Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Питомник территориясын ұйымдастыру





Ауданын ең тиімді пайдалануына және механикалық жұмыстарды максималды қамтамасыз етуіне қарай әртүрлі шаруашылық маңызы бар орман питомниктері әдетте тік төрт бұрыш пішінде болады.

Отырғызу материалының түрі, жасы мен 1 га-дан шығарылатын жоспарлы нормаларын есепке ала отырып сеппелер немесе тікпелердің жыл сайын қажеттілігінің негізінде өсіру ауданын келесідей формуламен анықтайды:

 

S= (N A q) / n q1

 

мұнда N – жыл сайын шығарылатын отырғызу материалы, мың дана;

A – сеппелердің немесе тікпелердің жасы, жыл;

q – ауыспалы егісте қабылданған танаптардың жалпы саны;

n – өндіруші ауданның 1 га-нан жоспарлы шығатын отырғызу материалы, мың, дана;

q1 – сеппелер немесе тікпелер орналасқан танаптар саны.

 

Бөлімнің өндіруші ауданы ағаш түрлері бойынша аудандардың суммасымен анықталады. Өндіруші аудандардың жиынтығы питомниктің жалпы өндіруші ауданын көресетеді.

 

Өндірістік бөлімдердің танаптарын орналастыру және көлемдері

 

Бөлімдерді топографиялық, топырақ және гидрологиялық жағдайлары бойынша территорияның тиімді пайдалануын есепке ала отырып орналастырады.

Сеппе бөлімі үшін жер бедері тегіс, құнарлығы жеткілікті, механикалық құрамы жеңіл топырақтарда учаскелер бөлінеді.

Терек және тал, жидекті бұталардың плантациялары үшін ылғалды (төмендетілген) учаскелер бөлінеді.

Территорияны ұйымдастыру кезінде машина мен механикаларды тиімді пайдалануы қарастырылады, сондықтан ұсақ питомниктерде танаптардың ұзындығы 50-100 м, орташада – 150-200, ірілерде – 300-500 м [3].

Питомниктің жобалы ұйымдастыру жоспары бөлу сызбасында көрсетіледі.

Шаруашылық учаске және құрылыстар

Шаруашылық учаске (компостты және көму учаскелері) қосымша ауданның шамамен 1 % алады және отырғызу материалын өсіру үшін жарамсыз топырақтарда орналастырылады. Ірі питомниктерде кеңсе, қарауыл үшін тұрғын үй, қоймалар, аулалық құрылыстар жоспарлауы мүмкін, құрылыстың қажеттілігі негізді болуы тиіс. Көшет материалын көму, қалқандар мен көшет жабындылау үшін материалдарды сақтау үшін орын бөлінеді.

Жол торабы

Жолдар қосымша ауданның шамамен 10% алады. Жолдар питомниктегі барлық бөлімдерге кіру, машиналар мен агрегаттардың айналуды қамтамасыз етеді. Айналмалы және магистралды жолдар ені 10 м, қосымша жолдар (кварталдар немесе танап аралық) ені – 3 м. Жол торабы су жүйесімен үйлесімді.

Суару жүйесі

Су жүйесі қосымша ауданның шамамен 1% алады. Сеппелерді суару – барлық орман өсу аймақтарында сеппелерді өсіруде керекті әсерлі агротехникалық әдіс. Орман тұқымбақтарында суару негізінен жаңбырлатқыш әдіспен жүргізіледі. Суарудың басқа әдісі – қарыққа шектеулі қолдануға ие болады. Суару жүйесі өсірілетін тұқымдардың биологиялық ерекшелігімен, климаттық факторымен және сеппелердің даму кезеңімен (фенологиялық кезеңі) анықталады.

Суару мөлшері (3) формула бойынша есептеледі:

 

М = 100НА(R–r) (3)

 

Мұнда, М – суару мөлшері, м3 (т)/га.

Н – топырақтың су болатын тереңдігі, м.

А – топырақтың тығыздығы, кг/м3.

R егістіктегі суару алдындағы Н қабаты үшін

топырақтың ылғалдылық көлемі, ℅.

r Н қалыңдығында суару алдындағы топырақ

ылғалдылығы,℅.

Терек, ақ қайың, қараған және басқа түрлерде өте ұсақ тұқымдарды суарғанда бірінші фенологиялық кезеңде суару мөлшерін 40–50℅-ға азайтады. Талшын топырақты, оңтүстік және кәдімгі қара топырақты салаларды суарғанда мөлшері аз дегенде 30℅ (400 м3/га кем емес) өсіреді.

Суару санын, тұқымдардың ылғалдылық талап етуіне, орман өсу аймағына және сеппелердің даму фазасына байланысты анықталады. Ылғалдылықты талап ететін түрлер (ақ қайың, терек, қараағаш, қара сексеуіл) үшін бірінші фенологиялық кезеңде суару саны 4-тен–5-ке дейін өседі, ал орманды аймақтарда 8–10-ға дейін, шөлейт және екінші және үшінші кезеңде – 2-ден 5–7-ге дейінгі суаруға жетеді. Қара жемісті арония, аюбадам, тобылғы, шырша, шегіршін, қарақат, шырғанақ, самырсынды қарағайлар үшін суару саны орманды аймақтарда 1-ден бастап құрғақ далалы аймақта 5–7-ге дейін ауытқыйды. Басқа түрлер үшін бірінші жылы 1–3 суару жүргізіледі. Екінші жылы екпе көшеттерді өсіргенде негізінде 2–3 суару жүргізеді.

Терек егістігін бірінші он күндігінде күніне 2–3 рет суарады, ал екінші он күндікте 2 рет, үшінші он күндікте 1 рет суарады. Суару саны сонымен қатар ауа райы жағдайына байланысты болады. Егер жауын–шашын түсуі 20 мм асатын болса суаруды қажет етпейді; 10–20 мм жауын–шашында суару мерзімін 3–4 күнге ауыстырады; 10 мм жауын–шашында суаруды мерзімінде жүргізеді, ал құрғақшылықта – күн сайын.

 

Қорғаныш орман жолақтары және қоршаулар

 

Питомникті далалы аймақтарда кептіретін желдерден қорғау үшін 5 қатарлы, ені 15 м дейін қорғаныш орман жолақтарын құрылды, қатарлар және шетінің ені 2,0-2,5 м, мысалға схемасы Б-Қт-Нт-Қт-Б (Б – бұталы өсімдік, Қт- қосымша ағаш түрі, Нт- негізі ағаш түрі). Қолайлы жағдайларда питомниктерді жабайы және үй жануарларының кіріп кетуінен қорғау үшін шекара бойынша жасыл қоршау (тікенекті бұта түрінен немесе қырқуды көтеретін, арша, сары қараған, шырғанақ, алмұрт, боз жиде ағаш түрінен) немесе металл қоршау құрады. Жасыл қоршауды екі қатарлап құрады, ені 1 м дейін, орналастыру сүлбесі 1х0,5м. Негізгі ағаш түріне – ұсақ жапырақты шегіршін, ілеспелі ағаш түрі (қосымша ағаш түрі) – татар үйеңкісі, бұта – сары қараған.

 

Date: 2016-07-05; view: 1397; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию