Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Иммунитеттің анықтамасына түрлеріне және иммунитеттің ТЕОРИЯЛАРЫН жазыңыз





ИММУНИТЕТ (лат. immunitas – бір нәрседен азат болу) – бұл ағзаның генетикалық бөгделік белгісі бар денелерден және заттардан қорғану әдісі. Иммунитеттің негізгі міндеті – бөгде немесе организмнің өзінің генетикалық өзгерген жасушаларын жою.

Иммунитеттің келесі түрлері бар:

1. Түрге тән иммунитет (туа біткен, табиғи). Генетикалық ерекшеліктерімен байланысты. Әрқашан иммунитет жүйесіне байланысты емес.

2. Жүре пайда болған иммунитет өмір сүру барысында қалыптасады. Түрлері:

а) табиғи белсенді, постантигенді, ауру белгілері жоқ;

б) табиғи белсенді емес – қорғаныс факторларының плацента (трансплацентарлық), ана сүті арқылы пассивті берілу нәтижесінде;

в) жасанды белсенді – вакцинация нәтижесінде;

г) жасанды белсенді емес (адоптивті) (ағыл. adoptive - қабылданған) – антиденелерді немесе лимфоидтық жасушаларды донордан реципиентке көшіру нәтижесінде.

3. Жергілікті иммунитет – антигеннің орналасқан (колонизацияланған) жерінде түзіледі. Жергілікті иммунитеттің бөлектенуі шартты, себебі «дайын» қорғаныс факторлары қан тамырлары арқылы өтуі мүмкін. Екіншіден, жергілікті қорғаныс факторларының күші мен спецификалықтығы (ас қорыту, тыныс алу жүйелерінің иммунитеті) иммундық жауаптың түзілуінде маңызды роль атқарады.

4. Инфекцияларға қарсы имунитет:

· бактерияларға қарсы;

· вирустарға қарсы;

· паразиттерге қарсы;

· саңырауқұлақтарға қарсы.

Негізінен инфекцияларға қарсы иммунитет моноспецификалы болып келеді, яғни микроорганизмнің бір түріне ғана бағытталған. Сонымен бірге, микроорганизмнің бір түріне дамыған спецификалық иммунитет басқа микроорганизмдерге оның алдынға түзілген иммунитетті күшейтуі мүмкін.

5. Инфекциялық емес иммунитет иммунологиялық белсенді инфекциялық емес агенттерге қарсы иммундық жауаптың түзілуіне бағытталған:

· аутоиммунитет – организмнің өзінің жасушаларына қарсы бағытталған;

· трансплантациялық – трансплантат жасушаларына қарсы бағыттлаған;

· ісікке қарсы – ісік жасушаларына қарсы бағытталған;

· репродуктивті – «ана-бала жүйесінде» болады. Ұрықтың антигендері, әкесінің антигендерімен қоса, ана үшін бөгде болып есептеледі.







Date: 2016-08-29; view: 695; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию