Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Антигендер олардың қасиеттері және химиялық табиғаты
Заттарды антигендер ретінде сипаттайтын негізгі қасиеттерге жатады: бөгделік, антигендік, иммуногендік және арнайылық. Бөгделік - ағзаның әр түріне немесе жеке индивидумдарга арнағган антигеннің өзгешелігін көрсететін генетикалык, тағайындалған жеке қасиеті. Антигеннің берілген ағзаға бөгделігі, иммундық жүйенің ағзаны биологиялық агрессиядан қорғау сияқты негізгі қызметімен байланысты. Агрессия жиі микроағзалар, вирустар, паразиттер және олар бөлетін токсиндер түрінде байқалады; берілген микроағзалар және оның өнімдері жоғарғы тірі жандарға бөгделік болып табылады. Антигендік - заттардың қандай бір иммундық серпіліс шақыру мүмкіншілігі: көп немесе аз мөлшерде антидене түзілуін, күшті немесе әлсіз көлемдегі жасушалық иммундық серпілістер шақыратын заттар. Антигендік антигеннің химиялық кұрылысына, беткей орналасқан детерминантқа, антигендерге жауап беретін клон кұрастыратын, жасушалар санына және антиген енгізілген ағзаның түрлік сипатына байланысты. Антигендік қауіптіліктің ерте белгісі ретінде маңызды, себебі ағзаға түскен қауіпті заттардың әсері бірден көрінбейді, ағза олардың потенциалдық агрессиясын тек антигендік қасиетінің болуымен таниды. Иммуногендік - антигеннің иммунитет тудыру қабілеті. Бұл ұғым негізінен, жұқпаларға иммунитет жағдайын қамтамасыз, ететін микроб және вирус антигендеріне қатысты айтылады. Мысалы, дизентерия қоздырғышының антигендігі өте жоғары, сондықтан өзіне қарсы күшті иммундық жауап туғызады, бірақ оған қарсы айқын иммунитет өндірілмейді, себебі ұзак өмір сүретін жерде жасушалары түзілмейді. Сүзек вакцинасының антигендігі мен иммуногендігі өте жоғары, оны енгізген кезде көп мөлшерде антиденелер түзіліп, қуатты иммунитет пайда болады. Арнайылық - бұл антигендердің бір-бірінен айырмашылығын көрсететін антигендік ерекшелік. Антигендердің иммундық ерекшеліктері макромолекуланың барлық денесімен емес, антигеннің бетінде болатын детерминанттардың қасиетімен, олардың саны және молекулаларда табиғи антигендердің орналасуымен анықталады. Ағзадағы әрбір жасуша өзінің антигендік ерекшелігімен анықтайтын жеке химиялық құрылыммен сипатталады. Date: 2016-08-29; view: 874; Нарушение авторских прав |