Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Описторхоздың эпидемиологиялық үрдісінің сипаттамасы





Инвазия көзі ақырғы иелері- адам, үй жануарлары және жабайы аңдар. Басты инвазия көзі ретінде өзен мен көл аймағында тұратын адамдар. Таратушы ретінде үйдегі ет қоректі ит пен мысық маңызды. Берілу механизмі-нәжіс-ауыздық, берілу жолы-алиментарлы, берілу фаторлары- описторхпен ластанған балық тағамдары- шикі, аз тұздалған, кептірілген, шала пісірілген, аз қуырылған балық. Аралық иесі-тұщы судағы желбезекті моллюскі. Қосымша (екінші аралық иесі)- балықтар: шабақ, сібір шабағы, сазан, тұқы, табан, мұртты балық.

Инкубациялық кезеңі: 2-4 апта

Описторхоз- табиғи ошақтық инвазия.

Opisthorchis felineus Ертіс өзені (Батыс Сібір, Қазақстан), Днепр, Еділ Двина, Неман өзендерінде жиі кездеседі. 2010 жылғы мәліметтер бойынша 33,657 адам описторхоз ауруымен тіркелген. Соның ішінде 17 жасқа дейінгі балалар 4571 адамды құрайды.

Opisthorchis viverrini тудыратын описторхоз тропикалық елдер Тайланд, Лаос, Камбоджа, Малайзия, Индия және т.б тұрғындарының арасында кең таралған. Сонымен қатар, бұл инвазияның таралуы бірыңғай емес, ол қосымша ие түрі балықтардың таралуына байланысты.

Мысалы, Сібірде тұқыларға жататын шабақ көп жағдайда O.felineus- пен залалданған. Дунай суларында описторхозды таратуда шабақпен линьнін маңызы үлкен, Голандияда- густера, шабақтар. Инвазия (метацеркарийдің) мөлшері тұқылар арасында 10%-нан 95% дейін ауытқиды және балық түрлерінің қабылдағыштығына байланысты. Қазақстанда тұқылардың ең жоғарғы залалдануы Ертіс, Тобыл, Есіл өзендерінде байқалады. Бұл өзендердің алабы табиғи ошақтық аймақ, ондағы тұрғындардың описторхозбен залалдануы 30-50% жетеді. Ақмола, Павлодар, Қостанай,Жезқазған, Семей, Торғай облыстарының аумағы адамдардың осы инвазиямен сырқаттанушылығына бейім қолайсыз аймақ болып табылады. Описторхоздың эпидемиялық үрдісі паразитарлық жүйенің күрделілігімен анықталады. Даму циклі мына бағытта өтеді: көптеген ақырғы иелер – аралық иесі (моллюска) – қосымша (аралық) иелері(карптардың әр түрлері). Осы жүйенің әр бөлігі эпидемиялық процестің көріністеріне әсер ететін табиғи, шаруашылық және әлеуметтік факторлармен әрекеттеседі. Қазақстанның кейбір аймақтары жоғары эпидемиялы болып есептеледі (инвазия айналымының мөлшері 85% және одан да жоғары). Мысалы, республика бойынша осы аурумен сырқаттанушылықтың 49,4 пайызы Ақмола облысының, ал 36,8 пайызы Павлодар облысының үлесіне тиеді. Описторхоз инвазиясы эпидемиялық процесс көріністерінің пәрменді пайда болуының бастапқы шарты – табиғи және әлеуметтік факторлар: тұқы тұқымдас балықтарға бай өзендер мен көлдердің болуы және олардың су қоймаларының тұрмыстық, коммуналдық қоқыстармен, кемелермен тез ластануы.

 







Date: 2016-07-05; view: 564; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию