Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Отырғызу материалын өсіру технологиясы





 

1.4.1 Ауданды игеру кезіндегі алғашқы топырақ өңдеу

 

Топырақты өңдеу түрлері. Орман тұқымбағы топырақты өңдеуді бастапқы, негізгі және себу алдындағы немесе отырғызу алдындағыларға бөлуге болады.

Бастапқы өңдеу – бұл тұқымбақ территориясын алғашқы рет игергенде топырпақты өңдеу. Бұндай аудандардың технологиялық өңдеуі, тұқымбаққа таңдалынып алынған участік категориясы (ағаш кексіліп кеткен жер, тыңайтылған жер, тоғайлы жер және тағы басқалар), орман өсу аймағына, топырақ түрі және өнетін өсімдікттер сипаттамасына байланысты болады.

Көбінесе тұқымбаққа алғаш кесілген және тоғайлы жерлер қолданылады. Бұл категориядағы жерлерде территорияны игеру ауданды түбірден, бұталардан және ұсақ қалған ағаштардан тазартудан басталады. Тазарту және тамырдан тазарту жұмыстары қопарғыш және бұта кескіштермен жүргізеді. Содан соң түбірлерді қазып алады, жер бетін бульдозермен тегістейді және оны жыртады. Осыдан кейін участокты бір-екі жыл қара парда ұстайды. Аудара жырту тереңдігі бірте–бірте үлкейтеді, керек мөлшерге дейін, әр өңдеген сайын терендетілу 6-8 см құрауы керек. Егістік қабатын құнарлатқанда органо-минералды тыңайтқышты міндетті түрде енгізеді (100т/га). Тыңайтылған жерді меңгергенде негізгі назар топырақтың құңарлығын сақтау және арам шөптермен күресуге аударады. Бұл жағдайда топырақты шым аударғышты соқамен 25 см және одан жоғары тереңдікте, жаздың басында немесе көктемде жыртады. Сосын топырақы тырмалайды, ал келесі жазда арам шөптермен күресу мақсатында қопсытады.

Тұқымбақтағы топырақты негізгі өңдеу -ге ауыспалы егіс танаптарын өңдеу кіреді және парды өңдеу кіреді. Орман тұқымбағында топырақты негізгі өңдеудің бірнеше жүйесі қолданылады: шұбар шымшақ, қара, ерте, екпе және жасыл парлары.

Шұбар шымшық топырақты сыдыра жыртудан, күзгі жыртудан және көктемгі тырмалаудан тұрады. Топырақты сыдыра жырту немесе қопсыту топырақ қабатының бетіндегі тереңдігі 4–7 см-де, өнімді жинап алғаннан кейін жүргізеді.

Сыдыра жыртудан кейін екі аптадан соң топырақты шым аударғыш соқамен егістік қабат тереңдігінде жыртады. Жыртылған топырақты қырлы жағдайында қысқа қалдырады. Ерте көктемде ылғалдылықты сақтау және топырақ қабатының тегістеулі мақсатында көктемгі тырмалау жүргізіледі.

Қара пар жүйесіне келесі әдістер кіреді: шұбар шымшақ өңдеу, ерте көктемгі тырмалау, бірнеше жазғы қопсыту (3–4 рет), күзгі топырақты сыдыра жырту, көктемгі тырмалау. Шұбар шымшақ өңдеуді осы мерзімде жүргізеді: бірінші қопсыту – мамырдың үшінші кезеңінде 8–10 см терендікте парда қолсыту, екінші – маусымның екінші кезеңінде 10–12 см терендікте, үшінші – шілденің аяғында 12–15 см-де қопсытады.

Ерте пар жүйесінде топырақты өңдеу көктемде аудара жыртумен жүргізеді, жаз бойы 3–4 рет қопсыту, күзгі аудара жыртусыз жырту және көктемгі тырмалау жүргізеді.

Екпе пар жүйесіне сыдыра жырту, аудара жырту, тырмалау, ауыл шаруашылық дақылдары немесе көп жылдық шөптерді себу, оларды жинау, аудара жыртусыз қайта жырту, көктемгі тырмалау сияқты әдістер кіріді.

Орман тұқымбақтарында ең жие қолданылатын жасыл пар жүйесінде сыдыра жырту, аудара жырту, жасылтыңайтқыш себу, жасылтыңайтқышты жырту, қопсыту, аудара жыртусыз жырту, көктемгі жабдықтан тұрады. Жасылтыңайтқышты 12–15 см тереңдігінде шанақтану, гүлдеу немесе түйін құрылғанда жыртады. Топырақты 8–10 см тереңдігінде қопсытады.

Топырақты негізгі өңдегенде жырту тереңдігі климат және орман өсу жағдайы, түрі және топырақтың құнарлау дәрежесі, участікті келесі қолдану кешендерімен анықталады. Осылай, орман, орман–далалы және далалы аймақтардың ағаш және бұта тұқымдарының құнарлы күлгін және күлгін түсті шым топырақтарында жасылтыңайтқыш себу, жекелеген учаскілерде 20–22 см тереңдікте жырту жүргізіледі; бұта және жидек мектептерінде екпелерді егуде қалемше және сұлатпа бұтақта – 25–30см; мектепте ағаш тұқымдарының екпе көшеттерін егуде – 30–35 см; жидек, декоративті бұталар, терек және талдар мәкіл алаңда – 35–40 см; мәкілде жемісті бақ – 45–40 см. Сұр орман топырақтарда, күлгінделген және сілтісіз қара топырақтарда өңдеу тереңдігі сәйкесінше 22–25; 30–35; 35–40; 40–45; 50–60см, ал құнарлы және кәдімгі қара топырақтарда – 25–27; 35–40; 40–45; 45–50 және 60–65см өседі.

Топырақтарды өңдеуге арналған құралдар келесідей топтамамен шығарылады. Тамырды алу және ауданды тазалау үшін Д–513А, Д–496А қопарғышы, МП–2А жинағыш–қопарғышы, КБГ–2 бульдозер-артқыш–қопарғышы, КМ–1 қопарғышы, Д–514А, МТП–43 бұта кескіші және тағы басқалар қолданылады. Топырақты аударып жыртуды ПЛН–3–35, ПЛН–4–35, ПКУ–3–35 соқалары; тырмалауды БЗСС–1,0 және БЗТС–1,0 тісті тырмалар және тағы басқалары; қопсытуды КПС–4 және тағы басқалары қамтамасыз етеді. Егу алдында топырақты дайындауда әр түрлі тереңдіктегі қопсытқыш, тырмалар қолданылады.

 

1.4.2 Ауыспалы егістер

Ауыспалы егіс. Әр нақты жағдайда орман тұқымбақтары үшін ауыспалы егісті белгілеген кезде шаруашылық қажеттілігі мен ауданның табиғи жағдайлары (климат, топырақтың физикалық және химиялық қасиеттері, оның арамшөптенуі, ылағлдылығы т.б)

Тұрақты орман тұқымбақтарының себу бөлімшелерінде екі жылдық екпе көшеттерін өсіру үшін төмендегідей ауыспалы егіс түрлері ұсынылады:

З танаптық- 1 танап-таза тыңыайтқыш енгізілген немесе сидеральды сүрі жер, 2 танап – бір жылдық екпе көшеттер, 3 танап – бір–екі жылдық екпе көшеттер, 4 танап – сидеральды сүрі жер (тыңайтқыш енгізілген) 5 танап – бір жылдық екпе көшеттер, 6 танап – бір-екі жылдық екпе көшеттер.

Орман екпелік жұмыстар үшін тікпе көшеттер 2-4 жыл өсіріледі, ал көгалдандыру үшін–ұзақ уақыт өсіріледі. Қалемшелі көшет бөлімшелеріндегі ауыспалы егіс танаптарының жалпы саны тікпе көшеттер өсіру мерзіміне байланысты анықталады. Бұл тікпе көшеттер органикалық минералды тыңайтқыштар енгізілген таза және сидеральды танапта қоса өсіріледі. Қылқан жапырақты тұқымдылар үшін 3-5 танаптық, ал қалемшелі көшеттер бөлімшелері үшін 3-4 танаптық ауыспалы егіс танаптары қолданылады.

Сеппе, тікпе және тамырланған кесінділер үшін ауыспалы егістердің негізделген сүлбесі таңдалады (төрт танапты, бес танапты, алты танапты, жеті танапты, сегіз танапты) және ротациялық және өткізгіш кесте келтіріледі (5 және 6 кестелер).

 

Кесте 5 – Тікпе бөлімі үшін өткізгіш кесте

 

Жылдар Танаптар нөмірі
       
  пар К.қарағай 1ж + терек 1ж К.қарағай 2ж + тал 1ж
  К.қарағай1ж + терек 1ж К.қарағай 2ж + тал 1ж пар
  К.қарағай 2ж + тал 1ж пар К.қарағай 1ж + терек 1ж

 


Кесте 6 – сеппе бөлімнің ротациялық кестесі

 

Жыл дар Танаптар нөмірі  
               
  пар Қарағай 1ж Қарағай 2ж Шөптанапты жоңышқа Шөптанапты бетеге Қайың 1ж +Қараған 1ж Қайың1ж + Үйеңкі 1ж
  Қарағай 1ж Қарағай 2ж Шөптанапты жоңышқа Шөптанапты бетеге Қайың 1ж +Қараған 1ж Қайың1ж + Үйеңкі 1ж пар
  Қарағай 2ж Шөптанапты жоңышқа Шөптанапты бетеге Қайың 1ж +Қараған 1ж Қайың1ж + Үйеңкі 1ж пар Қарағай 1ж
  Шөптанапты жоңышқа Шөптанапты бетеге Қайың 1ж +Қараған 1ж Қайың1ж + Үйеңкі 1ж пар Қарағай 1ж Қарағай 2ж
  Шөптанапты бетеге Қайың 1ж +Қараған 1ж Қайың1ж + Үйеңкі 1ж пар Қарағай 1ж Қарағай 2ж Шөптанапты жоңышқа
  Қайың 1ж +Қараған 1ж Қайың1ж + Үйеңкі 1ж пар Қарағай 1ж Қарағай 2ж Шөптанапты жоңышқа Шөптанапты бетеге
  Қайың1ж + Үйеңкі 1ж Пар Қарағай 1ж Қарағай 2ж Шөптанапты жоңышқа Шөптанапты бетеге Қайың 1ж +Қараған 1ж
                   

 

 


1.4.3 Әртүрлі ауыспалы егіс танаптарындағы жыл сайын топырақ өңдеу

 

Топырақты өңдеу. Топырақ қара, ерте немесе сидеральды пар жүйесі арқылы өңделеді. Қара пар шөп немесе күзде қазылатын екпе көшеттер өсірілген жер, ал ерте парға тозуға бейімді немесе екпе көшеттер көктемде қазылып алынған учаскелер белгіленеді.

Негізгі жырту соқамен (шым аударғышы бар) жүргізіледі. Себу бөлімшесіндегі қара пар өңделген қабатының құнарлығын ескере отырып, ір тұқымбақ үшін жырту тереңдігі белгіленеді.

Топырақтың осы қабаттарының қуаттылығы шамалы болған жағдайда құрама айдау әдісі қолданылады. Топырақтың жоғарға қара шірік қабаты аудара жыртылады, ал төменгісі қопсытылады, бірақ үстіне шығарылмайды. Себулік бөлімшесіндегі жалпы жырту тереңдігі 30 см, ал қалемшелі және аналық плантацияларда 30-40 см құрайды. Жаз бойы сүрі жер таза (арамшөпсіз) күйінде сақталады. Ол үшін қопстыу жұмыстарын гербицидтерді енгізумен (көп жылдық арамшөпті жою үшін) кезектестірген жөн. Күзде сүрі жер қайта айдалады да негізгі оргаминералдық тыңайтқыштар енгізіледі.

Топырақты сүрілеу кезінде суарып тұрған жөн (жойылатын арамшөптің өніп шығуы үшін). Сидерат себудің алдында топырақ ерте айдау жүйесі бойынша өңделеді (20-22 см). Жасыл массасы максимальды жиналған кезде сидерат 27-30 см тереңдікте айдалып жабылады. Оның топырағы сәл нығыздалып, делегейлі тырмамен ұсатылады да минералды тыңайтқыш шашылады. Содан кейін топырақ қопсытылған және таза күйінде сақталады. Арамшөп пайда болған кезде топырақ үш рет суарылады: себу алдындағы, вегатциялық және жасыл масса айдалғаннан кейін. Себу алдындағы өңдеу қопсытып тырмалаудан тұрады. Сондай-ақ топырақтың беткі қабатын тегістеу үшін сүйреткілеу жүргізіледі.

Аналық терек плантациялары үшін топырақ бір жылдық пар жүйесі бойынша дайындалады. Оған сүдігер жырту (27-30 см тереңдікке) мен ерте көктемгі тырмалау, 3 мәрте қопсыту (тырмалаумен қоса), ылғалдылықты ерте көктемде жабу, себу алдындағы жырту (тырмалаумен қоса) жұмыстары жатады. Құмдауыт топырақтың беті қатып қалуы мүмкін, сондықтан оны болдырмау үшін мына шаралар атқарылады: негізгі айдаудың алдында органикалық тыңайтқыштар шашу, егілім жолақтарының бетін жабу, суарылғаннан кейін топырақты қопсытып тұру. Бұл жұмыстарда доңғалақты тракторлардың орнына шынжыр табан тракторлар қолданған жөн (топырақ нығыздалмауы үшін).

1.4.4 Тыңайтқыштар, гербицидтер, улыхимикаттар

Топырақ өңдеуде химиялық заттарды қолдану. Арамшөптерді, әсіресе көп жылдық жоюға жұмсалатын күшті азайту мақсатында, орман тұқымбақтарында соңғы уақыттарда химиялық әдіс–гербецидтер кеңінен қолданылады.

Тұқымбақтарда парлы танаптарда арамшөптермен күрескенде жалпы жою әрекетті гербицидті – аминді 2,4Д тұзын, далапон, үшхлорацетат натрийі, карбатион қолданылады.

Гербицидтердің әрекет ету сапасына байланысты әр түрлі өңдеу мерзімдерін қолданады. Үшхлорацетат натрийі (ҮХА) өсімдікке тамыр және жапырақ арқылы енеді. Сондықтан олармен парлы танапта арамшөп шыққанға дейін немесе шыққаннан кейін өңдейді. Бірақта, үшхлорацетат натрийді тек қана жеңіл және орташа механикалық құрамды топырақта қолдануға болады. Оның белсенділік мерзімі – бір жыл шамасында. Ауыр топырақтарда үшхлорацетат натрийі өсімдік үшін концентрациясы ұзақ мерзімде сақталуы мүмкін, сондықтан оны қолдануға ұсынбайды.

Далапон өсімдікке жапырақ арқылы әсер етеді, сондықтан оны бірінші вегетациялық кезеңнің жартысында өсіп кеткен арамшөптерге барлық топырақтар түрлерінде қолданады. Далапонның белсенділік мерзімі – 1,5–2 ай.

Аминді 2,4Д тұзының әсері далапонға ұқсас. Сондықтан оны өсіп кеткен арамшөптерге шанақтануға дейін қолданады.

Гербицидті су ертіндісі немесе суспензия түрінде 500–600 л/га шығынымен қоданады. Өсіп кеткен арамшөптерді өңдегенде 0,2℅ концентрациялы белсенді–бетті заттар ОП–7, ОП–10-ды қосуға болады. Тұқымбақтағы парлы танапта арамшөптермен күресуде гербицидтер көмегімен келесі түрде жүргізіледі.

Орманды аймақта: ерте көктемде – таза парда арамшөптер өспей тұрған кезде дискті немесе қопсыту жолымен 30–50 кг/га мөлшерде үшхлорацитат натрийін енгізеді. Мамыр аяғында немесе маусым басында, арамшөптер өскеннен кейін, оны далапон ертіндісімен (10–20 кг/га әрекетті зат) және 2,4Д тұзымен (1–2 кг/га әрекетті зат) бүркейді; 3–4 аптадан соң – қопсыту жүргізеді.

Орман–далалы және далалы аймақтарда өсіп кеткен арамшөптерге қарсы 2,4Д тұзы (1–3 кг/га әрекетті зат) немесе далапон (10–15 кг/га әрекетті зат) қолданады.

Дәрінің белсенділігінің ұзақтығын ескере отырып орманды аймақта үшхлорацитат натрийін көктемгі егуде маусымның екінші жартысына дейін қолданады, күзгі себулерде үшхлорацитат натрийін енгізбейді. Далапонмен соңғы өңдеуді бұл аймақта маусымның ортасына дейін, далалы аймақта шілденің ортасына дейін жүргізеді. 2,4Д тұзын себу алдында бір ай бұрын қолдануға болады. Ашық–қызғылт топырақтарда далапон және 2,4Д тұзының белсенділік мерзімі 2,5–3 айға дейін созылады.

Карбатион топырақтың залалсыздандыруы болып табылады. Ол топырақта болатын саырауқұлақтарды, бактерияларды, нематодтарды, жәндіктерді, арамшөптердің тамырлары және тамыр сабақтарын, олардың тұқымдарын жояды. Карбатионды 500–600 кг/га әрекетті зат мөлшерінде енгізеді, дәріні 20 см тереңдікте жыртады немесе фрозамен топырақты тығыздайды. Карбатионның белсенділік мерзімі топырақтың түріне, температураға және ылғалдылыққа байланысты болады.

Жазғы және күзгі себуде топырақты карбатионмен өңдеуді 3–4 апта бұрын жүргізуге болады, ал отырғызу үшін – 1,5–2 ай бұрын. Топырақты карбатионмен берік өңдеу күзгі (қыркүйекте–қазанда), көктемгі себу және отырғызу жүргізгенде болады.

Жасыл парда көп жылдық арамшөптер өсетін болса, жаппай массада жыртудан кейін топырақты аминді 2,4Д тұзымен (1–2 кг/га әрекетті зат мөлшерінде) өңдейді. Жолдарда, арықтарда, суару каналдарында өскен арамшөптерге қарсы үшхлорацитат натрийімен (100–200 кг/га әрекетті зат), симазинмен (15–20 кг/га әрекетті зат) және т.б. заттармен өңдейді.

Гербицидтерді тракторлі бүріккіштермен енгізеді. Аудандарға енгізілетін гербицидтер мөлшерін (1) формуламен есептеп шығарады:

К = П(Д:С)100 (1)

Мұнда, К – қажетті дәрінің мөлшері, кг.

П – өңделетін аудан, га.

Д – дәрінің ұсынылған мөлшері, кг/га.

С – дәрідегі әрекетті заттардың мөлшері, ℅.

Парлы танапты өңдеуге қолданатын дәрілерде үшхлорацитат натрийде 70, аминді 2,4Д тұзында 40, далапонда 85, карбатионда 40℅ әрекетті заттар болады.

Тыңайтқыш түрлері, оларды енгізу мерзімі және мөлшері. Тыңайтқыштардың органикалық, органо–минералдық және бактериялық түрлері болады. Органикалық тыңайтқыштар құрамына кіретіндер: көң, садыра, шымтезек, әр түрлі аралас–қордалар, шымтезекті–көң, шымтезекті–зәр-нәжіс, жерлі–шымтезек, жерлі–көң. Барлық органикалық тыңайтқыштар ұзақ әрекетті жоғары тиімді тыңайтқыштар кешені болып табылады. Мысалға, көң енгізгеннен кейін 2–3 жыл әсер етеді, ал Сібір аудандарда 4–5 жыл.

Қазіргі уақытта орман тұқымбақтарында топырақтарға органикалық тыңайтқыш ретінде шымтезек және қордалар, және осылар негізіндегі тыңайтқыштар кеңінен қолданылады.

Тұқымбақтың парлы танаптарында шымтезекті таза түрінде тыңайтқыш ретінде қолданады. Ойлы шалшықтарда шымтезекті қышқылдығы рН 4,5–5,0-тен төмен емес, шіру көрсеткіші 40℅ және одан жоғары және күлділігі 10℅ асатын түрінде қолдануға ұсынылады.

Араласқан қорданны дайындағанда шымтезек төсеніштері немесе қарашірік 10–30 см қалыңдықта төселеді. Үстінен 15–30 см қалыңдықта әр түрлі қалдықтар, содан соң 15 см қалыңдықта шымтзек және 3–5 см топырақ салынады. Содан кейін тағы да қалдықтар қабаты төселеді және солай қайталанады. Қышқыл топырақтарда сөндірілген әк (15℅), тоқпақ бор, әктас немесе басқа әк қалдықтары (2-3℅), күл (3-4℅) қосылады. Үйме үстін 10 см аз емес топырақ немесе шымтезек қабатымен жабады.

Шымтезекті–көң қордасын дайындау үшін 20–30см қалыңдықта шымтезекпен көңді кезектестіріп салып отырады. Көңнің бір таразды бөлігіне жақсы желдетілген шымтезектін 1–3 бөлігін алады.

Жерлі–шымтезек қордасын дайындау үшін, ылғалды шымтезекті (50–60℅ ылғалды) шымды жермен 6:4 қатынасындағы көлемде араластырады, 1–2℅ фосфорлы ұн қоса отырып, 2–4℅ әк немесе зәр–нәжіс сұйықтыққпен (1–2 бөлігі) суарады.

Жерлі–көң қордасын дайындау үшін, гумусты жерлі көңді (10–30℅ салмағы бойынша) қатарлап салынады да және садырамен суарылады.

Кейбір жағдайларда тұқымбақтардың топырақтарына тыңайтқыштармен бірге селбесу топырағын енгізеді. Онда саңырауқұлақтардың кейбір түрлерінің мицелийі болады, ол ағаш тұқымдарының тамырларында микроз құрады, өсімдікті қамтамасыз ететін топырақтағы қоректік заттарды және суды сорып алады. Мысалға, қарағай және балқарағай жақсы өсу үшін қызыл шыбынжұт, қою–сары мүкқұлақ, кеш майқұлақ микрозалары болу қажет, ал емен үшін–ақ саңырауқұлақ және т.б. болу қажет.

Орман тұқымбақтарында органикалық тыңайтқыштармен қатар минералды тыңайтқыштарда – азотты, фосфорлы, калийлі және басқалары қолданылады. Азотты тыңайтқыштардың ішінде ең жие қолданылатындар: амиакты селитр (азот қышқылды аммоний), аммоний сульфаты (сұр қышқылды аммоний), натрийлі селитр (азот қышқылды натрий), карбамид; фосфорлылар – суперфосфат, фосфорлы ұн, томаскүлі; калийлілер – хлорлы калий, сильвинит. Жақсы фосфорлы – калийлі–кальцийлі минералды тыңайтқышы күл болып табылады, әсіресе калийге кедей қышқылды құмтышқанды және құмайт топырақтарда тиімді болып келеді. Минералды тыңайтқыштарды бір–бірімен араластыра беруге болады, егерде олардың физикалық қасиеттері нашарламаса немесе қорлы заттың азайымы болмаса.

Органо–минералды тыңайтқыштар жақсы үгітілген органикалық тыңайтқыштардан (шірінділер, қордалар, шымтезектерден) және ұнтақ түріндегі суперфосфаттан дайындалады.

Орман тұқымбақтарында шымтезекті минералды тыңайтқыштар (ШМТ) және шымтезекті минералды–амиакты тыңайтқыштар (ШМАТ) кеңінен қолданылады.

Шымтезекті минералды тыңайтқыштар – бұл шымтезектің калий және фосфор тыңайтқышымен қоспасы, кейбір жағдайларда қатты азот қосылады. Шымтезекті минералды тыңайтқыштарды дайындау үшін 50–60℅ ылғалдылықты, шіру көрсеткіші 15–20℅, күлділігі 25–30℅ және одан төмен, қышқылдылығы 2,5–5,8 рН, 1 тонна кептірілген терең қопсытылған шымтезекке, 20–21 кг фосфор ұнын, 6–7 кг хлорлы калий және 10–45 кг әктасты ұн, шымтезектің рН байланысты қосылады.

Шымтезекті минералды–амиакты тыңайтқыштар – ылғалдылығы 50–60℅, шіру көрсеткіші 15℅ аз емес, күлділігі 25℅-тен көп емес және қышқылдылығы 2,5–6,0 рН шымтезекке, 20–30 кг сулы техникалық аммиакпен, 21–30 кг фосфорлы ұнмен және 7–10 кг хлорлы калий қосындысы түрінде болады. Қоспаны дайындағаннан кейін, ол 1,5 ай қалдықтарды қордаландырады.

Шымтезекте және шымтезекті минералды тыңайтқыштарда арамшөптер тұқымы, дерттену бактериялары және басқа организмдердің болуы мүмкін, соған байланысты шымтезек және шымтезекті минералды тыңайтқыштарды карбатионмен 1 тоннаға 200–350 г. мөлшерде дәрілеу ұсынылады. Дәрілеудің ең аз мөлшері жазда енгізіледі, ал жоғарғысы – ерте көктемде немесе күзде енгізіледі.

Минералдық, органикалық және органо–минералдық тыңайтқыштардан басқа бактериялды тыңайтқыштар: азотибактерин, нитрагин, АМБ, фосфорлы–бактерин қолданылады.

Оңтүстік орман–далалы, далалы және шөлейт суармалы тұқымбақтарында азот тыңайтқышының мөлшері берілген. Егер суармалау болмаса оларды 1,5–2 есе азайту керек.

Орман–далалы және далалы аймақтарында орман ағашының тұқымдарының өсімін жақсарту үшін тұқымбақ топырағын микоризамен зақымдау жүргізіледі. Сәйкесінше екпелерден алынған микрозды жерлерді (өсіретін түрге байланысты) себу алдында 2–3 т/г енгізіледі.

 

Кесте 7 – Орман–далалы, далалы және шөлейт аймақтарында тұқымбақ топырақтарында органикалық тыңайтқышты енгізу мөлшері.

  Орман өсу аймағы Топырақтың механикалық құрамы Тыңайтқыш мөлшері, т/га
Кептірілген шымтезек Көң
Солтүстік орман даласы жеңіл 60-80 20-30
күрделі 40-60 30-40
Оңтүстік орман-даласы және солтүстік даласы жеңіл - 20-30
күрделі - 30-40
Құрғақ дала және шөлейт жеңіл - 15-20
күрделі - 20-30

 

Минералды тыңайтқыштарды енгізу мөлшері (2) формула бойынша анықталады:

Х =(а*100):б (2)

 

Мұнда Х – минералды тыңайтқыштың жұмсалу мөлшері, кг/га.

а – қоректенуге керекті қор мөлшері, кг/га.

б – қолданылатын минералды тыңайтқыштағы әрекетті заттардың шамасы.

Әкті және гипсты тракторлы шашыратқышпен: 1–РМТ–4, НРУ–0,5; органикалық тыңайтқыштарды – 1 ПТУ–4, РОУ–5, РУШ–0,8; минералды тыңайтқышты – тыңайтқыш сепкішпен енгізеді.

1.4.5 Көшет материалдарын өсіру

 

Date: 2016-07-05; view: 1388; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию