Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Бейінді мектептегі тьютор мен педагог-психологтың бірлескен жұмыстрының ерекшеліктері .
«Тьютор» - (ағылшын тілінің tutor сөзі) «қамқоршы», «жетекші» деген мағынаны білдіреді. Тьютор оқушылармен, пән мұғалімдерімен жеке сұхбаттасу, кеңестер мен тренингтер жүргізу арқылы әр баланың сұранысын анықтап, оқу материалын игеру деңгейіне сай біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру үшін қосымша жеке сабақтар алуына ықпал етеді. Бір тьютор мұғалімге 7-8 оқушы бекітілген және олар мына бағыттар бойынша жұмыс жүргізеді: • оқушыларға ұзақ және қысқа мерзім аралығындағы басты мақсаттарын анықтауға көмектесу; • мақсаттарды жүзеге асыру жоспарын жасау; • оқушылардың жеке оқу бағдарламалары бойынша нәтижелерін талдау, мониторинг жүргізу; • ғылыми жобалар бойынша жұмысына қолдау көрсетіп, жетекшілік жасау. Қазіргі таңда әр баланың жеке даму траекториясын анықтау, ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарын жасау бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде. Оқушының бағыт картасы жасалып, осы карталар негізінде апта бойы сағат 15.40-ден 17.00-ге дейін пән мұғалімдері жеке сабақтарды да бастап кетті. Бейіндік сыныптарға арналған оқу бағдарламаларын түзу және оқулықтарды әзірлеу кезінде меңгерілетін білім мен біліктіліктердің оқушылардың психикалық дамуымен байланыста екенін түсінудің мәні үлкен. Осы себепті де мектепте психологиялық қызметті құру өте тиімді болып табылады, өйткені бейіндік оқыту барысында төмендегідей мәселелер қамтылып, оқыту мен тәрбиенің сапасын арттыруға өз үлесін қосары анық, олар: 1. Жастық деңгейге сәйкес оқушылардың тұлғалық, интеллектуалдық дамуына ықпал ету, олардың өзіндік дамуы мен анықталу қабілеттілігі қалыптастырылады. 2. Оқушылардың кәсіби бейімділіктері анықталып, оның жан- жақты дамуына жағдай жасалады. 3. Мектепте әлеуметтік- психологиялық жағдайдың жақсаруына жағдай туғызуға әсер етеді. 4. Оқушыларының тұлғалық, интеллектуалдық мүмкіншілігіне сәйкес білім бағдарламаларын меңгеруде психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету қарастырылады. 5. Әлеуметтік жағдайдың дамуына психологиялық талдау жасау, әрі келелі мәселенің туындауының алдын-алу, шешімін табуда құралдар мен жабдықтар пайдаланады. 6. Оқушыларының тұлғалық дамуының ауытқуын анықтау, профилактикалық жұмыстар жүргізу. 7. Психолого-педагогикалық сабақтастықтың шарттарын қарастыру, әрі оқушының жан-жақты дамуына жағдай тудырады. 8. Оқу-тәрбие процесінде мұғалімдерді, оқушыларды, ата-аналарды психологиялық ғылыми- әдістемелік іс- әрекетпен қамтамасыз етеді 9. 9. Таным белсенділігі мен деңгейлері жеткіліксіз оқушылармен қосымша коррекциялық жұмыстар жүргізіледі. ж.т.с.с. Бейіндік бағытта оқытылатын мектептегі психологиялық қызметтің мақсаты болып: 1. Тұтас педагогикалық процесті психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету; 2. Мектептегі оқушылардың жеке- бастық, психологиялық, әлеуметтік дамуына жағдай жасауын негіздеу; 3. Оқушылардың таным белсенділіктері мен психологиялық процестерінің даму динамикасының өсуіне жағдай жасауға ықпал ету; 4. Оқушылардың бейіндік ерекшеліктерін анықтау мен оның дамуына жағдай жасау болып табылады. Date: 2016-07-05; view: 1781; Нарушение авторских прав |