Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Билет № 9





1. Химиядан топсеруен. Химиядан топсеруен түрлері. Топсеруенді жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу әдістемесі. Химиядан топсеруен түрлері. Кешенді топсеруен. Химиядан оқу жұмысын ұйымдастырудың маңызды түрлерінің бірі-топсеруен. Химиялық топсеруендер оқытудың өмірімен,өндіріспен және қоғамдық құрылыстың сарамандылығымен байланысын жүзеге асырылады. Оқушыларға политехникалық білім,еңбек тәрбиесін және кәсіптік бағдар беруге жәрдемдеседі. Топсеруен өткізетін обьектілер химия бағдарламасының талабына сай,жергілікті ерекшеліктерге лайықты іріктеп алынады.Химия өндірістері кездеспейтін жерлерде топсеруен негізіне химиялық бағдарда немесе химия өнімдері кеңінен қолданылатын өнеркәсіп мекемелеріне ұйымдастырылады. Оларды мөлшермен алынған тізбесі мынадай болуы мүмкін. VIII класс. Оттегі алатын қондырғы.Тұз қышқылының өндірісі.Су тазалайтын станциялар. Дәріхана. Өнеркәсіп және ауыл шаруашылық мекемелерінің химия зертханалары. Минералдар және өлкетану музейлері. Қазба байлықтар алатын жерлер. Жылу электростанциялары.IX класс. Күкірт қышқылының өндірісі. Минералды тыңайтқыштар өндіретіндер заводтар. Минералды тыңайтқыштардың қоймасы. Шегендеме,кірпіш және шыны өндіретін заводтар. Әк сөндіретін завод. Суыту мекемелері. Шойын,болат және алюминий өндіретін заводтар. Электрохимия өндірістері. Өрт депосы. Аналитикалық химия зертханасы. X класс. Мұнай және табиғи газ өңдейтін мекемелер. Кокс химия өндірісі. Синтетикалық және гидролиздік спирт өндірісі. Сірке қышқылын өндіретін цех. Май комбинаты. Сабын қайнататын завод. Қант заводы.Целлюлоза өндірісі. XI класс. Пластмасса,синтездік және жасанды талшықтар өндіретін заводтар. Тоқыма фабрикасының бояу цехы. Мал фермалары. Мектептің мүмкіндігіне қарай осы обьектілердің қайсысына топсеруен ұйымдастырылатыны тақырыптық жоспарда көрсетіледі,бір топсеруеннің мерзімі екі сагаттан аспауы керек. Топсеруеннің жоспарында даярлау,өткізу және қорытындысын шығару барысында жүзеге асырылатынын ұйымдастыру және танымдық жұмыстардың барлық түрлері,орындалу мерзімі,тапсырылатын адамдары нақтылы көрсетіледі. Ол үшін мұғалім топсеруен обьектісімен жан-жақты танысып,оқу тәрбиелік маңызы бар заттар мен құбылыстарды,технологиялық әрекеттерді,қондырғыларды дәл анықтап,олармен таныстырылудың методикасын анықтайды. Оқушыларға берілетін тапсырмалардың мазмұнын сұрыптайды. Топсеруен тақырып бойынша немесе кешенді түрде өткізіледі. Кешанді топсеруен бірнеше пәннен – химия,физика,география,биология,тарих,т.б. ұйымдастырылады.Мұнда бір обьект әр жағынан қарастырылып,оқушылар өндіріс туралы жан-жақты мағлұмат алады және уақыт үнемделеді.Тақырыптық топсеруендер оқу материалын өтпестен бұрын өту кезінде немесе өткеннен кейін ұйымдастырылады. Топсеруенге байланысты оқу материалы алдымен арнайы сабақта қарастырылады. Мәселен,оттегі өндірілетін цехқа топсеруен жасау үшін арнайы сабақта оттегін зертханаларда және өнеркәсіпте алу тәсілдері қарастырылады.Оттегі көп мөлшерде ауадан алынатыны,ол үшін ауаның құрамына кіретін газдардың физикалық қасиеттеріндегі айырмашылықтарды пайдалану қажеттігі айтылады.Дайындау сабағынан кейін жоспарға сәйкес топсеруен өткізіледі: 1) оттегі алатын шикізат және оны дайындау;2) оттегін алудың өндірістік барысы; 3)оттегінің қолданылуы; 4)өндірістік бақылау.Оттегін өндіретін цех машина залынан,газгольдер және газ толтыратын бөлмелерден,слесарьлық шеберханадан тұрады. Бұлардың құрылысы және жұмыс істеу негіздерімен танстырғанда топсеруен жүргізуші оқушылардың білімін,жас ерекшеліктерін ескереді. Ол үшін мұғалім топсеруеннің жетекшісімен алдын-ала кездесіп,түсіндіру деңгейін нақтылы келісіп алу қажет,бұл маңызды шарттардың бірі.Әдетте өндіріс маманы техниканың ұсақ мәселелеріне мұқият тоқталып айтады да,оқушылар жалығып,топсеруен мақсатына жетпей қалады. Сондықтан топсеруеннің обьектісін мұғалімнің өзі түсіндіргені жөн. Топсеруеннің алғашқы нәтижесі келесі сабақта шығарылады.Мұғалім топсеруен обьектісі бойынша оқушылардың көоген білгендерін нақтылайтын сұрақтар әзірлеп келеді.Оқушылар өздерінің жазып алғандары бойынша жауап қайтарады.Мұғалім оқушылардың жауабын толықтырады,қосымша мағлұматтар береді.Бұдан соң мұғалім топсеруен бойынша қорытынды сабақ,конференция сабақ немесе сабақтан тыс конференция өткізуге дайындық жұмыстарын жүргізеді.Оқушылар жазбаша рефераттар,баяндамалар,өндіріс сызбанұсқасын,макеттер,модельдер және басқа безендіру материалдарын әзірлейді,қабырға газетін шығарып,көрме ұйымдастырылады.

2. Эксперимент есептерінің оқу-тәрбиелік маңызы және типтері.Эксперимент есептерінің орны және шығарту әдістемесі. Химия есептері сан және сапа есептері болып екіге бөлінеді. Сапа есептерін эксперимент есептері деп те атайды, өйткені оларда сандық мәліметтер болмайды, химиялық тәжірибелер жасау арқылы шығарылады. Химиядан білім мен білік қалыптастыруда, оқушылардың алған білімін бақылап, бағалауда эксперимент есептерінің маңызы зор. Эксперимент есептерін шығару арқылы оқушылар теориялық білімін баянды етеді, іс жүзінде қолдана білуге үйретеді. Олар химиялық құрал-жабдықтармен және реактивтермен жұмыс істеу дағдыларын нығайтып, жетілдіре түседі. Эксперимент есептерін үзбей шешіп, машықтанғанда оқушылар өздігінен жұмыс істей білуге, ұқыптылыққа, өз ісіне сын көзімен қарауға үйренеді. Оқушылардың химиядан білім сапасы мен сарамандық әзірлігі эксперимент есептерін шығару үстінде айқын білінеді. Сондықтан химиядан мектеп бітіру емтихан билеттерінің бір сұрағы экспермент есебі түрінде беріледі. Эксперимент есептері оқушылардың таным әрекетінің сипатына қарай бірнеше типтерге бөлінеді. Солардың мектепте іс жүзінде жиі қолданылатындары: химиялық құбылысты бақылау және түсіндіру; заттың сапалық құрамын анықтау; затты тани білу; заттарды алу; заттарды жіктелу белгілерін табу; қоспаның құрамын анықтау және бөлу; құралдар құрастыру. Эксперимент есептерін шешу үшін сынау және қателесу, есте қалғаны бойынша шығару, жорамал жасау, анализ және синтез тәсілдері қолданылады. Сынау және қателесу тәсілі оқушының білімі жеткіліксіз болғанда пайдаланылады. Тиісті нәтиже алғанға дейін тәжірибені қайталап жасай береді. Есептер берілген мәліметтер оқушыға бұрыннан таныс болса, есте сақталғаны бойынша шығарылады. Берілген мәліметтер толық болмаса, оқушы алдымен жорамал жасайды, содан соң тәжірибе арқылы оның дұрыс-бұрыстығын тексереді. Эксперимент есептерін шығарудың ең тиімді кең тараған тәсілі – анализ және синтез. Оқушы есептің шартын нақтылы талду арқылы шешу жоспарын жасайды да, соған сәйкес іс-әрекеттерді жүзеге асырады. Эксперимент есептерінің орны және шығарту әдістемесі. Эксперимент есептері химияны оқыту сарамандығына ХХ ғасырдың отызыншы жылдары енгізілді. Эксперимент есептерін шығарудың алдымен көрнекі көрсету, содан соң зертханалық, ақырында сарамандық әдістері қалыптасты.Әдістеменің бұл реті қазіргі кезде де қолданылады. Алғашқы кезеңде берілген есеп теория жүзінде талқыланады. Мұғалім оқушылармен әңгімелесе отырып, жоспар құрады, қажетті тәжірибелерді анықтайды да бір оқушы немесе мұғалімнің өзі көрнекі көрсетеді. Екінші кезеңде есепті шығару жоспары көпшілік оқушылармен бірлесіп талқылау арқылы жүзеге асырылады да, тәжірибелер зертханалық түрде жасалады. Үшінші кезеңде арнайы сарамандық сабақтарда оқушылар эксперимент есептерін өздігінен шығарады.Химия ның бағдарламасы мен оқулықтарында эксперимент есептерінің типерін енгізу реті көрсетілмеген. Оны мұғалімнің өзі анықтайды. Озат мұғалімдердің тәжірибесінде эксперимент есептерін енгізу оттегі тақырыбынан басталады. Алғашқыда оттегін алу, оттегін жинайтын құрал құрастыру, оттегін анықтауға байланысты қарапайым есептер шығарылады. Сутегі тақырыбын өткенде есептердің мазмұны кеңейіп, жаңадан затқа тән реакцияны жасау, тұз алу, қоспаның құрамын анықтау және бөлу есептері қосылады.Есептің қиындығы біртіндеп арттырылады. Мәселен, оқушылар алдымен оттегіні анықтауды, содан соң берілген екі газдың ішінен оттегін ажыратып тануды үйретеді. Есепті шешудің тәсілін нақтылы үйрену үшін оқушы жүзеге асыратын қимылдардың алгоритмін (ретін) бастапқыда дайын күйінде беру керек. Оттегін ажыратып тану есебін шешу ретіне мысал келтірейік. 1-есеп. Аузы бекітулі екі пробиркада оттегі және көмірқышқыл газы берілген. Әр пробирканың ішіндегісін анықтаңдар.Шешуі: Оқушыларға жұмыс реті көрсетілген нұсқау беріледі. 1) есептің шартын талдаңдар; 2) табиғаттану мен химиядан оттегі және көмірқышқыл газы туралы білетіндеріңді еске түсіріңдер; 3) физикалық қасиеттері бойынша берілген газдарды табуға бола ма? 4) қандай тәжірибе жасау керектігін ойластырыңдар; 5) тәжірибе жасаңдар; 6) жазбаша есеп беріңдер. Онда не істегеніңді, не бақылағаныңды, бақылаудан шыққан қорытындыны кесте түрінде жазыңдар.

Date: 2015-06-11; view: 1052; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию