Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Анықтамасы және қысқаша тарихи мәліметтер





Описторхоз - бұл табиғи-ошақтық зооантропоноз. Қоздырғышы трематодоздар класына жататын, ішектен тыс, нәжіс-ауыз механизмі арқылы берілетін, табиғи-ошақтық биогельминтоз, оған аурудың созылмалы өтуі, көпшілігінде бауыр-өт жүйесі мен ұйқы безінің зақымдануымен сипатталады. Описторхоз түрлі интенсивті ошақтарда таралған. Описторхоз ошағының қалыптасуы көптеген факторларға байланысты: аралық иесінің тіршілік етуіне қолайлы табиғи-климаттық- су қоймалырының болуы, су қоймалырының жалпы санитарлық қоқыстармен ластануы және адамдардың шикі, аз тұздалған балықты жеу әдеті.

Клиникалық описторхоздың жедел фазасында токсико-аллергиялық синдром, ал созылмалы фазада- гепатопанкреатитті және басқа мүшелердің зақымдалуының белсенділігімен сипатталады. Описторхоз ұзақ ағыммен, жиі асқынумен, басқа аурулардың ағымын тежеумен, іш сүзегінің және бактерия тасымалдаушылықтың қалыптасуына соқтырады және біріншілікті бауыр ісігі пайда болу мүмкін. Описторхозбен Европалық аймақтарда, Оңтүстік-Шығыс Азияда және Батыс Тұнық мұхиті аймақтарында 17 млн. адам ауырған, зақымдалу қауіпі 350 млн. адам. Описторхоз бен клонорхоздың клиникалық көрінісі бауырдың өт жолы мен ұйқы безінде осы гельминттердің паразиттеуімен сипатталады. Описторхоз бен клонорхоздың байланысы холангиокарцинома мен холелитиаздың дамуына байланысты.

Описторхоздың өт жолдарында және бауырда мекендейтін сорғыштар тобына описторхоз және клонорхоз аурулары жатады. Бұл сорғыштардың өт жолдарында ұзақ уақыт паразиттеуінен өттің өтуі және қан айналымы нашарлайды, 15-20% бауырдың циррозы немесе қатерлі ісік ауруына айналуы мүмкін.

1891 жылы 3 сәуірде Томск университетінде К.Н. Виноградов патологоанатомиялық ашуда бірінші рет адамның бауырында сорғышты тапты, ол оған “екімұртты сібір сорғышы” деген ат берді. Кейіннен 1884 жылы италияндық ғалым С.Риволта дал осы сорғышты мысықтың бауырында тапты. Алайда, Ривольта тапқан трематодттың түрін анықтай алмады. Паразиттің дұрыс системалық сипаттамасын 1885 жылы Р. Бланхарт құрды. Ол оған Opisthorchis felineus ат берді. Осылай ауру описторхоз атына ие болды. Браун 1893 жылы описторхоз кез-келген жерде емес, тек су қоймалырында болады деп тұжырым жасаса, ал Асканази 1904 жылы описторхозбен зақымдалу балықты жеген кезде пайда болады деп тәжірбелік түрде бекітті. К.Н. Виноградов сібірлік екімұрттардың аралық иесі моллюскалар деп тұжырымдады. Неміс ғалымы Ганс Фогель 1932 жылы O.felineus -тің даму кезеңіне Bithynia leachi моллюскалары кіреді деп тәжірибеде дәлелдеді. 1967 жылы Я.И Старобогатов паразиттердің дамуына қатысатын жалғыз моллюсалар B.leachi деп бекітті. Қазіргі уақытты айтатын болсақ, бірінші аралық иесі сібір екімұрттарының орнына, битиниидты туыстығына кіретін Codiella-лар деп айтқан дұрыс болады.

 

Этиологиясы

Описторхоздың 2 түрі кездеседі (гректің opisten- артқы жағы және orchis – ұрық безі, артқы ұрық безі):

1-Opistorchus felineum - мысық немесе сібір сорғыш құрты.

2-Opistorchus viverini - вивера описторхозының қоздырғышы.

Описторхтың денесі жалпақ, ұзындығы 13мм, көлденеңі 1-3,5мм. Алдыңғы жағында екі сорғышы бар, артқы жағында екі ұрық безі, көптеген жұмыртқасы бар, жатыры цепеннің орта бөлігінде орналасқан. Жұмыртқалары өте ұсақ, домалақ, ұзындығы 26-30мкм. Бір шетінде қақпақ бар, басқа шетінде кішкентай төмпешік болады. Ересек Opistorchus felineum адам, мысық, ит, шошқа, қоян, түлкі, су тышқаны, ондатра, итбалықтың өт жолдарында және ұйқы безінде паразиттейді.


Жыныстық жүйесі- гермафродитті.

1.3 Даму кезеңі:

Ақырғы ие аралық ие (моллюск) қосымша аралық ие.

Ақырғы иесінің организмінде ересек паразиттер тәулігіне 1000 жуық жұмыртқа салады, өтпен ішекке түседі, нәжіс арқылы қоршаған ортаға шығады. Су қоймаларына түскен жұмыртқаларды аралық ие-моллюскі Bithynia жұтады, олардың ішегінде дернәсіл-мирацидий дамиды. Мирацидий моллюск ішегін тесіп артқы ішектің қасында орналасады, спороцистаға айналады. Дамуы моллюсканың бауырында жалғасады, 2 айдан соң церкарий пайда болады, ол шығып суда өз бетімен жүзеді. Кейінгі дамуы қосымша ие- балықтардың денесінде өтеді, олардың тіндерінде метацеркарийлер 2 жылға дейін өмір сүреді. Ақырғы ие метацеркарийлермен ластанған балықты жегенде жұқтырады. Адамның немесе жануардың ас қорыту жолдарына түскен метацеркарийлер 3 сағаттан кейін өтке, 5-10 сағаттан кейін-бауыр, ұйқы безіне жетеді, 3-4 аптада ересек сорғышқа айналады. Гельминт тәулігіне 900ге дейн жұмыртқалайды. Описторхоз мысықтың ағзасында 3 жылға дейн сақталады, адам ағзасында 15-25 жыл. Описторх өт жолдарының шырышты қабаттарымен, эпиьельалды жасушалармен, қанмен қоретенеді. Паразит қан жұту арқылы оттегімен қамтамасыз етіледі. Әр паразит қорытылған тағамдарды бүкіл денесімен сорады, қорытылған тағаммен бірге балалар дәрумендердің, ферменттердің, микроэлементтердің, темір және эритроциттердің бір бөлігін жоғалтады.

Моллюскі Bithynia

 

Даму кезеңі O. Felineus (по А.А.Слюсареву )







Date: 2016-07-05; view: 631; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию