Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бейінді білім берудің тұжырымдамасы





Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы қазіргі кезде өзекті мәселе болып отыр. Тұжырымдаманың мақсаты: 12 жылдық мектеп жағдайында ҚР-ң жалпы орта білім беру жүйесін жаңарту және дамыту. Тұжырымдаманың міндеттері:

1. 12 жылдық мектептегі білім беру мақсатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын ашып беру.

2. 12 жылдық білім беруге көшудің қаржылық-экономикалық негіздемесін дайындау. 2008 оқу жылынан бастап 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшуі басталды. Бүгінгі күні білім беру мазмұнын жаңартуды көздейтін Қазақстан Республикасының білім беру тұжырымдамасы жан-жақты талқыланып, Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде мақұлданды.Бұл тұжырымдама Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына; «Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына», «Қазақстан Республикасында білім беруді 2020 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағ­дарламасына», Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғырудың қарқынды жолында» атты Жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім министрлерінің кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес әзірленді.

Бірінші сатысы: Жалпы орта білім беру 1-4 сынып аралығы

Екінші сатысы: 5-9 сынып аралығы

Үшінші сатысы: 10-12 сыныптар

Бейіндік оқыту-оқушылардың өздерінің танымдық қызығушылықтарына, қабілеттілігіне, оқудағы жеткен жетістіктеріне және кәсіби ниеттеріне байланысты олардың оқыту бағдарын еркінше таңдап алуға негізделген. Ол оқушылардың белгілі бір тобына қатысты даралық тұрғыдан қарауды жүзеге асыруға бағытталған. Әр топтағы оқыту үрдісі түрліше жүреді: білім мазмұнымен ерекшеленеді, оған қандай да бір оқыту әдістерінің, түрлерінің және формаларының басымдық рөлі, оқушылар мен мұғалімнің өзара қарым- қатынас стилі өзгереді. Жалпы орта білім беру бағдарламаларына негізделген бейіндік оқыту бағыты бойынша білім беру мазмұнын кәсібилендіру және кіріктіру, саралану негізінде әзірленетін болады. 10-11 сыныптарда оқушыларға шығармашылық қызметіне және жеке қабілетінің дамуына ерекше көңіл бөлініп, әр оқушының бейініне қарай дараланған білім беру бағдарламаларын таңдауға мүмкіндік беріледі.

 

 

Date: 2016-07-05; view: 950; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию