Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Жүктілік кезінде цитологиялық зерттеу (онкоцитологияға) үшін экзо-және эндоцервикстен жағындылар алу
Мақсаты- жүктілік кезінде ісік жасушаларына экзо-және эндоцервикстан алынған жағындыларды цитологиялық зерттеу. Көрсетулері –жатыр мойнының обыры және жүктілік. Қарсы көрсетулері - жоқ. Мүмкін болатын асқынулары – жағындылар алынған кездегі қан ағу. Ресурстары – гинекологиялық орынтақ, бір рет қолданатын Куско қынаптық айналары немесе Симпс (Симпсон) айналары, Эйра қалақшасы, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, заттық әйнек, сабын, орамал. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Жүкті әйелдерде жатыр мойны обырының табу жиілігі 0,17 құрайды. Жүктілік аясында жатыр мойны обырының ағымының бір ерекшелігі, ол жүктілікті сақтауға бақытталған, гормондық метаболизмдік өзгерістері және жасушалық иммунитеттің төмендеуі қатерлі үрдістің клиникалық ағымына қолайсыз әсерін тигізеді, ісіктің көшіктенуіне мүмкіндік туғызады және болжамын нашарлатады. 2. Өзіңізді таныстырыңыз, жүкті әйелге қазіргі зерттеудің жүргізу қажеттілігін түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз. 3. Жүкті әйелді астына бір рет қолданатын жаялықты төсеп, гинекологиялық орынтаққа жатқызыңыз. 4. Қолдарыңды гигиеналық деңгейде жуыңыз. 5. Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз. 6. Жеткілікті жарық түсіруді қамтамасыз етіңіз. 7. Қынапқа бір рет қолданатын айнаны енгізіңіз. 8. Жатыр мойнынын және қынапты айнада қараңыз. 9. Эйра қалақшасының үшкір ұшын жатыр мойны каналына 1-1,5 см енгізіңіз. 10. Эйра қалақшасын сағат тілі бойынша 180 немесе 360 градусқа айналдырыңыз, немесе айналма қозғалыспен каналдың шырышты қабығынан қырынды алыңыз және Эйра қалақшасының екінші ұшымен жатыр мойнының сыртқы беткейінен қырынды алыңыз және оларды заттық әйнектің «цервикалды қанал» және «жатыр мойнының сыртқы беткейі» деп көрсетілген жерге салып орналастырыңыз. 11. Қынаптан айнаны алыңыз. 12. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз. 13. Қынаптық айналарды, Эйра қалақшасын және резеңке қолғаптарды ҚҚҚ салыңыз. 14. Қолдарыңды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз. 15. Зертханаға жолдама жазыңыз. 16. Құжаттарға жазба қалдырыңыз.
Ескерту. Жағындыға, материалдың алынған жерін көрсетіп (жатыр мойнының сыртқы беткейі, цервикалды канал), жүктіліктің мерзімін, клиникалық ерекшеліктері және т.б. жазады.
Date: 2015-07-01; view: 2668; Нарушение авторских прав |