Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бейінді оқыту педагогикасы пәні





Бейінді оқыту емтихан жауаптары

Бейінді оқыту педагогикасы пәні

2. Бейінді оқыту педагогикасы курсының пәні, мақсаты және міндеттері, негізгі категориялары

3. Бейінді оқыту педагогикасы пәнінің зерттеу әдістері

Бейінді білім берудің тұжырымдамасы

5. Бейінді білім берудің негізгі формалары

6. Бейінді білім берудің теориялық негіздері

7. Бейінді білім берудің мазмұнын анықтайтын негізгі нормативті құжаттар

8. Бейінді білім беруде оқушылардың тұлғалық дамуы

Білім беру мазмұнының процессуалдық формасы

Бейіналды дайындық кезеңіндегі психолог жұмысының маңызы

Бейінді мектеп оқушыларын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің халықаралық тәжірибесі

12. Бейінді мектептегі тьютор мен педагог-психологтың бірлескен жұмыстарының ерекшеліктері

13. Бейінді мектеп психологының қызметі және оның бағыттары

14. Бейінді мектепке психологиялық дайындық мәселелері

Бейінді сыныптағы оқушының перспективті картасы

16. Бейінді сыныптарға топтастыру кезінде психологиялық−педагогикалық диагностика нәтижелерін талдау, ұсыныстар беру

17. Бейінді сыныптардағы өзіндік бейімделу мәселелері

18. Бейінді сыныптағы оқушылардың кәсіби жоспары мен өмірлік құндылықтарының мониторингі

Портфолио − бейінді білім беруде білімді бағалаудың тиімді формасы ретінде

20. Психологтың оқушылармен, ата−аналармен жүргізетін жұмыс түрлері

Оқушыларды бейінді сыныптарға топтастыру технологиясы

22. Оқушылардың дара және тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу

Мұғалімдермен жүргізілетін жұмыс және психологиялық көмек көрсету ерекшеліктері

Жаңа білім беру мазмұнының дәстүрлі білім беру мазмұнынан айырмашылығы

Зыреттіліктің білім, білік, дағдыдан айырмашылығы

Тұлғаға бағдарланған білім берудің педагогикалық міндеттері

Жылдық мектепті бітірушінің жеке қасиеттерінің үш тобы

 

 

Бейінді оқыту педагогикасы пәні

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша ҚР жалпы орта білім берудің негізгі мақсатының бірі – бейіндік оқытуды іске асыру. Білім беру ұйымдарында бейіндік оқытуды ұйымдастыру және оқушылардың бейіндік қабілетін анықтау қазіргі кездегі көкейкесті мәселе болып табылады. Бейіндік оқыту дегеніміз кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге дайындау, оқушылардың белгілі бір кәсіпті игеруге деген бейімділігі мен қызығушы-лығын, танымдық қабілетін ескеруге бағытталған білім беру процесін ұйымдастыру, жоғары сынып оқушылырының білімін даралау мен саралап жіктеудің педагогикалық жүйесі болып табылады. Бейіндік оқыту-білім беру процесінің құрылымы, мазмұны және ұйымдастырылауына өзгерістер енгізу арқылы оқышылардың қызығушылығы, бейімі мен қабілеттерін толық есепке алуға, оқушыларға олардың кәсіптік сұраныстары мен білім алуды одан әрі жалғастыру мүмкіндіктеріне сәйкес оқытуға жағдай жасауға мүмкіндік беретін оқытуды саралау мен даралау құралы болып табылады.Білім беру жүйесіндегі басты қағидаларды ұстана отырып Қазақстанда ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғыртуда, жаңа талаптар қоя отырып ұлттық рухта болашақ ұрпаққа бейіндік оқыту мен тәрбие беру, әрі оны психологиялық тұрғыдан алдын- ала анықтау аса қажет. Оқушының болашақ ЖОО-на түсуіне және жоғарғы кәсіптік білім алуына септігін тигізетін білім алу бағытын таңдау туралы саналы шешім қабылдау қабілетін қалыптастыру бейіналды даярлаудың негізгі міндетіне жатады. Яғни, бейіналды даярлықтың арқасында оқушылар өмірлік маңызды таңдауды да дұрыс жасай алады. Бейіндік оқыту-оқушылардың өздерінің танымдық қызығушылықтарына, қабілеттілігіне, оқудағы жеткен жетістіктеріне және кәсіби ниеттеріне байланысты олардың оқыту бағдарын еркінше таңдап алуға негізделген. Ол оқушылардың белгілі бір тобына қатысты даралық тұрғыдан қарауды жүзеге асыруға бағытталған. Әр топтағы оқыту үрдісі түрліше жүреді: білім мазмұнымен ерекшеленеді, оған қандай да бір оқыту әдістерінің, түрлерінің және формаларының басымдық рөлі, оқушылар мен мұғалімнің өзара қарым- қатынас стилі өзгереді.

2. Бейінді оқыту педагогикасы курсының пәні, мақсаты және міндеттері, негізгі категориялары Бейіндік оқыту дегеніміз кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге дайындау, олардың кәсіптік бағдарлары үшін жағдай жасау, оқушылардың арнаулы бейімділігі мен қызығушылығын, танымдық қабілетін ескеруге бағытталған білім беру процесінің құрылымы мен мазмұнын ұйымдастыру түрі, жоғары сыныптағылардың оқуын даралау мен саралап жіктеудің педагогикалық жүйесі.

Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың басты мақсаты болып12 жылдық мектептерге оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауға арналған құзіреттілігін қалыптастыру және іс жүзінде кәсіби қызметінің бағытын саналы түрде жетілдіруге қажетті ресурстармен қамтамасыз ету саналады. Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың басқарушы ережелері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты жалпы орта білім берудің жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, технологиялық бейіндік оқыту бағыттарын анықтау, ұйымдастырылатын бейіндік оқыту моделі оқу орнының білім беру процесін ұйымдастырудағы мүмкіндіктеріне сәйкестендіріліп, оқытуды саралап жіктеумен қамтамасыз етуде сыртқы серіктестіктерді қатыстыру мен аймақтың күш-қуатын ескеру, бейіндік оқытуды іске асыру оқытудың тиімдітехнологияларын енгізу ұстанымдарын басшылыққа алады. Бейіндік оқыту жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, технологиялық деген үш бағытта жүзеге асырылады. Жаратылыстану-математикалық бейіндік бағыты бойынша химия, биология, география, физика, информатика пәндері оқытылады. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы оқушылар әдебиет, әлемдік көркем мәдениет, қоғамтану, мемлекет және құқық негіздері, риториканы оқиды, ал технологиялық бағыты мына пәндер құрамымен қамтамасыз етіледі: химия, биология, физика, технология, графика және жобалау.

11-12 сыныптарда бейіндік оқытудың мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мектептің жоғарғы сатысында оқыту мазмұнын таңдауға 9-10 сыныптың оқушыларын даярлау мақсатында бағытталған педагогикалық жұмысты ұйымдастыру қарастырылады..

Date: 2016-07-05; view: 1310; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию