Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Иммундық жүйенің шеткі мүшелері және олардың қызметтері жайлы жазыңыз





Шеткі мүшелер мен ұлпаларға көк бауыр, бауыр, лимфа түйіндері және шырышты қабықтардың лимфоидты ұлпалары жатады. Бұл жерлерде лимфоциттер антигенмен жанасып, активация, пролиферациялану және бµліну (дифференциация) процестерінің дамуына алып келеді. Антигенмен жанаспаған жетілген лимфоциттер «аңқау» немесе «бұзылмаған» деп аталады. Сондай-ақ, иммундыќ жүйеге инкапсулярлы (айырша без, көк бауыр, лимфа түйіндері), инкапсулярлы емес (асқазан-ішек, тыныс жолдары шырышты қабықтарының лимфа ұлпасы) мүшелер, терінің лимфоидтық жүйеасты (тері лимфоциттері, шеткі лимфа түйіндері мен лимфа тамырлары) және басқа шырышты қабықтары жатады.

Лимфа түйіні. Лимфа түйіні - антигенді танитын, өзара әсерлесетін, антигеннің әсерінен бµлінетін және ұйымдасқан лимфоидтық ұлпалардың негізін құрайтын иммундық Т және В-жасушалардың популяциялары түзілетін шеткі лимфоидтық мүшелердің орталығы.

Лимфа түйіндері антигенге қарсы арнайы жауап түзілетін негізгі иммунологиялық маңызды аймақтарға бөлінеді: милы және паракортикалды аймақтардан тұратын қатпарлы қабат, фолликул, перифолликулярлық аймақ, милы қабаты (2-ші сурет).

Қатпардың сыртқы бөлігінде В-жасушалардан тұратын фолликулдар (В-аймақ) орналасқан. Перифолликулярлық аймақта Т-жасушалар, макрофагтар бар. Фолликул стромасында дендритті жасушалар орналасады. Иммундық жауап дамығанда фолликулда ұрық орталығы түзіледі; онда антигеннің әсерінен лимфоциттер есте сақтау жасушаларына айналады. Паракортикалдық аймақта Т-жасушалар орналасады. Милы аймақта Т-В-лимфоциттер мен плазматикалық жасушалар орналасқан.

Иммундық жауап белсенгенде плазматикалық, лимфоидтық емес жасушалар, рециркулярлы лимфоциттердің саны көбейеді. Бұл процесте ұлпалар ісінеді, лимфа түйіндері «ұлғаяды» (мысалы, жұқпалы қабыну процестерінде).

Лимфа түйіндеріндегі Т-лимфоциттер 55-65%, В-лимфоциттер 35-40% құрайды. Сонымен, лимфа түйіндері аймағында гуморалдық және жасушалық иммунологиялық реакциялар дамиды. Лимфа түйіні – иммундық ќабілетті жасушалардың бөгде немесе өзгерген құрылымдармен жанасуын қамтамасыз ететін динамикалық жүйе. Әртүрлі лимфоидтық жүйелердегі лимфа түйіндерінің құрылымы мен қызметтері ұқсас болады.

Көк бауыр. Фиброзды капсуламен қапталған лимфоидтық жүйе. Фиброзды капсуладан перделер (трабекулалар) шығады, олардың арасында ақ және қызыл пульпадан тұратын паренхима болады. Ақ пульпа – артериялардың айналасында орналасқан Т-лимфоциттер аймағы (тимус тәуелді аймақ). В-лимфоциттер аймағы - фолликулярлы аймаққа жанасып тұратын фолликулды ұрық орталығы. Қызыл пульпа – эритроциттер депосы, зақымданған эритроциттерді жоятын орын, көп плазматикалық жасушалардан, макрофагтардан тұрады (3-ші сурет).

Бауыр ерекше қызметтер атқарады. Бұл жерде табиғи жасушалардың көп бөлігі, ұлпа макрофагтарының тең жартысы орналасады. Бауыр лимфоциттері тағамдық аллергендерге иммунологиялық төзімділікті қамтамасыз етуі мүмкін. Бауыр синустарында макрофагтар иммундық комплекстерді фагоцитоздайды және ыдыратады.

Шырышты қабықтардың инкапсулярлы емес лимфоидтық ұлпалары. Оларға жұтқыншақ сақинасының лимфоидтық ұлпасы, евстахий түтігі, бадамша бездері (В-жасушалар бастамасы), аш ішектің пейер табаќшалары, аппендикс, бронх-өкпе аппаратының, несеп-жыныс жүйесінің шырышты қабықтары және т.б. жатады.







Date: 2016-08-29; view: 1265; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию