Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Иммунология дамуының тарихи кезеңдеріне тоқталыңызСтр 1 из 36Следующая ⇒
Иммунология пәні, мақсаттары және міндеттері жайлы түсініктеме Иммунология – организмнің бөгде субстанцияларға генетикалық, молекулярлық, жасушалық жауап беру механизмдерін зерттейтін ғылым. «Иммунитет» сөзі алғашқыда юристтік терминге жатқан (immunitas – лат. Бір нәрседен құтылу, босау). Медициналық практикасына «иммунитет» термині XIX ғасырдың екінші жартысында, адамдар инфекциялық аурулардан қорғану әдістері зерттелу кезінде, яғни теориялық және эксперименталды иммунология қалыптасу кезінде енгізілген. Терминнің жаңа, «медициналық» мазмұны «аурудан құтылу» деп белгіленген. Бұл терминге ең қолайлы түсініктемесін Р.В.Петров 1982 жылы берген: «иммунитет - организді генетикалық бөгде белгілері бар заттар мен тірі денелерден қорғау әдісі болып келеді. Огранизмге Бөгде заттарға – бактериялар, вирустар, қарапайымдар, саңырауқұлақтар, нәруыздар, жасушалар, тіндер, өзгерген аутоантигендер, сонымен қатар, мутантты және ісік жасушалары жатады. Арнайы гуморалды және жасушалық серпілістер дамуына жауапты иммунды жүйенің өз ерекшеліктері бар: ол барлық денеге жайылған, оның жасушалары қан арқылы барлық организмде рециркуляцияда жүреді және ол әр-бір антигенге түрлі арнайы антиденелер молекуласын өндіре алатын ерекше қабілетті жүйе болып табылады. Негізгі иммунитет құруға жауаптылар – ол иммунды жүйенің жоғары арнайылықты жасушалары – лимфоциттер.Организмге тек осы жасушалар белгілі антигенмен байланысу,а ба,дарламаландырылған, «өзінікін» «өзгенікінен» ажырата алатын және бірінші байланысу арқылы иммунологиялық зерделік қалыптасушы бір ғана жасушалар болып табылады. Эволюцияда лимфоцит организмнің генетикалық тұтастығын бақылау үшін пайда болған – осы қызмет иммунитет жүйесінің негізгі қызметі болып табылады. Бұл қызметтің нәтижесінде сыртқы ортадан түскен генетикалық бөгде жасушаларды тану және жою жатады. Иммунология дамуының тарихи кезеңдеріне тоқталыңыз Иммунитет туралы ғылым XIX ғасырға дейін адамдарды мазалаған инфекциялық ауруларды жеңу үшін қатаң өмірлік қажеттілігі арқасында пайда болған.Мысал ретінде, адамдардың шешекті жеңуі. Ең алғаш шешек пусталарының сау адамғақоңырау арқылы қорғану Қытайда б.ғ.д. мың жыл бұрын, XI ғасырда қолданылды. Кейінірек бұл әдісті Индияда, Кіші Азияда; Европада қолдана бастады. Медиіина тарихына белгілі Шығыс ғылыми Әр-Рази шешекке классикалық анықтама беріп, шешекті егу әдісін қолданғаны белгілі. Оның ізашары Авиценна опа мен шешеккетән белгілері және бұл аурулармен ауырған адамдар өте сирек қайта ауырғандығы туралы жазған. Бұрын инфекциямен байланыс болса, организм қорғаныс қасиеттерін өндіретінін таза тәжірибе көрсеткен. Бірақ, егудің бұл әдісі (вариоляция) көбінесе аурудың жедел өтуіне немесе егілгекндердің өліміне келтіргені анықталған. Ол заманда бұл жағдайға ғылыми түсінік берілмеген. Иммунологияны ғылыми ретінде классикалық және қазіргі заманғы иммунологияға бөледі. Классикалық иммунология Э.Дженнер мен Л.Пастер сияқты ғалымдар атымен байланысты.Бұл – негізінде инфекциялық иммунология. Әрбір ғылыми ашулардың өзінің тарихы бар. Барлық ғылыми ашулар осының алдында жетілген жетістіктер нәтижесінде ашылады.Осылай, 1776 жылы дәрігер – зерттеуші Э.Дженнер тәжірибелік иммунологияның негізін қалады.Ол ең алғаш вакцинация әдісін қолданған. Э.Дженнер сиыр шешегі материалын балаға егу арқылы, адамдардың инфекциялық аурулардан босататын маңызды теориялық және практикалық медицина бағытының негізін салды.Бірақ, Э.Дженнер және оның пікірлері қолдануға ие болмады, өйткені олар тек қана бір ауруға байланысты болған, ал егу толығымен ғылыми дәлелденген жоқ. Егу үрдісінің теориясының фундаменті бірінші егуден соң тек 85 жылдан кейін пайда болды, ол теориялық иммунологияның негізін салды. 1881 жылы Пастер Париж академиясында ең алғаш инфекциялық ауруларды аттенуацияланған микроптармен иммунизациялау арқылы алдын алуға болатынын жариялады. Негізі химик болып, Л.Пастер медицина мен биологияға химиялық тәжірибелердің нақтылығы мен ойын енгізді. Бүл қазіргі физико-химиялық, молекулалы биология мен биотехнологияның дамуы кезінде өте маңызды. Л.Пастер ғылым мен тәжірибенің дамуын көптеген жылдарға кешіп өткізді.Егу арқылы емделмейтін ауыр дерттің-құтырудың дамуын алдын алудан кейін ғана Пастер қолдау тапты.1886 және 1887 жылдар арасында егу арқылы құтырудан 2,5 мыңнан астам адам құтқарылды.Л.Пастердің вакцина алу және егу принциптері жақсы дамып, макро-және микроорганизмнің қарым-қатынасы арқылы ғылыми зерттелді.Иммунизация ғылыми мен тәжірибелерінің жылдар бойы дамуы нәтижесінде көптеген бактериялық және вирустық инфекцияларға қарсы эффективті вакциналар жасалған және қолданылған. Иммунизация арқылы көптеген ауыр инфекциялық аурулардың таралуы төмендегені байқалған. Бұл адамдардың әлеументті дамуын, орта өмір сүру жасының ұзаруын қамтамассыз етті.Көптеген ашылған жаңалықтарға қарамай, Л.Пастердің иммунитет табиғатына сол уақыттағы биология мен медициналық жетістіктерінің дәрежесіне байланысты көзқарасы шектеулігімен ерекшеленеді.Оны өлімінен кейін біраз уақытқа дейін иммунитетті тек инфекциялық ауруларға қарсы тұрушылық деп түсінді. Date: 2016-08-29; view: 742; Нарушение авторских прав |