Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Балаларда описторхоз ауруының кездесуі





Балаларда описторхоздың бастапқы сатысында жіті аллергиялық ауру түрінде өтеді, әлсіздік, бас ауруы, іштің ауруы. Инвазиядан кейін 14 – 26 күннен кейін 38º-39º қызба болуы мүмкін. Қызба 8 күннен бір жарым айға дейін жалғасады. Көптеген балаларда бауыр көлемінің ұлғаюы байқалады. Жоғары қызбадан басқа, бас ауруы, бұлшық ет, буын ауырсыну, теріде полиморфты қызба, гепатолиальды синдром, кейде сарғаю кездеседі. Жіті сатысында өкпенің зақымдалуы, астмоидты бронхит пайда болады. Описторхозбен инвазирленген адамдарда бронхитті астманың дамуы маңызды орын алады. 1 – 3 жас аралығында описторхозбен ауырған балаларда тәбетінің төмендеуі, физикалық дамуының төмендеуі байқалады. Бақылау барысында тері құрғақ дене салмағының үлесі 20% төмендеуі байқалады. Балаларда жүректің функционалдық систолалық шум, брадикардия байқалуы мүмкін. Бауырдың ауырсынуымен қатар оның көлемі 2-3 см дейін ұлғаяды. Гемоглабин деңгейі 90-100 гл төмендейді. Эозинофил 15%-ға дейін төмендейді. ЭТЖ 20мм/с дейін көбейеді. Өтте описторхоздың жұмыртқалары табылады, билирубин 0,6ммоль/л дейін көтеріледі. 8- 12 жас аралығындағы балаларда іш ауырсыну, оң жақ қабырға асты және эпигастра аймағының локализацияланған ауырсыну, бұл ауырсыну физикалық әрекеттен кейін және тамақтанған соң дамиды. Әрдайым диспепсиялық бұзылыстар – тәбеттің жоғалуы, лоқсу, жүрек айнуы, асқазан қыжылы, майлы тамақты қорыта алмауы болады. Балаларда көбінесе бас ауруы, бас айналуы, тез шаршау, жылауық болуымен көрінеді. Объективті бақылауда тері жабындылары бозғылт болады. Көп балалар физикалық дамудан қалып отырады. Брадиардия, жүрек шумағының систолалық шу, жүрек тонының бітелуі болады. Бауырдыі 2-3 см қабырға жағынан ұлғаюы байқалады. Описторхозбен ауырған балалар диспансерлік бақылауда болады. Бақылау №30 нысанды құжат бойынша жүргізіледі. Мұнда гельминтологиялық зерттеу жылына 2 рет жасалады, қарау (бірінші жылы квартал сайын, одан кейін жылына 2 рет). Жылына 1-2 рет капрограмма, өтті биохимиялық зерттеу, дуоденалды зонттау жүргізіледі. Реабилитациялық терапияны бірінші жылы квартал сайын өт болу жүйесінің моторлы – тоникалық қызметіне қарай жүргізіледі, одан кейін жылына 2 рет қайталап жүргізеді. Описторхозбен науқастанғандар стоматолог, отоларингологқа жылына 2 рет қаралуы тиіс. Науқасты есептен шығару нәжісті паразитке тексеру, және өт болу жүйесінің дуоденальді құрамы мен қызметінің қалыпты болғанда жүзеге асырылады. Созылмалы описторхозбен ауыратын балаларда 3 клиникалық синдром анықталады:

1. Ауырсыну

2. Диспепсиялық бұзылыстар

3. Астено-вегетативті синдром

Клиникалық көрінісіне диспепсиялық анықтаулар: тәбет төмендігі, жүрек айну, лоқсу, құсу, саливация, іш қату. 60 % балаларда оң жақ қабырға асты ауырсыну және эпигастра аймағы ауырсыну байқалады. Бұл ауырсынулар қысқа уақытта бір ауырып, бір қоятын, шаншып ауыртады. Ауырсыну физикалық іс-әрекеттен соң пайда болады. Балалар көбінесе жүректің ауыруына шағым жасайды, субфебрилитет, артралгия, тері жабындысы бозғылт болады. 30% балалар физикалық дамудан қалып отырады. 84% балаларда холициститтің симптомдары (Маккензи, Алиев), солайда эритативті Кера, Мерфи, Ортнера симптомдары көрінеді. Описторхоз балаларда асқорыту жүйесінің зақымдалуымен жүреді, 20% гипоцитті жағдай 1,5% гиперацитті және 78,8% асқазан сөлінің қышқылдығы қалыпты қалады.

 







Date: 2016-07-05; view: 1080; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию