Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Билет № 5





1. Орта мектептегі химия курсының мазмұны және құрылымы. Мектеп химия курсын құрудың ұстанымдары. Қазіргі мектеп бағдарламасының құрылымы, оның мазмұны және келешегі. 1. Мектеп химия курсын құрудың негізгі ұстанымдары. Мектептік химия курсының мазмұны әр сыныпқа сәйкес келетін бағдарлама анықтайды. Оқулықта мектеп бағдарламасының көлеміндегі химиялық білімнің мазмұны жарияланады. Мектеп бағдарламасы мынадай ұстанымдарға сәйкес құрылады:

  • ғылымилығы
  • түсініктілігі
  • жүйелілігі немесе бірізділігі
  • тарихи ұстанымы
  • теорияның тәжірибемен байланысы

ҰСТАНЫМ дегеніміз – пәнді құруға және оқытуға негіз болатын қажетті ереже.ҒЫЛЫМИЛЫҒЫ – орта мектептегі химияның негізіне ғылымда толық дәлелденіпанықталған көзқарастар, деректер кіреді. Орта мектепте химия курсынан оқушылар алатын білім ғылым негізінде бұрмаланбай оқушылар санасына дәл, нақты жеткізілуі тиіс. Олар педагогтің қарапайымдалып, өнделген түрде берілсе де, ғылым негіздері болып табылатын нағыз ғылым туралы шын түсінікті қалыптастырады.ЖҮЙЕЛІЛІГІ /бірізділігі деп те атауға болады/ Оқу материалын бірінен бірі туындайтындай етіп, бірізділікпен оқыту керек. Тек жүйелі білім ғана оқушыға іс жүзінде пайда келтіреді. /Бұл принцип химияның негізгі ұғымдарын қалыптастырғанда ескеріледі.Зат –Химиялық элемент – Валенттілік – Химиялық формула – Химиялық реакция.Бұл ұстанымды жүзеге асырғанда танымдық процесс заңдылықтары – белгіліден – белгісіздікке, қарапайымнан – күрделіге қарай ескеріледі.Мысалы: «Химиялық элемент – атомның белгілі бір түрі», деп анықтама береді. Ал атом құрылысы өтілгеннен кейін «Химиялық элемент – ядро зарядтары бірдей атомдар түрі деп оқытылады. Жүйелілік ұстанымды ескергенде индуктивті және дедуктивті тәсіл қолданылады:ИНДУКТИВТІ ӘДІС – оқытудың алғашқы уақытында, оқушылардың теориялық базасы жоқ, уақытта жеке мәселеден жалпы мәселеге көшу, бақылау мен фактілерден қорытынды жасау әдісімен өтеді. Мысалы: «Оттек, Оксидтер, Жану» тақырыбын өткенде оқушылар оксидтердің жеке өкілдері мен танысады, ал оксидтер туралы білімді «бейорганикалық химияның қосылыстардың маңызды кластарын қорытындылау деп аталатын 5 тарауда қорытындылап, бекітеді.ДЕДУКТИВТІ ӘДІС – жалпы мәселеден жеке мәселеге көшу тәсілі де қолданылады. 6-7 тарау «Периодтық заң және периодтық жүйесі, және заттардың құрылысы теориясынан кейін кез келген топқа сипаттама беріп, өкілінің қасиетін қарастыруға болады.

ТҮСІНІКТІЛІГІ – оқу материалын оқушыға түсінікті етіп беру керек. Оқушы өзінің әлі келетінің меңгереді, бұл оның ақыл-ой өрісінің даму дәрежесіне сәйкес келеді(CuOH)2CO3 – малахит деп береміз, әйтпесе түсінбейді. KMnO4 – марганцовка.Оқу материалының түсінікті етіп берілуі көлеміне, ғылыми деңгейіне байланысты. Сондықтан кейбір ғылыми деректерді оңайлатып беруге тура келеді. Оңайлатудың дәрежесін тым төмендетіп жіберсе, бұрмалаушылыққа әкеліп соғады. ТАРИХИ ҰСТАНЫМЫ Оқыту барысында заңдарды, теорияларды, ғылыми жаңалықтарды түсіндіру кезінде тарихи мәліметтер беріледі. Оқушылар тарихи материалдарды пайдавлана отырыпр, қарама-қарсылықтың қалай шешілгендігі, ғылыми жаңалықтың ашылу тарихымен таныса отырып, ұлы химиктердің ғылым қазынасына қосқан үлесімен танысып тәлім тәрбие алады.

Бастапқы химиялық ұғымдарды оқыту әдістемесі.Тақырыпты оқып үйренудің міндеттері. Алғашқы ұғымдар мен түсініктерді қалыптастыру.

3. Химияны оқытудағы көрнекілік. Көрнекілік түрлері және оларды жіктеу. КӨРНЕКІЛІГІ: Ертеден келе жатқан принцип. Оқушылар білімді заттар мен химиялық әрекеттерді тікелей қабылдау арқылы алуы тиіс. Егерде бұл мүмкін болмаған жағдайда атом мен молекула құрылысының моделін, суреттерін, сызбанұсқаны, баспадан шыққан оқу құралдарын пайдаланады. Осының бәрінде оқушылар жан-жақты бақылау жасауға әр көрнекіліктен барынша мол ақпар алуға, бақылау нәтижесін қорытындылап, түсіндіре білуге үйренуі керек. Мектепте сабақ мазмұнына қарай әр түрлі көрнекіліктер қолданылады. Оларды былай топтастыруға болады: а/ табиғи көрнекіліктер: Минералдар, қазба байлықтары, әр түрлі тәжірибелік реактивтер, т.б. құбылыстарды көрсететін аспаптар т.б. б/ Дыбыстық көрнекіліктер: Аудио-визуалдық құралдар арқылы берілетін бейнелер, дыбысты кинолар, грампластинкамен дыбыс жазу т.б. в/ Рәміздік және сызбалық көрнекіліктер: Сызбанұсқалар, диаграммалар, химиялық элементтің таңбасы бар әр түрлі көрнекіліктер. Көрнекі құралдарды оқу үрдісінің барлық кезеңдерінде қолданады /Жаңа білімді хабарлаған кезде, үйге тапсырма бергенде, қайталаған кезде, білімді қорытындылап, жинақтау кезінде, т.б. зертханалық, сарамандық жұмыстарды орындау барысында пайдалынады.Теорияның тәжірибемен байланысы – бұл оқушылардың ғылым негізінен алған білімін өмірмен, қоғамдық құрылыс сарамандылығымен ұштастыру арқылы жүзеге асады, бұл политехникалық білім беру мәселелерін қамтиды. /Өндіріс негіздерімен, халық шаруашылығымен байланысы.Оқыту сапасын жетілдіре отырып, оқушылар күнделікті тұрмыста, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, медицинада химиядан алған білімінің қолдану салаларын көреді. Бұл арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады, кәсіптік бағдар алады.

Билет

1).Химияны «оқыту әдістері» ұғымы, оларды жіктеудегі дидактикалық көзқарас.. Химияны оқытудағы индуктивтік және дедуктивті әдістер.Мысалдар келтіп дәлелде. Оқыту әдістері дегеніміз – «белгіленген оқу мақсатына жету үшін мұғалімнің іс-әрекеті мен оқушы іс-рекетінің үйлесу түрлері, тәсілі». Оқытудың мақсаттары мен құралдары тұрғысынан алғанда оқыту әдістері «мұғалімнің оқушыларды білім және білікпен қаруландыратын, адамгершілік көзқарас қалыптастыратын құралдары мен тәсілдердің жиынтығы».Химияны оқыту әдістері, ғылыми зерттеу әдістерімен ұштасып жатады, оқушылардың химия объектілерін танып-білу әрекетінің ерекшеліктерімен де сипатталады. Оқыту әрекетінің бір бөлігі болғанымен, оқыту әдістерінің өздері күрделі жүйе құрайды. Олар жалпы әдістер, әдістер тобы және жеке әдістер болып үшке жіктеледі. Жалпы әдіс оқушының таным-әрекетінің сипаты бойынша:1 түсіндірме – иллюстративті 2 іздестіру (эвристикалық) 3 зерттеу әдістеріне тарамдалады. Бұлардың әрқайсысы білімнің бастауларына (қайнар көзіне), басқаша айтқанда оқыту құралдарына қарай сөз әдістерінің тобы, сөз – көрнекі әдістер тобы және сөз - көрнекі сарамандық әдістер тобына бөлінеді. Әдістер тобы одан әрі жеке әдістерге жіктеледі.Дедуктивтік әдіс арқылы мұғалім ережелерді, формулаларды, заңдарды түсіндіріп, оны оқушы меңгереді. Аталған әдіс оқу материалын тез меңгеруге көмектесіп, абстрактылы ойлауды дамытады. Оны теориялық материалдарды оқуға, есептер шығаруда қолданған дұрыс.Эвклидтің элементарлық геометриясы дедуктивтік әдіспен оқытылады. Бірақ оқушылардың дайындығын қатаң түрде ескеру керек. Егер олар кейбір ұғымдарды, теорияларды білсе, онда мұғалім оларды жеке зат және құбылыстарды меңгерту үшін қолданады.
Дедукция әдісі арқылы оқушы өзі білетін қорытындыларды, ережелерді, ғылыми заңдарды бақылау жүргізгенде, тәжірибе жасағанда, жаттығу жазғанда қолданады. Мысалы, теңіз кемелерінің қанша тонна жүк көтеретінін білу үшін Архимед заңы қолданылады. Жазбаша жаттығу жазғанда белгілі грамматикалық ережелер қолданылады.
Индуктивтік әдіс. Индукция - латын сөзі. Оқушыларды белгілі бір қорытындыларға әкелу. Алдымен оқушыларға жеке заттар, құбылыстар түсіндіріледі, фактілерден қорытындылар шығартады. Индукция әдісі дедукциямен бірге қолданылады.Осы екі әдіс арқылы ой-тұжырымдарын жасау - оқытудың логикалық негізі болып табылады. Оқу пәнінің мазмұны, логикасы бағдарламасы индукция әдісін қолдануды талап етеді. Индукция әдісі бастауыш сыныптарда жиі қолданылады. Себебі Бұл жастағы балалар нақты жеке құбылыстарға қызығады. Олардың кейбір белгілерін анықтап, талдап, қорытындылар жасайды. Осылайша жасалған ұғымдарын сөз арқылы айтады. Осы кезден бастап дедукция әдісі қолданыла бастайды.

2)Периодтық заң және периодтық жүйе орта мектептегі химия курсының теориялық негізі. Химия курсындағы периодтық заңның орны мен маңызы. Оқушыларды периодтық заңды оқып үйренуге дайындау. Периодтық заңды қорыту. Алғашқы сабақтарда ғылыми жіктелудің маңызы, оның химияда қалай жүзеге асқаны, элементтерді металдар және бейметалдар деп жіктеудің жеткіліксіздігі, олардың арасында айқын шекара жоғын көрсететін амфотерлі элементтер бар екені жөнінде түсінік беріледі. Металдар және бейметалдар түзетін жай заттардың физикалық және химиялық қасиеттері кесте түрінде жазылады. Онда сыныптан басқа металдардың қатты, металдық жылтыры болатыны, жылуды және электр тогын жақсы өткізетіні, тапталғыштығы, созылғыштығы, негіздік оксидтер және негіздер түзетіні, ұшқыш сутекті қосылыстары болмайтыны көрсетіледі. Бейметалдар сұйық, газ және қатты, бірақ жылтыры болмайтын, көпшілігі жылуды және электр тогын нашар өткізетін, қышқылдық оксидтер, қышқылдар және ұшқыш сутектік қосылыстар түзетін заттар ретінде сипатталады.Оксидтер мен гидроксидтердің сипаты талданады. Талдау кезінде нағыз металдар түзетін қосылыстардың негіздік, нағыз бейметалдар түзетін қосылыстардың қышқылдық сипаты барына назар аударылады.Бұдан соң мырыш гидроксидінің қышқылдар және сілтілер ерітінділерімен әрекетесуінің зертханалық жұмысы ұйымдастырылады. Жұмыстың нәтижесі мырыш гидроксидін: а) қышқылдарға, ә) негіздерге жатқызуға болама? деген сұрақ бойынша қорытындыланады. Оқушылар мырыш гидроксиді қышқылмен әрекетттесіп негіздік, сілтімен әрекетесіп, қышқылдық қасиет көрсететіні жөнінде пікірге келеді, реакциялардың теңдеуін жазады. Мырыш оксидін алып тәжірибелер қайталанады, реакция теңдеулері жазылады. Бұл тәжірибелерден оқушылар қорытынды жасайды. Химиялық элемент қосылыстарының амфотерлі қасиет білдіруі оның металдар мен бейметалдар арасынан орын алатынын білдіреді, металдардан біртіндеп бейметалға ауысу байқалады.

Химиялық элементтер түзетін жай заттар және химиялық қосылыстар туралы ұғым элементтердің табиғи топтарын өткенде дамытылады. Элементтер табиғи топтарға қасиеттерінің ұқсастығы және түзетін заттарының сипаты бойынша біріктірілген. Периодтық заңды қорытып шығару үшін атомдық массалары 1- ден 40- қа дейінгі химиялық элементтердің карточкаларымен өздігінен жұмыс ұйымдастырылады. Элементтерді атомдық массаларының өсуі бойынша қасиеттері ұқсас элементтер бірінің астына екіншісі келетіндей етіп орналастыруға тапсырма беріледі. Карточкалармен жұмыс істегенде оқушылар литийден неонға, натрийдан аргонға дейінгі элементтердің атомдық массаларының артуына қарай: а) оттегі бойынша валенттіліктерінің өсуін; ә) сутегі бойынша валенттіліктерінің кемуін; б) жай заттар қасиеттерінің өзгеруін; в) оксидері сипатының өзгеруін; г) гидроксидтері сипатының өзгеруін салыстырады. Жай заттарды көрнекі көрсету арқылы металдық және бейметалдық қасиеттерін салыстырғанда агрегаттық күйіне, түсіне, металдық жылтырына, электр және жылу өткізгіштігіне назар аударылады. Соның нәтижесінде жай заттар физикалық қасиеттерінің өзгеруі атомдық массалардың шамасына периодты тәуелділікте болады деген қорытындыға келеді. Элементтердің оттегі және сутегімен әрекеттесуін көрсететін химиялық қасиеттерін салыстыру да дәл осындай тұжырымға әкелді.

3. Дәстүрлі емес сабақтар. Дәріс сабақтары, оны ұйымдастыру, өткізу әдістемесі. Дәстүрлі емес сабақтар. Интеграциялық сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты - оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пән аралық байланыс принципін қолданып, интегралдық жоспар жасайды. Ондағы материалдарды дер кезінде сабаққа пайдаланып, тиімді етіп іске асырады. Панорамалық сабақ. Панорамалық сабақты өткізудегі негізгі мақсат - озат мұғалімдердің өзінің ұстаздық зертханасын ашып, сабақ беруі, яғни әдістемесін көпке тарату. Панорамалық сабақты өткізу үшін мұғалімге қойылатын ең бірінші талап оның сабақ берудегі өзгеге ұқсамайтын өзіндік әдісінің болуы. Мұғалімнің оқыту процесінде ең көп сүйенетін әдісі қандай, оның тиімділігі неде? Тыңдаушылар соны біліп, сезуі керек. Панорамалық сабақтарға қойылатын талаптардың бірі - мұғалімнің өткізген сабағын өзі талдап беретіндігі. Панорамалық сабақ бір тақырыпты өтуге, яғни тек бір сабақ арқылы оның көп жылғы игі тәжірибелерін көпке танытады.
Сайыс сабақ сабақтың атына байланысты сыныпта екі команда білімдері бойынша сайысқа түседі. Мысалы: есеп шығару, сөйлем талдау. Алдын ала оқушылардың өзінен қазылар алқасы құрылады. Мұғалімнің көмегімен қай команданық жеңгені анықталады. Екі команданық капитандарының жарысы ұйымдастырылып, олардың да жауаптары салыстырылады. Сонынан қорытынды шығарылады.Аукцион сабақ бір нәрсені сату арқылы өткізіледі. Сабақтың құрылымы: өткен сабақты тексеру, аукцион төртібін түсіндіру, зат сату, финал, қорытынды. Сабақ кезінде сатылатын бірнеше заттар тұрады. Затты ол туралы көп білетін оқушы сатып алады. Мысалы: киіз үй, қолөнер бұйымдары.
Көңілді тапқыштар клубы көбіне өткен материалдарды қайталау мақсатында өткізіледі.
Шығармашылық сабақ оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне баса назар аударылады. Бұл сабаққа өте жақсы оқитын оқушыларды таңдап алып, топтарға бөлуге болады. Мысалы, 10 минут ішінде 1-2 топтың оқушылары сол тақырып бойынша кроссворд құрса, 3-4 топтың оқушылары олардың жауабын айтады. Бір тақырыпқа қысқа шығарма, сценарий, көркем немесе мультфильм құрғызуға болады. Қазылар алқасы әрбір топқа баға қояды.

Date: 2015-06-11; view: 1449; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию