Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Мұғалімді сабақтың жоспарын және конспектісін жасауға және онымен жұмыс істеуге дайындау⇐ ПредыдущаяСтр 12 из 12 Сабақты жоспарлау және оған әзірлену кезеңдері: • бөлімдерді тақырыптарға бөлу, әр тақырыпқа бөлінетін сағат санын белгілеу; • бағдарлама, әдістемелік құрал, мектеп оқулығы және қосымша әдебиеттерді оқып, әр сабақтың алдына білімдік, тәрбиелік, дамыту мәдениеттерін қою; • тақырыпты ашуға керекті мәліметтерді іріктеу, оқуға керекті тірек білімдерді анықтау; • негізгі материалды, дәлірек айтсақ сабақтан оқушы түсініп, есінде қалу керек мәліметтерді анықтау; • сабақтың құрылымын, типін, мақсатқа жеткізетін әдіс-тәсілдерін белгілеу; • тақырыптағы мәліметтердің басқа тақырыптағы мәліметтермен байланысын ашу; • сабақтың барлық кезеңінде мұғалім мен оқушылар атқаратын жұмыстарды, әсіресе жаңа білімдер мен іскерліктерді меңгеру кезеңдегі жұмыстарды жоспарлау. Оқушыларға өз білімдерін өзгерген жағдайларда қолдандыру; • сабаққа керекті дидактикалық құралдарды, атап айтсақ, кино және диафильмдерді, суреттерді, плакаттарды, карточкаларды, сызбаларды, көмекші әдебиеттерді және басқаларды іріктеу; • техникалық оқыту құралдарын тексеру; • мұғалім тақтаға жазатындарын, салатын суреттерін жоспарлайды, оқушыларға өзінің жұмысына ұқсас жұмыстар орындатады; • сабақта орындалатын өздік жұмыстардың көлемін және түрін анықтау; • білім, іскерлік, дағдыларды бекіту түрлерін және тәсілдерін, білімдерді талдап қорыту, жүйелеу жолдарын белгілеу; • үй тапсырмасының мазмұнын, көлемін, формасын белгілеу, оны орындау әдістемесін табу; • сабақтың қорытындысын шығару әдіс-тәсілдерін білу; • тақырып бойынша сыныптан тыс жұмысты жүргізуді жоспарлау; • сабақтың барысын талапқа сай жоспарлау. Сабақтың тиімділігіне бір-бірімен тығыз байланысты екі жағдай әсер етеді: мұқият дайындалу және шеберлікпен өткізу. Дұрыс жоспарланбаған, оқушылардың оқу мүмкіндігімен санаспайтын сабақтың сапасы болмайды. Сабаққа дайындалу – нәтижеге жеткізетін шаралар жүйесін жасау, оқу-тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыру.Мұғалімнің сабаққа әзірлігінің үш кезеңі бар: диагностикалық, болжау, жобалау (жоспарлау). Мұғалім мәліметтердегі фактілерді, оқыту әдістемесін жақсы білуі тиіс. Сабаққа дайындық кезінде мұғалім оқу материалын сыныптың мүмкіндігіне "икемдейді", жақсы нәтиже беретін танымдық еңбек және ұжымдық жұмыстарды жоспарлайды. Сабақты өткізудің жақсы үлгісін жасау үшін модельдеу әдісі қолданылып, оқу сағаттары есептеледі. Алгоритм бойынша сабаққа дайындалу диагностикалаудан басталады. Диагностика арқылы сабақты өткізуге керекті барлық жағдайлар анықталады. Мұғалім балалардың мүмкідіктерін, іс-әрекетінің және мінез-құлқының себептерін, сұраныстарын, қызығушылықтарын, қабілетін, оқушыдан талап етілетін білім, іскерлік, дағдылардың деңгейін, оның ерекшелігін, тәжірибеге пайдалылығын анықтайды. Тірек білімдерді қайталауға, жаңа материалды меңгеруге, оны бекітуге және жүйелеуге, білім, іскерліктерді тексеруге және түзетуге кететін уақытты мұқият талдайды. Жобалау - Бұл сабақтың қалай өтетіні туралы жорамалдар. Болашақ сабақтың алуан түріне баға беріп, ішінен жақсысы таңдалады. Қазіргі жобалау технологиясы сабақтың тиімділігін мына тәсілмен шығарады. Сабақ мақсатына сай қалыптастырылатын білім, іскерлік 100% деп алынады. Бұл көрсеткішті зиянды жағдайлар төмендетеді. Сабаққа дайындық мазмұны: 1. Сабақты жоспарлау, жұмыс бағдарламасын жасау. 2. Жеке сабақтарды жоспарлау. 3. Сабақ тақырыбын, мақсатын анықтау. 4. Сабақтың типі мен құрылысын белгілеу. 5. Сабақ мазмұнын анықтау. 6. Білім беру әдістерін белгілеу. 7. Сабаққа керекті оқу құралдарымен көрнекі және техникалық құралдарды дайындау. 8. Сабақ кезеңдерінің әрқайсысына жұмыс түрлерін, оны орындауға уақыт бөлу. 9. Бекіту жаттығуларын дайындау. 10. Оқушылардың білімін тексеру және бағалау әдістерін анықтау. 11. Үй тапсырмасын түсіндіру. 12. Сабақтың жоспар конспектісін жасау. Сабақ жоспарында жазылатындар: 1.Күні.2.Айы,жылы. Сабақ жоспарының үлгісі: • сабақтың өтетін уақыты, тақырыптық жоспардағы нөмірі; • сабақтың тақырыбы, сабақ өтетін сынып; • оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту міндеттері; • сабақтың құрылымы, оның кезеңдері және әр кезеңге кететін уақытты бөлу; • оқу материалының мазмұны; • әрбір сабақтың бөлігіндегі жұмыстың әдістері және тәсілдері • сабақ өткізуге керекті оқу жабдықтары; • үйге тапсырма. Классикалық сабақ процесін жобалау (Столяренко... 298-бет)1. Нақты тұжырымдалған тақырып. 2.Сабақ мақсаты:
|