Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тікелей жедел шығындарды есептеу
Ақшалай құнын есептеу үшін тікелей шығындарды (жұмысшылардың төлем ақысы, төлем ақыға есептеп қосу, тракторлар мен жабдықтардың машино-смен бағасын төлеу, сондай-ақ тыңайтқыштар, улы химикаттар, тұқымдар және т.б) сандық көлемін, яғни қажет адам/саны, машино-смен, материалдар есептеу керек. Өндіруші ауданның немесе питомниктік басқа да бөлімінің 1 га-дағы шығындарына 3 техникалық есептеу картасы толтырылады: · бір ағаш түрінің сеппесі үшін · тікпелер өсіру · аналық плантация құру Сеппе бөлімі үшін ТЕК өңдеу мысалы: · Себу сүлбесі 25-25-25-25-50 · Себу жолы 1 га – 33,3 қума м · Қума жол ұзындығы – 188-154 м · Топырақ өңдеу дәрежесі - жеңіл Топырақ дайындау. Жұмыстар ауыспалы егіс схемасына, тұқым себу мерзіміне, сондай-ақ алдыңғы ағаш түрінің сеппелерін қазып алу мерзіміне байланысты болады. ТЕК-да қара пар құрудағы барлық жұмыстар кешені көріну керек; парды негізгі сүдігер өңдеу, бір вегетациялық кезең бойы пар ұстау жұмыстары, пар аудару, қар тоқтату, егер ағаш түрі ауыспалы егіс схемасында пардан кейін болса, себу алдында топырақ дайындау. Егер ағаш түрі шөптен кейін болса, ТЕК-да шөп себу үшін топырақ дайындау, шөп тұқымдарын себуге дайындау, шөп тұқымдарын себу және шөптесіндерді өсіру мерзімі бойы күту жұмыстары (суару, шөп шабу және т.б.), шөп өсіріп болғаннан кейін топырақ өңдеу бойынша жұмыстары қарастырылады. Егер себу алдыңғы ауыспалы егістегі ағаш түрінің сеппелерін қазып алудан (күзі немесе көктемгі) кейін жүргізілсе, жұмыстар тізімі минималды қысқарады – жырту, тырмалау және топырақ бетін себу алдында жоспарлау. Техникалық картаны есептеу үшін қосымшалар пайдаланылады. Тұқым себу. Берілген бөлімде тұқымдарды себуге дайындау бойынша (стратификация, суландыру, қарлау және т.б.), себу бойынша (механикалық себу немесе жүйектер құру), себінділерді жабындылау бойынша жұмыстарды жоспарлайды. Сеппелерді күту. Вегетациялық кезең бойы сеппелерді күту бойынша барлық жұмыстар ескеріледі: сеппелерді қалқандармен көлеңкелеу, суарау, сеппелерді қоректендіру, арамшөптермен күрес, сеппелердің ауруын және зиянкестермен зақымдануын тоқтату бойынша жүргізілетін шаралар. Көшеттерді қазып алу: Жер өңдеу немесе сеппелерді қолмен қазып алу, топырақтан іріктеу, есепке алу, сұрыптау, уақытша сақтауға көму. Осымен сеппелерді өсірудің ТЕК құру аяқталады. Форма 1 - Қарағай жылдық сеппелерін 1 га өсіру үшін техникалық – есептік карта № 1
Осыдан кейін ТЕК бойынша жұмыстарды орындау кезіндегі шығындардың барлық элементтері, жабдықтар мен механизмдер, материалдар, сондай-ақ орманшаруашылық жұмыстарды орындайтын жұмысшылардың тарифты тор разрядтары келтіріледі, сеппелерді өсіру шығындарын іріктеу құрастырылады (форма 2). Бірлік шығынның құны (3 баған) 14 қосымшадан алынады.
2-форма – қарағайдың 2 жылдық сеппелерді өсіргенде №1 ЕТК бойынша шығымды таңдау.
Ескерту: жұмыстың құны (3 баған) тек курстық жобаға арналған
|