Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Жүктіліктің мерзімін анықтау
Мақсаты- жүктіліктің мерзімін анықтау кезінде студенттің тәжірибелік ептілігін бағалау: 1. соңғы етеккірі бойынша; 2. овуляция бойынша; 3. әйелдер консультациясына бірінші келуі бойынша; 4. нәрестенің бірінші қимылының күні бойынша; 5. босанғанға дейін берілетін демалыс күні бойынша; 6. УДЗ мәліметі бойынша. Көрсетулері- босандыру мекемесіне жүкті әйелдің әрбір келуі кезінде, бірінші рет келуі кезінде, сонымен қатар жүктіліктің мерзімін УДЗ бойынша анықтау үшін. Қарсы көрсетулері - жоқ. Мүмкін болатын асқынулары - жоқ. Ресурстары – үстел, орындықтар, күнтізбек, акушерлік сызғыш, УДЗ- аппараты, тақтай төсек (кушетка), жеке жаялықтар, гель-крем, сабын, орамал. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Өзіңізді таныстырыңыз, жүктіліктің мерзімін анықтаудың маңызын әйелге түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз. 2. Жүктіліктің мерзімін соңғы етеккірдің күні бойынша анықтау үшін, жүкті әйелден соңғы етеккір күнін анықтаңыз: · осы күнге 7 күн қосып және одан 3 айды алып тастап, сіз қазіргі сәттегі жүктіліктің мерзімін аласыз (Негель қағидасы). 3. Жүктіліктің мерзімін овуляция бойынша анықтау үшін: · белгілі ұрық байлау күніне 266 күнді қосу; · сонымен қатар, шартты түрде ұрық байлау күнін базалды температураның көтерілуі бойынша анықтауға болады; · сонымен қатар, экстракорпоралды ұрықтандыру күні бойынша; · сонымен қатар, қолдан ұрықтандыру күні бойынша; · сонымен қатар, овуляцияны ультрадыбысты мониторинг мәліметтері бойынша. 4. Жүктіліктің мерзімін әйелдер консультациясына бірінші рет келуі бойынша анықтау үшін: · жүкті әйелден бірінші рет әйелдер консультациясына келген кездегі жүктіліктің мерзімін анықтаңыз; · 12 аптаға дейін ерте келуі кезінде бұл мерзім сенімді, сондықтан қазіргі сәтте жүктіліктің мерзімін осыған қарап есептеп шығарады. 5. Жүктіліктің мерзімін нәрестенің бірінші қимылы бойынша анықтау үшін: · жүкті әйелден нәрестенің бірінші қимылының күнін анықтаңыз; · бірінші босанатын әйелдерде бұл 20 апта; · қайта босанатын әйелдерде бұл 18 апта; · нәрестенің бірінші қимылының күнінен бастап қазіргі сәтке дейін жүктіліктің мерзімін есептеп шығарады. 6. Жүктіліктің мерзімін босанғанға дейін берілетін демалыс күні бойынша анықтау үшін: · жүкті әйелден босанғанға дейін берілетін демалыс күнін анықтаңыз; · босанғанға дейінгі демалыс жүктіліктің 30 аптасынан бастап басталады; · босанғанға дейінгі демалыстың берілген күнінен бастап қазіргі сәтке дейін жүктіліктің мерзімін есептеп шығарады. 7. Жүктіліктің мерзімін УДЗ мәліметі бойынша анықтау үшін: · жүкті әйелді УДЗ-ге жіберіңіз; · трансабдоминалды сканирлеу кезінде жүктіліктің барын 4-5 аптадан бастап анықтауға болады; · трансқынаптық эхография кезінде- 1-1,5 апта ерте анықтауға болады; · жүктіліктің бірінші үш айлығында жүктіліктің мерзімінің ең дәл көрсеткіші құйымшақ-төбе өлшемі (ҚТӨ) болып саналады; · нәрестенің фетометриясы кезінде нәрестенің бипариеталды өлшемін, бастың шеңберін, іштің шеңберін және сан сүйегінің ұзындығын анықтайды. Ескерту. Жүктіліктің мерзімін анықтау әйелдер консультациясында, акушерлік стационардың қабылдау-қарау бөлімшесінде (фильтрде),перзентхананың жүктілер патологиясы бөлімшесінде, сонымен қатар адамның ұрпақ өрбіту қалалық орталығында.
Date: 2015-07-01; view: 4974; Нарушение авторских прав |