Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бейінді сыныптағы оқушының перспективті картасы





Перспектива - әлеуметтік шындықты түсінудін белгілі бір тәсілі, әлеуметтік ғаламшар құрылысына көзқарас. Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы барысында оқушылардың кеңістік туралы ойлау қабілетін дамыту педагогика саласындағы маңызды мәселелердің біріне айналып отыр. Қазіргі кезде көптеген мамандық иелерінің техникамен жұмыс атқаратындығы баршаға мәлім. Осыған байланысты баланың жас кезінен кеңістік туралы ойлау негіздерін үйрету ғылым мен техниканың тілін ерте үйренуге жол ашты.

Оқушылардың кеңістік туралы ойын дамыту перспектива заңдылықтарын оқытумен өте тығыз байланысты шешілетіндігі айқындалып келеді. Жалпы білім беретін мектептерде перспектива заңдылықтарын оқьіту мен оны бейнелеудің әдістемелік мәселелері әлі толық шешіліп болған жоқ. Мүның себебі, перспектива зандылықтарының мазмұны толық ашылып, оны оқыту мен бейнелеуге үйретудің әдістемелік талдауларын жасауды қажет етеді.

Бейнелеу өнері әдістемесі саласындағы перспективаны оқытуға байланысты олқылықтарды жою мақсатында жүргізілген зерттеудің нәтижесінде біз перспектива мен оны бейнелеу ережелерінің ішінен мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай ең негізгі қажеттілерін алдық. Төменде перспектива мен оны бейнелеу ережелері туралы оқу процесі^е берілетін мәліметтердің толық мазмұнын ұсынамыз. Перспеқтива заңдылықтары мен оны бейнелеу туралы білім негіздерін бейнелеу өнерінің барлық сабақтарында оқушыларға меңгертуге болады.

Перспектива заңдылықтарын оқыту мен бейнелеу ережелерін үйрету бейнелеу өнері әдістемесі саласындағы күрделі мәселенің бірі. Перспектива туралы түсініктер беру мен оқыту процесі 1-6 кластарды қамтиды. Перспективаны меңгеру бейнелеу өнерінің бір ғана сабағында емес, нұсқаға қарап сурет салу, тақырыптық сурет салу, сәндік сурет салу, бейнелеу өнері туралы әңгіме сабақтармен қатар кластан тыс сабақтарда, табиғат аясына экскурсия жасау барысында жүзеге асады. Сонымен қатар оқушыларға перспектива туралы түсініктер берудің бір жолы көрмелерге апарып, профессионал суретшілердің шығармаларының перспективалық құрылысын талдап түсіндіру.







Date: 2016-07-05; view: 711; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию