Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






З Сабақ жоспары. Сабақ жоспарына қойылатын талаптар. Жоспардың құрамды бөліктері, формасы және мазмұны





Сабақты құруға қойылатын талаптар: 1. Сабақтын бағдарламаға, өтетін орнына және уақытына сәйкестігі. 2. Сабақтың құрылымы мен кезеңдерінің қажеттілігі, олардың уақытқа байланысты арақатынасы. 3. Идеялылығы мен ғылымилығы. 4. Эстетикалық тәрбие, сабақтың эмоциоиалдық жақтары. 5. Жаңа материалдар беру. 6. Дамыта оқыту принциптерін сақтау. 7. Өмірмен байланыс. 8. Оқытудың көрнекілігі, оқытудың техникалық, ақпараттық коммуникациялық құралдарын пайдалану. 9. Кітаппен жұмыс істеу. 10. Жаңа ұғымдардың тууы, таным қуанышы. 11. Дайындық жаттығуларын ұйымдастыру. 12. Оқушылардың жұмысындағы дербестік. 13. Оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығы.

14. Оқушыларды жұмыстың әр алуан түрлерімен қамту. 15. Ауызша және сөздік жұмыстармен қамту. 16. Жекелей әдіс (қабілеттілерге назар аудару, артта қалушылармен жұмыс істеу) 17. Оқушылардың білімін тексеруді ұйымдастыру.

18. Оқушылар білімінің тереңдігі мен беріктігі 19. Бағалардың сәйкестігі және оларға аннотация. 20. Үй тапсырмасын ұйымдастыру. 21. Сабақ өткізу қарқыны. 22. Мұғалімнің педагогикалық әдебі. 23. Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті. 24. Дауыстап айтумен жұмыс істеу. 25. Сөздік — фразеологиялық және стилистикалық жұмыс. 26. Байланысты дамыту, практикалық бағыттылық. 27. Грамматиканы, лексиканы оқу. 28. Оқу техникасы. 29. Сөйлеу және жазу мәдениеті. 30. Көркем шығармаларды оқу. 31. Жазбаша жұмыстар жүйесі.

 

Билет

1) Химияны оқыту методикасының зерттейтін мәсеселері. Оқыту әрекетінің жеке бөліктері. Химияны оқыту методикасының зерттейтін объектісі – сол пәнді оқыту әрекеті, Оқыту педагогика, дидактика және методика ғылымы тұрғысынан түсінуге болатын күрделі әрекет болып табылады. Педагогикалық тұрғыдан қарастырғанда оқыту дегеніміз – жасөспірімнің бойына ұжымдық тәжірибені сіңіру. Дидактикалық жағынан алғанда, оқыту – білім берудің мазмұнын жасөспірімге жеткізу ісіндегі сабақ беру (мұғалімнің қызметі) мен оқудың (оқушының таным әрекеті) бірлігі. Методикалық тұрғыдан алғанда оқыту – нақтылы оқу пәнінің материалын жасөспірімге жеткізу ісіндегі сабақ беру мен оқудың бірлігі. Оқыту әрекетіне «мұғалім - оқушы», «оқушы – оқу пәні», «оқушы - оқушы» қатысады. Осылардың ішінде ең негізгісі – мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының бірлігі мен үйлесуі, оқытудың мақсаттары мен міндеттері, мазмұны, ұйымдастыру формалары, құралдары мен әдістері арқылы жүзеге асады. Оқыту әрекетін, тұтасынан алғанда, дидактика зерттейді. Ол оқыту әрекетінің мәнін ашып береді, заңдылықтары мен негіздерін саралайды. Дидактика, бір жағынан, оқытудың теориясын жасайды, екінші жағынан, сол теорияны қолдану арқылы оқытудың сарамандығын жетілдіреді. Барлық жеке пәндерді оқыту, солардың ішінде химияны оқыту методикасы дидактиканың ашқан жаңалықтарына сүйенеді, оларды өзінің методологиялық негізі ретінде пайдаланады. Методиканың зерттейтін тағы бір мәселесі – оқытудың ұйымдастыру формаларын, құралдарын және әдістерін жетілдіру, мектептің алдына қойылған жаңа талаптарға сәйкестендіру. Бұлар мұғалім мен оқушы еңбегінің арасындағы қатынасты, оқушының еріктілігін, дәйектілігін және белсенділігін арттыру жағына қарай бағыттап отыр. Тәрбие беру және оқушыларды дамыту – орта мектепте оқылатын барлық пәндердің міндеті. Бұл салада мектепте өтілетін жиырмадан астам пәндердің бірі ретінде ғана химия өз үлесін қосады. Оның үстіне химия өзінің бұл міндетін оқу пәні мазмұнының негізінде жүзеге асырады.

Сондықтан химияны оқыту методикасына ғылыми анықтама бергенде оның қай ғылымның саласына жататынын, зерттейтін объектісін, тұтасынан алғандағы оқыту барысын, химияның жалпы білім беретін орта мектептен басқа да арнайы орта және жоғары оқу орындарында оқылатынын ескеру керек. Химияны оқыту методикасы қазіргі кезде кәсіптік білім беретін орта мектептерде, арнайы орта және жоғары білім беретін мектептерде ғылым ретінде қалыптасып, күрделі зерттеулер жүргізілуде.Жоғарыда айтылғандарды ескере келіп, «Химияны оқыту методикасы – химиядан білім берудің мазмұнын және химияны оқыту барысының заңдылықтарын зерттейтін педагогика ғылымының дербес бір саласы» деген анықтама беруге болады. Мұның алғашқы бөлігі оқытудың мазмұнын, соңғы бөлігі әрекет етуін қамтиды. Мазмұнды бөліп қараудың себебі де бар. Халыққа білім берудің қазіргі бағыты бойынша әр пәннің мазмұны мектептің типіне, бір типтегі мектептің өзінде кластардың сипатына қарай анықталады. Бағдарламада және оқулықтарда белгіленген мазмұнның бәрі нақтылы оқыту әрекетіне қатыса бермейді. Барлық мектептер үшін бірыңғай, біркелкі және міндетті мазмұнның тиімсіздігі іс жүзінде және теория жағынан дәлелденген соң, әр түрлі бағдарланған мазмұнға ауысу басталады. Қазірдің өзінде бұрыннан қолданылып келе жатқан Ю.В.Ходаков және басқаларының оқулықтарымен қатар Г.Е.Рудзитис., Ф.Г.Фельдманның оқулықтарын пайдалануға рұқсат етіледі. Оқулықтардың тиімдісін таңдап алу – мұғалім мен оқушының еркінде.

2. Химиялық элементтерді және олардың қосылыстарын оқып үйрену әдістемесі. Элементтерді және олардың қосылыстарын оқып үйрену кезеңдері,жоспары. Орта мектептегі химия курсы мазмұнының маңызды бөлігін химиялық элементтер және олардың қосылыс тары туралы білім құрайды. Оқушыларды химиялық элементтермен таныстырғанда оқытудың жекеден жалпыға, белгіліден белгісізге, оңайдан қиынға жылжитын аса маңызды негіздері қолданылады. Осы негіздерге сәйкес элементтерді және олардың қосылыстарын оқып үйрену бірнеше кезеңде жүзеге асады: 1) жеке элемент және олардың қосылыстарымен танысу. 2) элементтердің табиғи текстарі жөнінде ұғым қалаптастыру; 3) периодтық заң және периодтық жүйені оқыту; 4) периодты заңдылықтың негізінде элементтерді топ және топшалары бойынша қалыптастыру; 5) химиялық элементер туралы білімді жинақтап қорыту.Химиялық алғашқы ұғымдардан кейін жеке элементтерден оттегі және сутегі индукциялық тәсілмен өтіледі. Бұл элементтер кең таралған, қосылыстарға оқушыларға табиғаттану, биология және физика курстарынан жақсы таныс болғандықтан таңдап алынады. Оқушыларға оттегіні ауада кездесетіні, ағзалар тыныс алғанда оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын шығаратыны, өсімдіктердің фотос интезі кезінде көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығаратыны, оттегінің алынуы жануды қолдайтыны және физикалық қасиеттері белгілі.Сөйтіп, химиялық элементпен алғашқы таныстыру мына жоспар бойынша жүзеге асырылады: а) химиялық таңбасы және атомдық массасы;ә) табиғатта кездесуі; б) бос күйінде алынуы; в) жайзатының қасиеттері; г) маңызды химиялық қосылысының құрамы және қасиеттері;

ғ) қосылыстарындағы валенттілігі; д) халық шаруашылығындағы маңызы.

Осы жоспарға сәйкес оттегі мен сутегінің элементтері оқылып, олар түзетін маңызды қосылыстар су, оксидтер, қышқылдар, тұздар және негіздер туралы білім беріледі. Бұл білім элементтерді оқып - үйренудің екінші кезеңіне негіз болады.Екінші кезеңде өзара өте ұқсас химиялық элементтердің үш тобы - галогендер, сілтілік металдар және инертті газдар қарастырылады. Периодтық заңдылықты игеруге нақтылы әзірлік жасалады.Үшінші кезеңде оқушылар барлық элементтердің басын біріктіретін, бірімен-бірін ұштастыратын жалпы заңдылықпен танысады. Периодтық жүйеге орналастырылған химиялық элементтер арасында көлбеу және тік байланыстардың мәнін түсінеді. Элементтердің периодқа, қатарға, топқа және топшаға орналасуының негіздерін әрқайсысының ерекшеліктерін игереді. Химиялық элементерді ашу және жіктеу дамылсыз жүзеге асып, ақырында периодтық заңның ашылғанын біледі. Табиғаттың ұлы заңын ашу үшін танымдық ой өрісі кең, сіңісіп кеткен кертертпа пікірлерге батыл қарсы шығатын ғалым керек болғанын, Д.И. Менделеев осы талаптарға сай келгенін түсінетін дәрежәге көтеріледі. Д.и. Менделеев ашқан периодтық заң және периодтық жүйе химиялық элементтерді және оларды оқып - үйренудің теориялық негізіне айналады. Төртінші кезеңде VІІІ - ІX кластарда топ және топшалар бойынша оқылады. Алдымен ΙΙΙ - ΙV негізгі топшаларда орналасқан бейметалдар, содан соң металдардың жалпы қасиеттері, I - III негізгі топшаның металдары, соңында қосымша топшаларда орналасқан металдарда өтіледі.

Date: 2015-06-11; view: 1656; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию