Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Антигендер және олардың түрлері
Антигендер иммундық жауаптың ынталандырушысы мен реттелуінің негізгі факторы. Антигендер – иммундық жауап туыдыратын, яғни ағзадан бөгде затты шығаруға бағытталған арнайы серпілістерге қатысатын, генетикалық бөгде зат болып табылатын, жоғары молекулалық химиялық қосылыстар. Макромолекулалар, әсіресе нәруыздар мен полиқанаттар антигендер болып табылады. Антигендердің екі негізгі түрлері бар: экзогендік және эндогендік (аутологиялық). Экзогендік антигендер ағзаға сыртқы ортадан түседі. Эндогендік антигендер деп әртүрлі себептерден туындаған өзіне қарсы иммундық жауапты қалыптастыратын, өзіндік аутологиялық молекулалар (аутоантигендер) немесе олардың күрделі кешендері танылады. Барлық тірі ағзалардың мүшелері, ұлпалары, жасушалары және сұйықтықтары антигендік қасиетке ие Антигендердің екі негізгі түрлері бар: экзогендік және эндогендік (аутологиялық). Экзогендік антигендер ағзаға сыртқы ортадан түседі тыныс алу, ас қорыту жолдарымен немесе инъекция. Эндогендік антигендер деп әртүрлі себептерден туындаған өзіне қарсы иммундық жауапты қалыптастыратын, өзіндік аутологиялық молекулалар (аутоантигендер) немесе олардың күрделі кешендері танылады. Біріншілік және екіншілік аутоантигендер тобы ажыратылады. Біріншілік, немесе шынайы аутоантигендер. Біріншілік шынайы аутоантигендер – ол эмбриогенез кезінде иммундық жүйенің қалыптасу үрдісінде және де ересек ағзада иммунды хабарлы жасушалармен жанаспаған, гистогематикалық тосқауылдардың артында орналасқан ағзаның өзіндік қалыпты тіндерінінің антигендері. «Тосқауыл артындағы тіндерге» ми тіндері, қалқанша маңы безі, көз бұршағы жатады. Патологиялық, немесе екіншілік, аутоантигендер. Ағзаның өзіндік жасушалар компоненттері мен тіндері, әртүрлі зақымдаушы факторлар және жұқпалы агенттердің әсер ету нәтижесінде, аутоантигендерге айналады. Жылулық немесе химиялық денатурация кезінде пішіні өзгерген өзіндік нәруыздар ағзаға бөтентекті нәруыздар болып табылады. Айқаса әрекеттесетін антигендер немесе гетероантигендер - әр-түрлі түрлергс жататын, бірақ құрылымы бойынша жақын антигенді детерминанттардан тұратын антигендер. Кешендік антигендердің маңызды түріне интеграциялық антигендер жатады. Оған жататындар: кешендік вирусөндіруші антигендер жәнс ісікерекшелік антигендер. Антигендердің мұндай екі түрге бөлінуі В-лимфоциттерде антидене түзілуінің шақыруына байланысты жүреді. Тимус-тәуелсіз антигендер (Т-тәуелсіз) - Т-лимфоциттің және макрофагтардың көмегінсіз В-лимфоциттерде оздігінен антиденелердің түзілуін шақыратын антигендер. Т-тәуелді антигендер (Т-тәуелді) - В-лимфоциттердің антидене түзілісіне міндетті түрде Т-лимфоциттер мен макрофагтардың қатысуын қажет ететін антигендер. Бұл антигенге қарсы сертліс генетикалық негізгі гистосәйкестік кешенімен кадағаланады. Date: 2016-08-29; view: 1945; Нарушение авторских прав |