Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Билет № 4





1.СуракХимиядан факультатив сабақтардың білімдік –тәрбиелік мәні. Факультативтік курстардың мазмұны мен құрылымы. Факультатив сабақтардың түрлері және оларды ұйымдастыру. Оқушылардың қабілеті мен икемділігі ескерілмей,біріңғай бағдарламалармен оқытылған кездің өзінде кейбіреулерінің жеке ғылымдар саласына деген құштарлығы,көбірек білгісі келетіні байқалып жүреді.Осындай оқушылар үшін 1966 жылдан бастап факультативтік сабақтар ұйымдастырылады.Бұлардың кәдімгі сабақтан айырмасы- тереңдетіп оқитын. Химиядан екі түрлі факультативтік курстар өткізу ұсынылды. Бірінші- орта мектепте өтілетін химия салаларынан білімді тереңдету факультативтері, олар:жалпы химияның негіздері, Органикалық заттардың құрылысы мен қасиеттері. Екінші- химияның халық шаруашылығында қолданылуына байланысты арнайы факультативтер: Өнеркәсіптегі химия, ауыл шаруашылығындағы химия, Химиялық анализдің негіздері.Факультативтердің әрқайсысына бөлінетін уақытты,бағдарламасын, оқу құралдарын Білім министірлігі бекітеді.Факультативтік курстарды мұғалімдер, жоғары мектептің мұғалімдері, ғылыми қызметкерлер, өнерәсіп және ауыл шаруашылығы мамандары жүргізеді. Факультативтік сабақтар оқу кестесі бойынша өткізіледі, оларды мектеп басшылары бақылайды.Оқушылар факультативті өз қалауы бойынша тыңдап алғанымен, үзбей қатысуға және үлгеруге міндетті.Мектеп бітіру аттестаттарында оқушының өткен факультативтері көрсетіледі.Факультативтік сабақтар дәріс, әңгімелесу,оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары, т.б. арқылы өткізіледі.Оқушылар өздігінен жұмыс ретінде рефераттар, баяндамалар мен кестелер әзірлейді, құралдар құрастырылады,анықтамалармен және ғылыми-көпшілікке арналған әдебиеттермен танысады.Факультативтік курстар оқу материалындағы өлкелік деректердің үлесін арттыруға, кәсіптік бағдар беру арқылы жергілікті қажеттіліктерді неғұрлым толық өтуге жағдайлар жасайды.Оқушылардың химия пәніне деген құштарлығы химиямен жеке танысуга талпыну кезінде айқындалады. Оқушы факультатив сабағында мектеп бағдарламасымен шектеліп қойады, олар химияға арналған ғылыми көпшілік әдебиеттерді, журналдарды оқиды, сабақтан тыс уақытта химия бөлмесінде, ал кейде үй зертханасында эксперимент жұмыстарымен айналысады. Химия пәнінен жүргізілетін факультативтерді негізінен үш топқа бөлуге болады.

1/Жоғары деңгейдегі факультативтердің мақсаты ол негізгі және міндетті курстардың мазмұнын тереңдету бағытында жүргізіледі, сондықтан да жеке сыныптар көрсетіліп,белгілі сағаттар бөлінген.

2/Қолданбалы факультативтер ауыл шаруашылығы мен химия өндірісінің негіздерін үйретуді көздейді.Химиялық талдау негіздерінен мағлұматтар береді.

3/Арнаулы курс факультативті химия ғылымының негіздеріне сәйкес кейбір бағыттарды, бөлімдерді тереңдетіп қарастыруды мақсат етеді.

2-сурак. Химиялық ұғымдар қалыптастыру. Мектеп химия курсындағы маңызды ұғымдардың сипаты. Ұғымдардың жіктелуі, химиялық ұғымдар қалыптастырудың маңызды кезеңдері. Ұғымдарды дамыту ұстанымын іске асыру. Химиялық ұғымдардың қалыптастыру бір мезгілдік нәрсе емес, олар пәнді одан әрі оқып – үйрену үрдісінде дамиды, жаңа белгілермен ұғымдар байиды, түсіндірілуі тереңдейді. Ұғымдарды қалыптастыру үш кезеңнен тұрады: бірінші әзірлік кезеңі, ол – қалыптастыратын ұғымның тірегі; екінші кезеңде ұғымның алғаш қалыптасуы іске асырылады; ал үшінші кезеңде ұғымды кейінгі таным үрдісінде қолданумен және көлемі мен мазмұны бойынша оны дамытумен сипатталады. Орта мектептегі химия курсын оқытуда ұғымдар қалыптастыру теориясының дамуына атақты орыс химигі - әдіскер В.Н.Верховский елеулі еңбек сіңіреді. Көптеген әдістемелік еңбектердің авторы С.Г.Шаповаленко химиялық ұғымдарды қалыптастыруда айтарлықтай үлес қосты. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында химияда бұрыннан қалыптасқан генетикалық байланыс ұғымын заттың құрылысы жөніндегі ұғымдар алмастырды. Атомның құрылысын зерттеуге баса назар аударылды, соның нәтижесінде кванттық – механикалық түсініктер теориясы пайда болды. Ол заттың ішкі құрылысын тереңірек зерттеуге баса назар аударды. Сөйтіп атом – молекулалық ілім, құрамның тұрақтылық заңы, массанын сақталу заңы, органикалық қосылыстардың құрылыс теориясы т.б. пайда болды. Химияны оқыту, білім беру және тәрбиелеу мақсаттарының бірі – оқушыларға химияны саналы, жүйелі әрі баянды меңгерту. Ол ұғымдар жүйесін дұрыс меңгеру байланысты. Ұғым мен ақиқат нәрсенің жалпы және елеулі белгілерін ғана бейнелейді. Елеулі белгілер заттарды сипаттауға және оны танып – білуге мүмкіндік береді. Заттардың елеусіз белгілері оны басқа заттардан айыруға және танып – білуге мүмкіндік бермейді. Химияда «зат» деген ұғымының мәні аса кең әрі терең. Бұл жөнінде дұрыс түсінік беру үшін оны ең жақын «туыстық» түсінікке жақындататын анықтама беріп, басты белгілерін көрсету керек. Химияны оқытудың келесі кезеңінде заттардың құрамы мен құрылысын таныстыру көзделеді. Барлық заттар өзгеріске ұшырайды, табиғатта өзгермейтін зат жоқ екенін білу арқылы оқушылардың дүние танымдық материалистік көзқарастары қалыптасады. Табиғат үнемі жаңарып, дамуда сан өзгерістері сапалық өзгерістерге айналады, ол заттың құрамы мен құрылысының өзгеруіне әкеліп соғады. Ол өзгерістер «химиялық құбылыс» немесе «химиялық реакция» деп алып, жаңа ұғымдар береді. Сонымен қатар заттың ұсақ бөлшектері молекула, одан ұсақ бөлшектер атомдар туралы мағұлмат беріледі. Молекула әр түрлі атомдардан құралған күрделі затты түзеді деп қарастырады. Осыдан кейін «қоспа» және «таза зат» ұғымдарына қайта оралып, күкірт пен темірден түзілген күкіртті темір, ал ол күкірт пен темірден қосылу реакциясының өнімі – молекуланың бір түрінен құралған таза заттармысалы екенін айтуға болады. Осы мысалдар арқылы «қоспа» мен «химиялық қосылыстың» арасындағы айырмашылықты ажырата білуге болады. Химиялық реакция нәтижесінде шыққан жаңа заттар алғашқы алынған бастапқы заттарға қасиеті жағынан ешбір ұқсастығы болмайды. Осы ұғымдардың негізінде, химиялық «элемент» жөніндегі жаңа ұғым пайда болады. Заттың бәрі бірдей молекуладан құралмайды деген түсінік беру кинетика заңдарына қайшы емес, қайта оның мазмұнын толықтыра түседі. Ұғым – бұл пән мен құбылыстың бейнелеу формасы, олардың өмір сүру белгілері мен қатысты. Ұғымның мазмұнын сөз арқылы түсіндіріледі, ол – ғылымның шартты белгілері. Көптеген химиялық ұғымдарды бір – бірінен шатастырып алмау үшін оларды жүйелеу – жіктеудің маңызы өте зор. Дегенмен нақтылап айтсақ осы уақытқа дейін химиялық ұғымдарды жүйелеп – жіктеуде бірыңғай әмбебаптық жоқ. Химиядан сабақ беру кезінде логикалық және дидактикалық ұғымдар жұйесі кеңірек қолданылады. Ұйымдарды химиялық әдістемелік жағынан жүйелеуге талпынушылық бар. Ол оқылатын нысанға және оқыту ерекшеліктеріне сәйкес химиялық мазмұнына қарай жүргізіледі. Олар берілетін химиялық білімнің салалар негізінде: бейорганикалық, органикалық аналитикалық технологиялық геохимиялық биохимиялық т.б. болып жасалуда. Ұғымдарды қалыптастырудың бірнеше кезеңдерге бөлуге болады: 1. кезеңде заттар мен әр түрлі құбылыстарды тікелей байқау және пайымдау. Нақты заттардың мысалдармен танысу: оттек, сутек, т.б. Затарды оқу арқылы «зат», «заттың қасиеті» жөніндегі мәліметтерді жүйелеу. 2. кезеңі – заттар туралы теориялар мен белгілі заңдылықтарды пайдалану кезіндегі анықтамалық материалдарды қолдана ббілуге назар аудару.3. кезең – заттар жөніндегі жеке ұғымдарды, басқа ұғымдарды түсіндіру кезінде пайдалану.4. кезең – химияның алғашқы ұғымдарын, күрделі ұғымдарды түсіндіруге және дүниетанымдық көзқарастарды нақтылай көрсету кезінде қарастыру. Сондай – ақ пәнралық байланыстарды пайдалану.

3. суракБағдарламаның тарауларында кейбір тақырыптар бойынша тақырыптық жоспардың үлгісі. Тақырыптық жоспар жасауда мұғалімнің жұмысы.Мектепте химияны оқытуды ұйымдастыру. Мектепте оқу жұмысын ұйымдастыру формасы: сабақ, факультатив сабақ, сабақтан тыс жұмыстар.Сабаққа- лекция, семинар, практикалық сабақ, лабораториялық жұмыс, пән аралық конференция, қоғамдық білім тексеру сабағы.Сабақтан тыс жұмыстарға: химиялық кештер, химиялық иллюзион, КВНХ, химиялық турнир, олимпиада, экскурсия.Бұлар өзара өте тығыз байланысты және мақсаты мен міндеттері ортақ.Осылардың ішіндегі ең негізгісі – сабақ. Қалғандары қосымша түрлері ретінде қабылданған. Сабақ ұғымының негізгі белгілері: оқушылардың тұрақты құрамымен, оқу жоспарына сәйкес жасалған кестесімен өткізіледі. Оқу уақыты – 45 минут Оқытудың ең кең таралғаны сынып –сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Ямос Коменский Бұл жүйе әлі күнге дейін өзінің мәнін жойған жоқ. Кез – келген сабақ: типі, мазмұны, құрылымы, әдістері мен құралдарымен ерекшеленеді.Сабақта білімділік, тәрбиелік, дамытушылық міндетті түрде жүзеге асырылады. Сабақтың жемісті болуы мұғалімнен үлкен шеберлікті және өнерді керек етеді. «Сабақ беру – үйреншікті емес, ол үнемі жаңадан – жаңа табатын өнер» -деп жазған Жүсіпбек Аймауытов. «Сабақ – мұғалім күнбе күн оқушыларға білім, тәрбие беретін және жан – жақты дамытатын оқу – тәрбие процесінің негізгі саласы»

-В А Сухамлинский.Кейбір оқулықтарда ұйымдастыру әдісіне байланысты мына сабақтың түрлерін бөледі:1 Дәстүрлі

2 Дәстүрлі емес немесе оны сабақтың активті формасы деп те атайды.Әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік мүмкіндіктерінің мол екенін көрсете отырып,оны жаңа сапалық сатыға көтеру.Олар екіге бөлінді.1 Конкурс,сайыс, көкпар, жарыс, бәйге, аукцион ойын, экспидиция – кейде сабақтың элементтері деп те қарауға болады.2 Лекция,конференция,,пікір-талас,панарама, кампютерлік сабақтарды жатқызуға болады немесе оны кіріктірілген сабақ дейді.Бұларды ұйымдастыру, өткізу оқушыларға ұнайды. Бәрінің көздейтіні біреу- оқушылардың білім дәрежесін нығатып, жетілдіруде едәуір көмек береді. Химия сабақтарының жіктелуі И. Нұғыманұлы дидактикалық мақсатына қарай химия сабақтарын 5 типке бөледі:1 Жаңа материалды оқып-ұйрену сабағы.2 Оқушылардың білімі мен білігін жетілдіру

3 Білімді қорытындылау және жүйеге келтіру.4 Бақылау – есепке алу(біліі мен білік). 5 Аралас сабақ (комбинированный)

 

Date: 2015-06-11; view: 1125; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию