Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Описторхоздың алдын алу алгоритмдері
Тамаққа шикі, шала піскен балықты пайдаланбау,тамаққа арналған балық тағамдарын (әсіресе осы инвазия бойынша эпидемиялық аймақтардан алынған) ауық-ауық зертханалық тексеру. Балықты описторхис метацеркарийлерімен ластанғанын тексеру үшін, балықты арқа қанатының бойымен терісін кеседі, теріден тазартқаннан кейін бұлшық етпен жұқа қабат алып, микроскоптын 10-20 есе үлкейтуімен тексереді. Тірң балықта личинкалар жақсы сақталады. Олар қозғалғыштарын сақтағандықтан, тез табылады. Балықты зертханалық тексеру, санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу. Инвазия көзін ерте анықтау, есепке алу, тіркеу, емдеу, диспансерлік бақылау. Описторхозбен күресу жағдайы медициналық жұмыскерлермен және халықпен тәуілді болады. Халықтың қорғалу деңгейі олардың профилактика әдісін білуі, санитарлық жағдайларды сақтауы, балықты дұрыс өңдеумен сипатталады. Үй жағдайындағы балықтың өңделуіне ерекше көңіл бөлінеді. Балықтың залалсыздандырылуы және өңделуі келесі әдістер арқылы кепілдік беріледі: 1. Балықты қайнатқан соң, 15-20 минут пісіру қажет. 2. Балықтан жасалған котлет, тефтель тағамдары 15-20 минут пісірілуі керек. 3. Балықтан жасалған пирог 60 минуттан аз уақыт пісірілмеуі тиіс. 4. 2 кг тұзға 10 кг балық тұздалады. 5. Балықтың тілімдері, ара жалпақ түрінде, 15-20 минут аралығында майдың көптеп қосылуымен ас жапқыштың ішінде қуырылады. 6. Балықты залалсыздаудың температурасы мен уақыты: - Минус 40 градуста 7 сағат; - Минус 35 градуста 14 сағат; - Минус 28 градуста 32 сағат. 7. Әрбір адам жеке бас гигенасын сақтау қажет әсіресе, “карпов” балықтар жанұясына қатаң өңдеу жұмыстарын жүргізу қажет; 8. Ыстық қайнату әдісі- +70-80 градуста -2-2,5 сағат болу керек; 9. Балықты бөлген тақтайшаларды, өңдеген ыдыс-аяқтарды ыстық сумен жуып, содан соң тұрмыстық сабынмен жуу керек. Сонымен қатар дененің барлық жерінде температураның бір қалыпты төмен болуы маңызды, себебі паразиттің барлық жұмыртқалары өлмеуі мүмкін. Описторхоздың жұмыртқалары төмеңгі температураға өте төзімді болғандықтан, оның жоғарғы температурада қатыру әдісі, балықтың залалсыздануына кепілдік бермейді. Тұрмыстық тоңазытқышта метацеркарии бір айдай уақыт өмір сүреді. Балықты залалсыздандыру үшін аралас қатты және орташа тұздау әдісін қолдану қажет. Сонымен қатар тұздау уақыты болу керек: - Пескаря, уклеи, гольяна, верховки балықтары - 10 тәулік; - Плотвы, ельца, шиповка, линей балықтары – 21 тәулік; - Үлкен (25 см жоғары) язей, лещей – 40 тәулік; Паразиттің ары қарай таралмауы үшін су қоймаларына және қоқыстарға балықтан жасалған тағам өнімдерін тастамау керек, сонымен қатар жануарларға залалсыздандырылмаған тамақтарды бермеу қажет. Ең басты және маңызды мәселенің бірі өсіп-келе жатқан жасөспірімдердің санитарлық мәдениетін тәрбиелеу. Мектеп мұғалімдері описторхоз жөнінде білу және олардың қауіпті екенін балаларға, олардың ата-аналарына айтып отыру. Тамақтану бөліміндегі жұмыс істейтін адамдар описторхоздың профилактикасын санитарлық минимумға бекітуі тиіс. Медициналық қызметкерлер описторхоздың әлеуметтік және экономикалық зардап әкелетінің білу қажет. Жұқтырылмағандарға қарағанда жұқтырған адамдар ас қорыту жүйесі аурулары бойынша 3 есе көп емханаға қаралады және 6 есе көп ауруханаға жатқызуды қажет етеді
Date: 2016-07-05; view: 435; Нарушение авторских прав |