Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Питомник бойынша қоғамдық және әкімшілік – басқару шығындарын есептеу





 

Шығындар көлемін анықтау үшін «Питомникті жабдықтау мен құрылыс шығындарының ведомосі» 3 форма бойынша құрастырылады. Бұл формада барлығы 4 шығын түрі көрсетіледі:

· 1) өндірістік нысандар құрылысына кететін және питомникті ұйымдастыру кезіндегі біржолғы шығындардан тұратын жалпыөндірістік шығын;

· 2) әкімшілік-басқармалы (питомник кеңсесінің құрылысы);

· 3) тұрғын-үй (питомникте тұрғын үй құрылысы);

· 4) өндірістік жабдықтар сатып алу (тракторлармен, топырақ өңдеуші және т.б. құрал-жабдықтар мен механизмдермен жабдықтау).

· Суару жүйесін құру шығындары ТЕК құрастыру кезінде су материалының құрамына қосу арқылы ескеріледі. Механизмдер сатып алудың шығындары ТЕК-да машино-смен бағасымен есептелінеді. Тұрғын-үй мақсатындағы шығындар көшет материалының құнына таратылмайды, олар тұрғындардың пәтер ақысымен өтеледі.

· Әрбір шығын түріне 3 формада жалпы құны бойынша қорытындысы (6 баған) және амортизациялық аударымдар суммасы (8 баған) келтіріледі, осы бағандар арқылы барлық шығын түрлерінің қорытындысы анықталады.

Жалпы өндірістік шығындарға питомникте суару жүйесі, жолдар, қоршаулар, көп жылдық алқаағаштар салу (орман жолақтары, аналық плантациялар, жасыл қоршаулар), сондай-ақ питомник ұйымдастырудың бір жолғы шығындарымен (алғашқы топырақ өңдеу, топырақтың ластануын тексеру және т.б.) бірге өндірістік жайлар (қоймалар және т.б.) құрылысы бойынша шығындар кіреді. Осы шығынға тағы питомник шаруашылығын басқарумен байланысты өртке қарсы шаралар, техника қауіпсіздігі және т.б. шығындар жатады.

 

 

Форма 3 - Питомникті жабдықтау мен құрылыс шығындарының ведомосі

Шы ғын түрі нің № Шығын элементтерінің атауы Өлшем бірлігі Бірлік саны Шығындар, теңгеде Амортизациялық аударымдар
бірлігіне жалпы % тенге
  Жалпыөндірістік шығындар            
  1. Өндірістік нысандар құрылысы:            
а) ЖММ (ГСМ) қоймасы дана       3,92  
б) тыңайтқыштар, улы химикаттар қоймасы дана       3,3  
в) жабық суару жүйесі га 17,93     - -
г) грунтты жолдар га 2,49     12,5  
д) сымды қоршау және т.б. км          
2. Біржолғы шығындар            
а) питомник территориясын аспаптық бөлу га 17,93        
б) топырақтың зиянкестермен ластануын зерттеу га 17,93        
в) топырақты алғашқы өңдеу га 17,93        
г) терек плантациясын салу га 0,40        
д) қол керек-жарақ сатып алу   1,79        
Барлығы            
  Әкімшілік-техникалық шығындар            
1. Питомник кеңсе құрылысы Дана       3,92  
Барлығы:            
  Тұрғын-үй құрылысы            
1. Аулалық тұрғызулары бар екіпәтерлі кордон Дана          
2. Ауыз су құдықтары            
  Өндірістік жабдықтар сатып алу            
1. Трактор МТЗ-80 Дана          
2. Өздігінен жүретін шасси Т-16М Дана          
3.Тісті тырма 3 БЗС-1,0 Дана          
4. т.б.            
Барлығы:            
Амортизациялық аударымдардың барлық шығындары мен суммасы            

 

 

Жалпы өндірістік шығындар келесі шығын түрлерінен тұрады:

1. Өндірістік ғимараттар, құрылыстар, көпжылдық алқаағаштар, бір жолғы шығындар амортизациясы – форма 3 жалпыөндірістік шығындар түрінің қорытынды саны (8 баған).

2. Өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу шығыны келесідей есептелінеді. Форма 3 жалпыөндірістік шығындар түрінің қорытынды жалпы санынан (4513036 тенге) жөндеуді қажет етпейтін жұмыстардың шығындары (территорияны аспапты бөлу, топырақтың зиянкестермен ластануын зертеу, топырақты алғашқы өңдеу шығындары және т.б.) алынып тасталынады. Мәселен, жөндеуді қажет етпейтін жұмыстардың шығындарының суммасы 389340 тенге деп есептеп, 4513036-389340=4123696 тенге, осы санның 2% анықталып, ағымды жөндеу шығыны 82474 тенгені құрайды.

Еңбек ұйымдастыру және штатттар

Әкімшілік-басқару персоналын (ӘБП) ұстаудағы жыл сайынғы шығындарды анықтау үшін 4 форма бойынша штатты кесте құрастырылады. ӘБП штатын ұстау шығындары өнімнің өзіндік құнында көрінетінін есте сақтау керек.

 

Форма 4 – питомниктің әкімшілік-басқарудың төлем ақы қоры және штаттық кестесі

Қызметі атауы Штат бірлігінің саны Бірегей тарифтік тор бойынша разряд Лауазымдық еңбек ақы, тенге Жылдағы айлар саны Төлем ақының жылдық қоры, тенге Сыйлық үстемақы (10%), тенге Барлық төлем ақы қоры, тенге
Аға инженер              
Мастер              
Орманшы              
Күзетші              
Барлығы:   -          

 

Жалпы өндірістік және әкімшілік-басқару шығындарының көлемін біржолата анықтау үшін 5 форма толтырылады. Смета тақырыбында питомник өнімдерінен барлық пайдаға асырылатын көлемі көрсетіледі. Ол 1,2,3 кестелердің 2-ші бағанындағы қорытынды мәліметтерді қосу арқылы анықталады (біздің мысалымызда ол - 1915,6 мың дана).

 

 

Форма 5 – Питомник бойынша жыл сайын пайдаға асырылатын өнім көлемі 1915,6 мың дана болғанда жалпы өндірістік және әкімшілік-басқару шығындарының сметасы

 

  № Шығындар тізімі Сумма, тенге
  1. Жалпыөндірістік шығындар  
  Өндірістік ғимараттар, құрылыстар, көпжылдық алқаағаштар, бір жолғы шығындар амортизациясы  
  Ғимараттар, құрылыс, көпжылдық алқаағаштар және өртке қарсы керек – жарақтарды ағымды жөндеу  
  Техника қауіпсіздіг және еңбек қорғау бойынша шығындар  
  Құндылығы төмен керек –жарақтардың тозу  
  Барлығы  
  1 мың өнімді пайдаға асыруға кететін жалпыөндірістік шығындары 177,5
  2. Әкімшілік-басқару шығындары  
  Төлем ақы  
  Ғимараттар мен құрылыс амортизациясы  
  Ғимараттар мен құрылысты ағымды жөндеу  
  Іс-сапар шығындары  
  Автокөлік ұстау және жүріп - тұруы  
  Телеграфты- пошталы шығындар  
  Барлығы  
  1 мың өнімді пайдаға асыруға кететін әкімшілік-басқару шығындары 311,9
  Смета бойынша жалпы шығындар  

 

Көрсетілген пункт шығымының қосындысы (340131 теңге) және өндіретін өнім көлемінен (1915,6 мың дана) 1 мың екпе материалын жалпы өндірістік шығымын табады. (340,0 мың тг: 1915,6 мың дана = 1775 тг).

Орытынды

Қорытындылай келе, мен жобалаған Ақмола облысы Сандықтау ауданының орталығындағы Балкашино ауылында питомниктің жалпы ауданы 20,12 га. Пайдалы ауданы 17,85га, оның ішінде сеппе бөлімінің ауданы 5,54 га, тікпе бөлімінің ауданы 14,28 га, аналық плантация ауданы 0,30 га. Қосымша аудан 5,86га, соның ішінде жолдар 2,8га, қорғаныш орман жолағы 2,7га, шаруашылық учаске 0,36га. Балкашино ауылының қоңыр орман топырағы болғандықтан менің отырғызған ағаш түрлері қарағай 800 мың дана, қайың 450 мың дана, ұшқат 400 мың дана, долана 350 мың дана. Аналық плантацияға отырғызылған кесінділер түрлері мен саны: тамырланбаған теректің кесінділері 7,5 мың дана. Таңдап алынған егіс түрі сеппе бөлімі үшін 7 танапты ауыспалы егіс, тікпе бөлімі үшін 3 танапты ауыспалы егіс. Питомниктің өндірістік қуаты, өсімдіктерді өсіру технологиясы есептеліп шығарылды. Соңында питомниктің техникалық есептеу картасы жасалды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1. Е.Ж.Кентбаев, Б.А.Кентбаева «Деревья и кустарники Казахстана для лесовыращивания» Алматы 2011.

2. А. Н. Медведев, С. И. Искаков, Б. М. Муканов, С. Б. Байзаков «Лесные культуры Казахстана 1,2 Алмата 2007»

4. Ж.С.Құрманғалиев, И.К. Майсупова «Орман питомниктері» пәнінен курстық жобаны орындау бойынша әдістемелік нұсқау.

 

   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   

 

 

Date: 2016-07-05; view: 651; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию