хабарлаңыз. 3. Орынтаққа клеенка мен астына салғышты төсеңіз. 4. Әйелге гинекологиялық орынтаққа арқасымен, аяқтары жамбассан және тізе буындарында бүгілген, ашылған, тізе асты шұңқырлар тіреуішке тірелген жағдайында жатуға көмектесіңіз. 5. Қараған кезде тыныс алуы кеңінен болуын, түсіндіріңіз. 6. Сарпайды қарауға дайындаңыз, сыртын және санның ішкі беткейін корнцанг және шарик көмегімен дезинфекциялық ерітіндімен сүртіңіз. 7. Қолдарыңды гигиеналық деңгейде жуыңыз. 8. Бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз. 9. Сол қолдың бірінші және екінші саусақтарымен үлкен және кіші жыныс еріндерін ашыңыз. 10. Оң қолмен ұқыпты қынапқа Куско айнасын енгізіңіз: басында ұзынша орналастырып, сосын көлденең жағдайға ауыстырыңыз, ал қынапта оны жатыр мойнына жеткізбей, ашыңыз. 11. Айнаны винттің көмегімен ашық түрінде бекітіңіз. 12. Қынапқа Фолькман қасығын (пинцетте болады) кіргізіңіз, қынаптың жоғарғы бүйірлі қабырғасына сәл жанап ұқыпты түрде жағынды алыңыз. 13. Жазушаларды езбей, заттық әйнекке жұқа қабатпен жағындыны жағыңыз. 14. Егерде қынапта көп бөлінділер болса, онда жағындыны алардың алдында қынапты ұқыпты түрде пинцетке мақта тығынды алып (жақсы көріну үшін) құрғату қажет. 15. Айнадағы винтті ашыңыз. 16. Қынаптағы айнаны біртіндеп жабып ұқыпты түрде шығарыңыз. 17. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және оны ҚҚҚ салыңыз, ал айнаны, Фолькман қасығын, пинцетті және корнцангті 3% хлорамин ерітіндісіне бір сағат бойы салып қойыңыз. 18. Қолыңды сабындап жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз. 19. Зертханаға жолдаманы дайындаңыз: Date: 2015-07-01; view: 5376; Нарушение авторских прав |